Шартарап

Үш офицер 23 жастағы әріптесін бөлімшеде зорлаған

  • Жәбірленуші. Фото: Vesti.ru

    Жәбірленуші. Фото: Vesti.ru

Уфада полиция бөлімшесінде үш азамат әріптестерін зорлағаны үшін қамауға алынған. Әскери қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды interfax.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.


"Тергеу барысында анықталғаны: 30 қазан күні 23 жастағы қызды үш әріптесі полиция бөлімшесінде зорлаған. Полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық күдіктілер қамауға алынды. Олармен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлеріне қандай жаза қолданылатыны әлі белгісіз. Ал жәбірленушіге сот медициналық сараптамасы тағайындалды", - деп хабарлады Башқұртстан бойынша тергеу комитетінің баспасөз бөлімі.


"Комсомольская правда" басылымының мәліметінше, 23 жастағы жәбірленушінің заң университетін бітіріп, жұмысқа тұрғанына жарты жыл болған.


Бойжеткеннің әкесі де қаладағы беделді офицерлердің бірі екен.


Ал күдікті үш полицей бөлімшеде алкогольдік ішімдікке масайып алып, бөлімшеде басқа ешкім қалмағанын пайдаланып, жұмысын істеп жүрген аруды кабинетке шақырыпты.


Жас шамалары 51, 50 және 34-тегі лауазымды полицейлерден мұндай әрекетті күтпеген қыз олардың шақыртуына еш қорықпастан барғанын айтады.


Абыройлы қызметкерлер зорлық әрекетке барды дегенге өзге әріптестері де сенбей отыр. 




Көрілген: 6420    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.11.2018, 12:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30