Шартарап

Ұшақ қонар кезде селфи жасамақ болған екі қыз ажал құшты

  • © Sputnik / Александр Кряжев

    © Sputnik / Александр Кряжев

Жас мексикалық қыздар ұшу-қону жолағында селфи жасаймыз деп қаза тапты.


Қонған ұшақтың қанаты қыздарды бір-ақ соғып, қос құрбы жан тапсырған, деп жазады Proceso интернет басылымы.


Оқиға Чинипас атты кішкентай қалада болды. 18 және 17 жастағы қыздар ат жарыстан кейін сол маңдағы әуежайға барады. Ницца Мендоса Коррал мен Кларисса Моркечо Миранда ұшу-қону жолағына шығып, ұшақтың қонғалы жатқанын көргенде, сол сәтті пайдаланып селфи жасамақ болған екен.


Селфи кезінде адамдардың ажал құшуы жыл өткен сайын көбейіп барады. Осы көрсеткіш бойынша әлемде Үндістан, Ресей және АҚШ көш бастап тұр. Бұл жайында Journal of Family Medicine and Primary Care журналы сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.


Зерттеушілер Үндістан елінің тұрғындары екен. Олар әлем жаңалықтарына мұқият талдау жүргізіпті. Сөйтіп, мынадай қорытынды жасаған: 2011 жылдың қазан айынан бастап 2017 жылдың қараша айына дейін әлемде 259 адам селфи кезінде қаза тапқан. Олардың жартысы – Үндістанда (159). Одан кейінгі кезекте Ресей (16), АҚШ (14) және Пәкістан (11).


Қаза тапқандардың орташа жас мөлшері – 23 жас. Ерлердің саны басым (72,5%). Бұған себеп суретке түсер кезде ер-азаматтар басын бәйгеге тігуден тайсалмайды екен.


Sputnik

 




Көрілген: 295    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.10.2018, 15:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30