Шартарап

Ұзақ жыл ауруханада істеген қызметкер 100 науқасты өлтіргенін мойындады

  • © Sputnik / Виталий Аньков

    © Sputnik / Виталий Аньков

Германияда бұрынғы мейіргер жүз науқасты өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды The Guardian. Ол сот отырысының алғашқы күні қылмысын мойындаған.


Тағылған айыптаулар рас па деген сұраққа Нильс Хегель иә деп жауап берді. "Айтқанымның бәрі шын", — дейді ол.


Судья Себастьян Бюерман айтқандай, отырыстың басты мақсаты — қылмыскердің қанша адамды өлтіргенін анықтау. "Шындықты білу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз", — деді ол.


Айыптауға сүйенсек, 2000-2005 жылдары ер адам Ольденбург қаласының ауруханасында 36 науқасты өлтіріпті, ал көрші Дельменхорстте – 64. Барлығы 130 адамның мәйіті қазылып, тексерілді. Тергеу материалдары бойынша, ол жансақтау бөліміндегі науқастарға адам өміріне қауіпті дозада екпе салып, "басшылығына адамдарды қалай тірілтуге болатынын және зерікпеудің амалын көрсеткісі келген".


Алғаш рет мейіргер 2008 жылы қастандық жасағаны үшін сотталыпты. Ол кезде жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Ал 2015 жылы бес және одан да көп тұлғаны өлтіргені үшін 15 жылға сотталды. Хегель психиатрға 30 кісіні өлтіргенін айтқан кезде, тергеу жалғасын тапқан.


Жалпы құрбандардың саны екі жүзге жететін көрінеді, алайда мұны нақтылау мүмкін емес, өйткені мәйіттердің көпшілігі кремацияланған.


Sputnik


 




Көрілген: 181    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.10.2018, 10:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30