Шартарап

Зейнеткердің өлімі: полициясы мысықтан күдіктеніп отыр

  • © REUTERS / Shamil Zhumatov

    © REUTERS / Shamil Zhumatov

Жапония полициясы 82 жастағы зейнеткерді мысық өлтірді деп күдіктеніп отыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға Кумамото префектурасында болды.


БАҚ-тың ақпаратынша, әйелдің мәйітін қызы тауып алған. Зейнеткердің бет-аузы 20 рет тілгіленген, кейбір жарасы терең болыпты.


"Оны тауып алғанымызда, бет-аузы қан-жоса еді. Не болғанын білмейміз», —дейді марқұмның қызы.

Полиция адам өліміне қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Құқық қорғаушылар зейнеткердің үйіне ешкім кіріп-шықпағанын айтады.


Кейінірек полиция әйелдің бетіндегі жара мысықтың тырнақ ізіне ұқсайтынына назар аударды.


Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, полиция тырнақтарында болжам бойынша адам қаны бар мысықты тапқан. Қан үлгісі сараптамаға жіберілді, нәтижесі әзірге хабарланбай отыр.


Sputnik




 




Көрілген: 615    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 12.11.2017, 19:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30