Алшын Шежіресі (Адам Атадан өзіме шейін)

Алшын Шежіресі (Адам Атадан өзіме шейін)

Кіші Жүз - Жетіру, Он екі ата Байүлы,
Кете (Байсары), Əлім, Шөмекей

АЛҒЫ СӨЗ
Қазақ елі егемендігін алғаннан кейін əміршіл-əкімшіл жүйе-
нің күйреуі, жаңа қоғамдық қатынастарға бетбұрыс, демокра-
тиялық өзгерістер қазақтардың өзінің өткенін, руы мен тегін,
тарихын, елінің бұрынғы өткен игі жақсыларын, батырлары
мен билерін, олардың халық алдындағы еңбегін бағамдауға кең
мүмкіндік туғызды. Осы кезеңнен бастап көңілі ояу, көзі қарақ-
ты қалам ұстаған ағайын өз елінің өткенін зерттеп, көнекөз қа-
риялардың ауызша айтқандарын жинастырып, ататек шежіре-
сін құрастырып топтап, тарихтың жаңа беттерін аша бастады.
Бүрын аты аталмай, беймəлім болып келген батырлар мен би-
лер, кейін ұмыт бола бастаган арыстар мен боздақтар туралы
жарияланымдар сөзіміздің айғағы. Қазір қазақтың жекелеген
ру-тайпаларының шежіресі тұс-тұстан баспалардан кітапша бо-
лып басылып шығарылуда. Дегенмен олар біріктіріліп, бір жүйе-
ге келтіріліп шығаруға əлі ертерек болып тұрғаны белгілі. Себебі
шежіре толық жиналмай, кейбір аталықтың таралымы толық
болмағандықтан, кейбір аталықтың ұрпақтары мүлдем қалып
қоюына байланысты тоқтатылып тұрғанға үқсайды. Осыған
дейін "Атамұра" баспасынан шыққан Хамит Мадановтың "Кіші
жүз шежіресі" атты кітабында Кіші жүз қазақтарының ататегі,
олардың ұрпақтарының таралуы, сонымен қатар этнография-
лық аңыз-əңгімелер мен тарихи тұлғалар туралы мол мағлүмат,
бай деректер берілген. Десек те автор бұл шежіренің толықты-
руды қажет ететінін, жинаған шежіренің айтып жеткізушілері-
нің қате жіберуі мүмкін екенін ескерткен. Егер бүл кітапты қол-
дарыңызға алып отырған Теңізбай Үсенбаев құрастырған "Ал-
шын шежіресі" еңбегімен салыстыра қарасаңыздар арадағы
айырмашылық мол екенін байқауға болады. "Алшын шежіресі"
кітабын да төрт қүбыласы түгел дүние деуге ертерек. Оқырман
ой-пікірімен əлі де толықтырылып, нақтылана түсеріне сенім
мол. Шежіре əңгімесінің қисынына, дəлелді жазылуына қарап
оқырмандардың өздері баға берер.
Т.Үсенбаев бүл шежірені 1956 жылдан бастап жинаған екен.
Шежіренің түп нұсқа негізін Кенжалыұлы Нағашыбай ақсақал-
дан алып, кейін əрбір рудың көнекөз қарияларынан сүрап то-
лықтырған. Бұл — үлкен төзімділікті қажет ететін ірі жүмыс.
Ойлы оқырман "Алшын шежіресін" оқи отырып, өзіне керегін
алады деп есептейміз.

(Жалғасын төменде оқиаласыз)

Аманжол САҚЫПҰЛЫ филология
ғылымдарының кандидаты

Толығырақ PDF сілтемесі арқылы оқиаласыздар!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста