Беріш руы

Беріш руы

БЕРІШ - қазақ рулары Беріш — қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, Кіші жүздегі байұлы бірлестігі құрамына енеді. Есенқұл, Қаратоқай, Жайық, Жаңбыршы, Себек, Бегіс, Есен аталарына таратылады. Беріш тайпалық бірлестігінің құрамына енген аталардың тарихы әріден басталады. Мәселен, Беріш тайпасының ең іргелі руы — Жайық. Ол өз есімін не Жайық өзеніне берген, не есімін Жайық өзенінен алған. Ал Жайық өзені болса, ол б.з. 2 ғасырынан бастап белгілі. 6 — 12 ғасырлар арасында көшпелілер батысқа жылжыса, 2 — 3 ғасырлар аралығында далалық өңірдің қуаңдануына байланысты олар шығысқа ойысып, Алтай өңіріне иек артқан.
Түркі қағандығы құрылатын 6 ғасырдың алдында жайықтардың Алтайда отырғаны туралы жанама дерек бар: Алшын (Ашина) түркілері Алтайға келгенге дейін жергілікті түркілер бас құдай ретінде үлкенге және оның қасиетті жұбайы Жайық (Дайық) Анаға табынған. Жайық — көне түркіше мейірімді, қайырымды деген сөз. Билік басына келген Алшын (Ашина) түркілері Жайық Ананы ысырып тастап, өздерінің қасиетті кейуаналары Ұмай есімін енгізген. Сөйтіп, Алшын (Ашина) түркілері мен Жайық Беріштері арасында келіспеушілік орын алып, Жайық Беріштің қағандық орталығынан кетіп, қарлықтарға қосылуына себепші болған.
Түркі қағандығының, әсіресе, екінші Шығыс Түркі қағандығының тарихында Беріш тайпасының Себек тармағы айтарлықтай із қалдырды. Соңғы кезде ғылыми айналымға енген деректер Қарлық одағының кейінгі түрікмен халқы мен қазақтың Беріш тайпасының тарихымен сабақтас екеніне көз жеткізе бастады. Жапон ғалымы И.Эцеди Қарлық хандығы үш тайпадан емес, төрт тайпадан құралғанын, ол төртінші тайпасының есімі Себек екенін дәлелдеген. Екінші Шығыс Түркі қағандығының іргетасын қалаған, ақылгөй Тонйұқық (Томукөк, Тоныкөк) Беріш тайпасының Себек тармағынан. Қытай тарихшысы Ма Шаңшу: “Тонйұқық — Алтайдағы Қара Ертісті мекен еткен қарлық елінің Сәбек тайпасынан шыққан адам” деп жазған (Қазақтың көне тарихы, Алматы, 1993, 116-бет).
• Беріш этнонимі 10 ғасырда парсы тілінде жазылған авторы белгісіз “Худуд әл-Әлем” деген жағырапиялық еңбекте де кездеседі. Онда “Мерке — елді мекен, онда қарлықтар тұрады, оған саудагерлер де қатынайды. Бұл екі елді мекеннің аралығын үш қарлық тайпасы қоныстанған, олардың есімі бистан, хайм, бириш” деп жазылған.
• Академик Ә. Марғұлан “Қазақтың жыр-аңыздары” атты кітабында 10 ғасырда Хазар хандығы негізінен екі тайпадан құрылған: бірі — Хазароғлы, екіншісі — Берішоғлы деп көрсетеді.
• Ал 11—12 ғасырлардағы орыс жылнамаларында половецтердің (қыпшақтардың) қатарында Буршевич ұрпақтары болғаны туралы айтылады.
• Араб, парсы саяхатшылары оларды Буржоғлы деп көрсеткен.
Оңтүстік орыс даласында Бурчевичер ең ұлы ордалардың бірі болып, Русь—Қыпшақ даласы арасындағы барлық саяси оқиғаларға белсене араласқан. Бұл кездегі Беріштердің ханы атақты қолбасшы Боняк болған. Орданың орналасқан мекені Днепр өзенінің сол жақ сағасы. Деректерде 10 — 11 ғасырлар аралығында Беріштердің Батыс тарапқа үнемі жылжи отырып, Днепрге жеткені аңғарылады. Днепрдегі Беріш ордасы 1245 — 1300 ж. Алтын Орданың әскербасы Ноғайдың қарамағында болды. 1300 ж. Ноғай өлгеннен кейін Алтын Ордадан шеттей бастаған оның жұрты ханның жарлығымен Еділ-Жайық арасына көшірілді. Ноғайлы ұлысының құрамында Беріштер де болды. Ноғайлы ыдыраған соң, 16 — 18 ғасырлар арасында Беріштер Кіші жүз қауымымен аралас-құралас түстікте Бұхардан бастап терістікте Мұғалжар тауына дейінгі жерлерді жайлаған. 17 ғасырдың 30-жылдарында олар Еділ — Жайыққа ентелеген торғауыт қалмақтарына қарсы күрес жүргізген. Мұғалжардан қалмақты Есет батыр өткізбеген. Беріш қауымынан Есетке ілесе ел қорғаған батырлары Ағатай, одан кейінгі дәуірлерде Жаубасар, Есболай, Итемген, Қара, Саржала батыр, Құлбарақ, Исатай мен Махамбет, сондай-ақ, Есет Қараұлы, Мұрат Мөңкеұлы сынды ақын-жыраулар шықты. Беріш тайпасының ұраны — Ағатай, таңбасы — жебе (<).[1]
Беріш руы қазақ тарихында ойып тұрып орын алатын ежелгі ұлы тайпалардың бірі. Бүкіл араб дүниесін уысында ұстап, Шыңғыс ханның әскеріне қарсы тұрып, оны жеңіліске ұшыратқан әлемдік деңгейдегі ұлы қолбасшы сұлтан Бейбарыстың өзі неге тұрады.

Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ
Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.
Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.
Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:

Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған жаман екен,
Қара көзден мөлдіреп жай келеді.
Мына заман, қай заман, бағы заман,
Баяғыдай бола ма тағы заман?!
Атадан ұл, енеден қыз айырылды,
Көздің жасын көл-дария ағызамын.
Мына заман, қай заман, қысқан заман.
Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.
Топырақ пен аспаннан шаң борайды,
Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.
Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,
Қабырғама қара жер батты, Құдай.
Жаяу жүрсем, табаным ауырады,
Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!
«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.
Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.
Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.
Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.
Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.
Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.
Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.

Шежире для русскоязычных казахов
Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии.
Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков.

Казахи и шежире
Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды.

Современные шежире
Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов.

Шежире состоит из трех жузов

Старший жуз
Айдарлы
Акарыс
Аксакал
Албан
Алыбай
Асан
Байдибек
Байдолла
Байтерек
Бактияр
Беимбет
Бирманак
Ботбай
Дулат
Ескельды
Жалайыр
Жалманбет
Жансакал
Жаныс
Жаримбет
Жарыкшак
Жолдаболды
Ибраиым
Іле
Калыбай
Канлы
Караш
Кейкі би
Когам
Куйылдар
Курті
Меайкы
Мекрейіл
Ойсыл
Ошакты
Сакалды
Сары
Сарыуйсін
Сіргелі
Суан
Сыйкым
Сырманак
Толыбай
Узынсакал
Уйсіл
Шанышкылы
Шапырашты
Шегир
Шуманак
Шыбыл
Шымыр
Ысты

Средний жуз

Аргын
Атыгай
Ашамайлы
Баганалы
Базархан
Байталак
Балталы
Басентиин
Бахрам
Бегендык
Беймен
Бетке
Болаткожа
Елемес
Ергенши
Ер-Косай
Ескара
Жадик
Жаманбай
Жангулы
Жантекей
Жантели
Жастабан
Ители
Казыгул
Камбар
Канжыгалы
Карагерей
Каракас
Каракесек
Каракипчак
Карасопы
Каратай
Караул
Карауыл
Кенсадак
Керей
Кетбуга
Китайкипчак
Кокжарлы
Коккоз
Конырат
Котенши
Куандык
Куланкипчак
Кылдыбатыр
Кыпшак
Мадьяр
Матай
Мейрам
Меркит
Молкы
Мулкиаман
Наганай
Найман
Садыр
Сарман
Сарысопы
Суиндык
Суйениш
Таракты
Тобыкты
Токпак
Токтамыс
Тортеуыл
Тортул
Торыкипчак
Уак
Шегендык
Шеруши
Шимойлы
Шубарайгыр
Шубыртпалы


Младший жуз

Адай
Алаша
Алимулы
Алтын
Байбакты
Байсары
Байулы
Баксиик
Бериш
Есентемир
Жагалбайлы
Жаппас
Жетыру
Каракесек
Карасакал
Кердери
Кереит
Кете
Маскар
Ногай-казак
Рамадан
Султансиик
Табын
Таз
Тама
Тана
Телеу
Торткара
Шекты
Шенеш
Шеркеш
Шумекей
Ысык

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста