Өміртай шежіресі

Өміртай шежіресі

Халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа сабактап қалдырған көп дүниенің ішінде шежіренің Алатын орыны мен мәні жоғары. Халықтың өткен жолын оның ұлт болып қалыптасуын анықтайтын нақтылы дәлел. Тарихи жадымызды жаңартып, ата- бабаларымыздың өткен өмірін том-томдап болса да көз алдымызға елестете аламыз. Шежіре арқылы елдің бірлігін сақтап ынтымағын молайтқан көсемдер мен шешендерді, жауынгершілікте ерлік көрсетіп, ел іргесін қорғаған бабаларымыздың аты жөнін білеміз. Мұның бәрі Қазақ деген халықтың тарихын құрайды. Назардан тыс қалған деректерді ата-баба әруағын кастерлеген кейінгі ұрпақ әлі де шығар. Мен өзімнің естіген, оқыған деректерімді және ата-бабаларымнан қалған қол жазбаларын толықтырып өңдеп тілге тиек етіп, қалам ұшымен қағаз бетіне түсірдім.

Алаш

Алаштан – Сейтқали, Сеилхан, Жаилхан
Жаилханнан – Құдияр
Құдиярдан – (Ұзын сақал Ыбырайым) Қазақ
Қазақтан – Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс
Ақарыстан-Ұлы жүз балалары
Жанарыстан-Орта жүз балалары
Бекарыстан –Кіші жүз балалары.

Жанарыстың екі әйелі болыпты. Бірақ екі әйелі де көпке дейін бала көтермей жүріпті.Жанарыс өмірден перзентсіз өтемінбе?-деп жүргенде бір күні үйіне ел аралап жүрген.
Алты Қожа келіп қонады. Үй ійесі қонақтарын, барынша құрметтеп, күтіп ізетпен қызмет етеді.
Бұған катты риза болған қонақтар аттанар алдында үй іиесі мен оның әйелдерін шақырып алып баталарын беріп, жаратқаннан ақниетті адал жандарға перзент беруін тілейді. Сонан соң Қожалардың тілеуі қабыл болып Жанарыстың әйелдері жыл артынан өткеріп барып арыстай алты ұлды өмірге әкеледі. Қу мазардай құлазый бастаған құтқоналары сәбиге толып, базарға куанған ата-аналары балаларына баяғы Қожалардың құрметіне қарай Қарақожа, Аққожа, Ақтамбердіқожа, Дарақожа, Смағұлқожа, Қасымқожа деген есімдер береді.

Қарақожадан –Арғын
Аққожадан – Найман
Ақтамбердіқожадан – Қыпшақ
Дарақожадан – Қоңырат
Смағұлқожадан - Керей
Қасымқожадан – Уақ тарайды.

Арғынның екі әйелі болыпты. Бірінші әйелі Ергүль, екінші әйелі Момын.
Бәйбішесі Ергүлден –Мейрамсопы деген бір ұл туады, және бір қыз туады. Мейрамсопымен бір анадан туған қыздан Тарақты туады, Тарақты Ноқта ағасы – жиен.
Арғынның тоқалы төрт ұл туады: Ақсопы, Қарасопы, Сарсопы, Тәнбісопы.
Ақсопыдан – Қанжығалы -Тобықты
Қарасопыдан – Бәсентин-Қараауыл
Сарсопыдан-Атығай
Тәнбісопыдан-Саржетім, Шақшақ тарайды.

Мейрамсопының қайын жұрты кіші жүз Алшын руынан екен. Қалындығының аты Нұрфая.
Нұрфая Алшынның ішіндегі аты шыққан Доспай деген кісінің қызы екен. Мейрамсопы осы қалындығын алуға қыс ішінде барады. Сол жолы бикешке шешесінің жоқтығын білдірмейін-деп жеңгесі Мақпалды және қызметшісі болғанбір жетім қызды Қарқабатты қоса ұзатады. Көш ілгері кетіп күйеу жігіт артта қалып көштің ізімен келе жатса көштегі үш әйел түзге отырыпты. Жолшыбай түзге отырған кім деп қараса, біреуінің зәрі тоңды бір қарыс айырып жіберген екен. Түнде қойнына жатқанда Нұрфаядан сұраса, ол Қарқабат еді дейді. Ол отырып қалып күркілдеткенде қасындағы өзіміз де шошып қаламыз, атта тас-талқан болып үркеді-депті. Елге келіп орныққан соң екі елдің арасы жау болып, қайын сіңілісін ертіп келген Мақпал еліне қайта алмай қалыпты. Сонан соң Нұрфая «Ағамның төсі тиген жеңгем еді басқаға қимаймын, өзің ал»- деп Мейрамның өзіне алдырыпты. Мына (күнді де) Қарқабатты да ал жатыры асыл, өсіп-өнейін деп тұр. «Бір жұрттан келген үш әйел өлсек те, тірілсек те бір жерде болайық»-деп оны да алғызыпты. Нұрфаядан Қуандық, Сүйіндік туады. Женгесі Мақпалдан Бегендік, Шегендік туады.
Қарқабаттан Болатқожа туады. Қарқабат өмірінде Мейрам бабамыздың етіне суық су, табанының астына төсейді екен. Құманды түнде қойнына алып жатады екен. Суға түскен сайын Мейрам: «ой, көсегең көгерсін» - деп алғысты жаудырады екен. Бұрынғының алғыс түбі – ақ май, қарғыс түбі – қара қан дейтіні сондайдан айтылған.
Болатқожаның қаракесек атануы шежіре «енші бөліс оқиғасымен түсіндіреді». Қуандық алты баласын арқа тұтып, жолы үлкендігін алға салып, өзіме бір сыбаға, алты балама алты сыбаға, қара шанырақта қалғандарына бір сыбаға – депті мыс дейді. Содан төбелес болып, Болатқожа ағайындарынан қашып, бір құлаған шым қораға тығылып және сол шымнан кесек алып соңынан куғандарды ұрып жыққан болуы керек. Міне, осы себепті Мейрамның басқа балалары Болатқожаны Қаракесек елі «Қарқабаттан ұрын шақырады екен. Қаракесек Шұбыртпалының шешесін іргелес Сүйіндіктен қолқалап алған дейді. Ал Алшын Зортұмақ дегенннің астына ат апарып, оның бәйгісіне келген күңнен Қамбар туған, бір жаугершілік кезде өнерін асыра алған олжа баласы Жалықпас деп атайды».
Мәшһур Жүсіптің шежіресі бойынша «Қаракесектің қыздай алған» қатынынан Ақша, Түйте, Туйтеден Майқы, Танас.
Майқыдан -Әлтеке, Сарым. Танастан – Тымырсық, Бөтей.
Бөтейден –Қарашор, Ақшадан – Бошан.
Бошаннан – Машай.
Машайдан – Бораншы, Бәйімбет.
Бораншыдан – Тілеулі, Сұраулы.
Тілеуліден –Кәрсөн.
Сұраулыдан – Керней.
Бәйімбеттен –Дәулет, Қояншы Тағай.
Таңайдан – Тастемір, Арықпан, Жетес, Өтес.
Өтестен-Өміртай, Жолдыбай.
Өміртайдан – Бикелді, Нұргелді, Жангелді, Қойкелді тарайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста