Шежіре

Шежіре - Абақ Керей

  • ©Алаш айнасы иллюстрациясы

    ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Абақ Керей 12 атаға бөлінеді. Бұл бөлініс Қытай қарамағына өткен кезден басталады. Абақ керейдің қайдан, қалай таратылатыны туралы шежірелер көп және оларда бірізділік жоқ, яғни «әркімдікі өзіне жөн» дегенге саяды. Ойғырлық Мәсәли, Дөйтен, Сахария қариялардың мақұлдауы негізіндегі атам Жанаттың (А.Ж) жазып қалдырған шежіресінде Абақтан Изен, Жусан. Изеннен Мағыналы, Сидалы, Жабайды таратады. Мағаналыдан Қойлау, Байлау делінеді. Қойлаудан-Ителі. Абақ Керейдің ішінде ителі руы «ноқта аға» аталады.


"Алаш айнасы" интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.


Ноқта ағаның жолы - ертеде ел көшкенде көсем түйені жетелейді және дастарқанға бата беру, табақтағы сыйлы мүшені кесуде басымдылық беріледі. Байлаудан жәнтекей, жәдік, шеруші рулары тарайды. Сидалыдан жастабан, шимойын, көнсадақ рулары тараған. Жастабан руы негізінен Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы Шұбартау (қазір Аягөз ауданының құрамында) ауданын мекендейді. Керей Алтайға бет алғанда Қабанбай батыр мен Ақтамберді батыр жыраумен дос-жар Шақантай, Нұралы батырлар найманнан қоныс алып, мекендеп қалған делінеді. Кейіннен бұл өлкеде Абай елі тобықтылар қоңсылас болады. Жастабан - белгілі ғалым-жазушы Мұхтар Мағауиннің елі. Жабайдан қарақас, молқы, сарбас рулары тарайды. Мағыналының қызы Мәулімнен шұбарайғыр тарайды делінеді. Шежірешілер шұбарайғырды керейдің жиені, меркітті жиеншары еді деп қиыстырады. Меркіт – бұдан сегіз жүз жыл бұрын, яғни Шыңғыс хан заманына дейін-ақ Байқал көлінің оңтүстігінде қуатты жеке мемлекет құрған ел болса, ол қалай Керейге жиеншар болмақ.. Шыңғыстың меркіт билеушілеріне деген жеке бастық өшпенділігі салдарынан 1204 жылы қырғынға ұшырап, жеңілген меркіттер Сарыарқаға қашқандығына, 1216 жылы Жошы әскері қазіргі Ырғыз-Торғай өлкесінде Сүбедей әскерінің меркіттерді толық талқандағандығына тарих куә. Осы қырғыннан аман қалған меркіттің азғана бөлігі кейінен керейдің құрамына қосылса керек. Он екі руға бөліну Көгедай төре тұсында, Мәнжі қытайға бағыну кезеңінен бері пайда болса керек. Шындығына келгенде Он екі керейге бірде шимойынды, бірде, жәнтекей ішіндегі құлтайболатты жатқызуы осыны меңзейді. Әр рудың өз таңбасы, ұраны бар. Олар әр рудың жоңғарларға, кейіннен қалмақтарға қарсы күрескен батырларының есімдері:

1. Ителі (Бұқарбай)

2. Жәнтекей (Шақабай)

3. Шеруші (Байтайлақ)

4. Молқы (Машан)

5. Қарақас (Қаптағай)

6. Меркіт (Құлсары)

7. Жастабан (Жобалай)

8. Көнсадақ (Жабай)

9. Шұбарайғыр (Қожаберген)

10. Сарбас (Сарытоқай)

11. Жәдік (Жанат)

12. Шимойын (Әлмембет)


Шеруші руының ұранына айналған ұзынмылтық Байымбет ұлы Байтайлақ батыр-Ер Жәнібектің қарулас серігі болған. Керей Байтайлақ батырдың зираты делінетін төбешік Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы орталығы Талшық кентінің Жаңауылға бұрылған жолайрығы маңындағы қоқыс төгетін орын (свалка) маңына таяу жатыр. Мұны әлі де айқындау қажет. Байтайлақ Семей өлкесінде, Ер Жәнібектің қасында жерленген деген де пікірлер бар. Байтайлақ пен оның баласы Шұбаш батырлар шеруші руын билеген. Кейіннен Ақтай билікті қолға алды.Қожаберген Жәнібекұлы – шұбарайғыр руынан шыққан батыр. Көбінесе осы Абақ Қожаберген батырды Ашамайлы Қожаберген Толыбайұлымен жаңылыс атау кездеседі. Ашамайлы Қожаберген әйгілі батыр, жырау. Атақты әнші Сегіз серінің ұлы атасы. Абақ Қожаберген ойраттың азаткер батыры Амырсанамен жас жағынан шамалас екендігін білеміз.Шеруші руынан шыққан Байғара ұлы Киікбай батырдың бейіті Ақмола облысының Атбасар ауданында Сергеевка селосы маңында делінеді. Қалай болғанда да Киікбай батырдың Қазақстанда жерленгені даусыз.Жәдік, жәнтекей, шеруші рулары туыстас, қанаттас аталады және оларға берген халық мінездемесі де тәмсіл болып айтылады. Жәнтекей- Абақ керейдің жартысынан көбін құрайды. «Керей бұзылса жәнтекейге сыяды, жәнтекей бұзылса, керейге сыймас»,- деген сөз бар.Жәдік баласы: 1. Мәлік 2. Жанат 3. ИтемгенЖанаттан тарайтын рулар: байқазан, жақай, қостай, жарасбай, мұңал, тілел, қыдыр, боқай.Мәліктен тарайтын рулар: байғара, баян, құланбай, көтен.Жәнтекей баласы:1. Сүйімбай2. Сүйіндік3. Сүйіншәлі Сүйімбай баласы:1. Самұрат2. Құты3. Сәмембет 4. Бөкес (Елгелді руы тарайды….Сейсенбай-Самбай-Абай)5. Төлеке (Есіркеп руы тарайды) Сәмембеттен тарайтын рулар: атантай, есентай (барқы, базарқұл, шақабай, түктібай, қыстаубай,т.б.), есембай, 6 тасбике, (ақша, бөрте, қаржау, жаман, сары, елібай), есағасы, қазыбек. Тасбике Ақшадан: Байғон, Байғоннан: Бәйтерек, Бәйтеректен: Байжан, Байжаннан: Уанған Жуанышбай (Қағай), Орайхан, Тоқай, Қуанық. Қағайдан: Абай, Бадай, Шәкерхан, Абзалхан. Орайханнан: Шәмен, Шеріхан, Қанағат. Тоқайдан: Кәмен. Кәменнен: Мұрат, Талғат. Қуандықтан: Шәпен, Жеңісхан, Сепей (Қажыұлы Жанаттың зайыбы). Шәпеннен: Атқазы. Сүйіндік баласы: 1. Алты2. ҚалкеСүйіндіктен тарайтын рулар: жайлау, күнту т.б. Алтыдан: Сары. Сарыдан Бердәулет. Бердәулеттен: Жәнібек батыр. (Керей Ер Жәнібек) Жәнібектің қызы Ермекті (кей деректерде қарындасы) Тобықты Ырғызбай алған. Ырғызбайдан Өскенбай. Өскенбайдан: Құнанбай одан Абай туады.Сүйіншәлі баласы: 1. Қожамжар2. Барақ3. Секел4. Бұлантай.Қожамжардан: Ботағара, Әйтімбет. Әйтімбеттен: Қаражан. Барақтан: Қангелді, Тайлақ. Бұлантай. Бұлантайдан: Көбек.

Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.


ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ

Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.

Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.

Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:


Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айырылған жаман екен,

Қара көзден мөлдіреп жай келеді.

Мына заман, қай заман, бағы заман,

Баяғыдай бола ма тағы заман?!

Атадан ұл, енеден қыз айырылды,

Көздің жасын көл-дария ағызамын.

Мына заман, қай заман, қысқан заман.

Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.

Топырақ пен аспаннан шаң борайды,

Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.

Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,

Қабырғама қара жер батты, Құдай.

Жаяу жүрсем, табаным ауырады,

Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!

«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.

Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.

Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.

Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.

Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.

Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.

Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.


Шежире для русскоязычных казахов

Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии.

Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков.


Казахи и шежире

Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды.


Современные шежире

Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов.


Шежире состоит из трех жузов


Старший жуз


Айдарлы

Акарыс

Аксакал

Албан

Алыбай

Асан

Байдибек

Байдолла

Байтерек

Бактияр

Беимбет

Бирманак

Ботбай

Дулат

Ескельды

Жалайыр

Жалманбет

Жансакал

Жаныс

Жаримбет

Жарыкшак

Жолдаболды

Ибраиым

Іле

Калыбай

Канлы

Караш

Кейкі би

Когам

Куйылдар

Курті

Меайкы

Мекрейіл

Ойсыл

Ошакты

Сакалды

Сары

Сарыуйсін

Сіргелі

Суан

Сыйкым

Сырманак

Толыбай

Узынсакал

Уйсіл

Шанышкылы

Шапырашты

Шегир

Шуманак

Шыбыл

Шымыр

Ысты


Средний жуз


Аргын

Атыгай

Ашамайлы

Баганалы

Базархан

Байталак

Балталы

Басентиин

Бахрам

Бегендык

Беймен

Бетке

Болаткожа

Елемес

Ергенши

Ер-Косай

Ескара

Жадик

Жаманбай

Жангулы

Жантекей

Жантели

Жастабан

Ители

Казыгул

Камбар

Канжыгалы

Карагерей

Каракас

Каракесек

Каракипчак

Карасопы

Каратай

Караул

Карауыл

Кенсадак

Керей

Кетбуга

Китайкипчак

Кокжарлы

Коккоз

Конырат

Котенши

Куандык

Куланкипчак

Кылдыбатыр

Кыпшак

Мадьяр

Матай

Мейрам

Меркит

Молкы

Мулкиаман

Наганай

Найман

Садыр

Сарман

Сарысопы

Суиндык

Суйениш

Таракты

Тобыкты

Токпак

Токтамыс

Тортеуыл

Тортул

Торыкипчак

Уак

Шегендык

Шеруши

Шимойлы

Шубарайгыр

Шубыртпалы


Младший жуз


Адай

Алаша

Алимулы

Алтын

Байбакты

Байсары

Байулы

Баксиик

Бериш

Есентемир

Жагалбайлы

Жаппас

Жетыру

Каракесек

Карасакал

Кердери

Кереит

Кете

Маскар

Ногай-казак

Рамадан

Султансиик

Табын

Таз

Тама

Тана

Телеу

Торткара

Шекты

Шенеш

Шеркеш

Шумекей

Ысык


Возникновение 3-х жузов

Вопрос о жузах также является не вполне решенным.

В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов.

Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов.

Причины образования жузов:

1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу.


2. Природно-географические (территориальные) факторы.


3. Военно-политические факторы (для защиты).


4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.).


Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее).


Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех.


Территории и основные роды и племена, составляющие жузы:


Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др.


Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д.


Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др.


Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов.


Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.




Көрілген: 23648    Пікірлер: 2

сәрсенбі, 12.11.2014, 13:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Мамыр 2015
    Сунақ шежіресі
    29 Сәуір 2015
    АЛШЫН ШЕЖІРЕСІ
    24 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарақалпақ
    6 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарайымдар
    30 Наурыз 2015
    Шежіре - Бақсайыс
    20 Наурыз 2015
    Түрікмендер
    13 Наурыз 2015
    Шежіре- Сахалар
    10 Наурыз 2015
    Шежіре-Қарашайлар
    2 Наурыз 2015
    Шежіре-Құмықтар
    25 Ақпан 2015
    Шежіре-Қашқайлар
    18 Ақпан 2015
    Шежіре - Тывалар
    29 Қаңтар 2015
    Шежіре: ТӨЛЕҢГІТ
    23 Қаңтар 2015
    Өміртай шежіресі
    13 Қаңтар 2015
    Матай
    9 Қаңтар 2015
    Шежіре - АЙҚЫМ
    30 Желтоқсан 2014
    Фотосы бар материал Түркілер
    26 Желтоқсан 2014
    Кіші жүз таралымы
    22 Желтоқсан 2014
    Шежіре- Қайшылы
    20 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қожалар
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қызылқұрт руы
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Масқар
    10 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Таз
    9 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жетімдер
    6 Желтоқсан 2014
    Шежіре — Бура
    4 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Шыбыл руы
    3 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Ителі
    2 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жәдік әулеті
    28 Қараша 2014
    Шежіре - Кердері
    25 Қараша 2014
    Шежіре - Есентемір
    24 Қараша 2014
    Шежіре - Жастабан
    21 Қараша 2014
    Шежіре - Қараш
    20 Қараша 2014
    Шежіре - Бағаналы
    19 Қараша 2014
    Шежіре - Балталы
    18 Қараша 2014
    Шежіре - Шегір
    17 Қараша 2014
    Шежіре - Жаманбай
    14 Қараша 2014
    Шежіре - Ноғай-Қазақ
    13 Қараша 2014
    Шежіре - Атығай
    12 Қараша 2014
    Шежіре - Абақ Керей
    11 Қараша 2014
    Шежіре - Шымыр
    10 Қараша 2014
    Шежіре - Ысық
    5 Қараша 2014
    Шежіре - Тобықты руы
    31 Қазан 2014
    Шежіре - Ботбай руы
    30 Қазан 2014
    Шежіре - Матай руы
    27 Қазан 2014
    Шежіре - Үйсін
    23 Қазан 2014
    Шежіре - Байбақты
    22 Қазан 2014
    Шежіре - Жаппас
    20 Қазан 2014
    Шежіре - Кете
    17 Қазан 2014
    Шежіре - Алаша
    15 Қазан 2014
    Шежіре - Шекті
    14 Қазан 2014
    Шежіре - Шөмекей
    10 Қазан 2014
    Шежіре - Табын
    8 Қазан 2014
    Шежіре - Жетіру
    7 Қазан 2014
    Шежіре - Тама руы
    6 Қазан 2014
    Беріш руы
    3 Қазан 2014
    Шежіре - Байұлы
    1 Қазан 2014
    Шежіре - Әлімұлы
    29 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Адай руы
    26 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қыпшақ руы
    25 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Арғын руы
    24 Қыркүйек 2014
    Шежіре- Уақ руы
    22 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қоңырат руы
    19 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Керей руы
    17 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шапырашты руы
    15 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шанышқылы руы
    11 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Ысты руы
    10 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қаңлы руы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30