Шежіре

Шежіре - Қаңлы руы

  • Алаш айнасы иллюстрациясы

    Алаш айнасы иллюстрациясы

Қаңлы Ұлы жүз құрамына кіретін ежелгі түріктің руы (тайпасы) болып есептеледі. Бұл рудың (тайпаның) этногенезі мен тарихы туралы жазба деректер аз емес. Олардың ішінде аумақты тұтас зерттеу орыс шығыстанушысы Н.Аристовтың еңбегі болып табылады. Онда аталмыш автор былай деп жазады: «Қаңлылар - дулаттар тәрізді ежелгі түрік руы. Бәлкім, Авеста пен Махабхаратада Қаңқа деп еске алынатындар солар шығар. Қытайлар біздің жыл санауымызға дейінгі бір жарым ғасыр бұрын Сырдариядағы, Зеравшан мен Әмударияның төменгі ағысындағы ұсақ отырықшы аймақтар бағынатын Кангюйдың ұлан-байтақ иелігіне кез болады. Кіші хандар дәуірінде (25-221 ж.ж.) Кангюй мен Қаңлылар Арал мен Каспий теңіздерінің аралығындағы аландарды биледі. 568 жылы Византия елшісі Земарх Дзивул түрік ханына келіп, бұл кезде Холиат аталатын түрік қаңлыларының жерін басып өтеді. XI ғасырда Мауараннахр мен Батыс Азияны жаулап алған селжұқтардың өздері қаңлы болмаса да, Рашид ад-Дин атап көрсеткендей, олардың әскерінің негізгі сүйегі қаңлылардан тұрды. Баласағұндағы соңғы қарлұқ билеушісі XII ғасырдың екінші ширегінде өзін қаңлы шабуылынан қорғау үшін Қарақиданның Гурханын шақырды.


«Алаш айнасы» интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.


Сұлтан Мұхаммед Хорезмшахтың қосынында Таластан келіп он мыңдаған Қаңлы қызмет етті. 1200 жылы Гинь елшісі Буксин Шыңғыс ханға келе жатқан жолында Мауараннахрда кездескен Қаңлы руының санын айтады. Плано Карпини құмандардан (қыпшақтардан) кейін Қаңлы елімен жүріп өтті. Рубрук та 1258 жылы бұл көшпелілердің (саngle) ата-жұртын басып сапар шекті. Ақсақ Темірдің кезінде қаңлылар Сырдың оң жағасын жайлады, бірақ саны көп емес еді. Ғасырлар бойы ортасынан оңтүстік пен батысқа басым көпшілікті аттандырып отырды, өйткені Европаға құйындай тиген ғұндар мен қыпшақтардың жауынгерлері өздерімен бірге қаңлыларды ілестіре кетіп, барған сайын олар азайып, өз ата-жұрттарында билігі әлсіреп, шығыстан дулаттар мен солтүстіктен қыпшақтар қыспағына ұшырап, Сырдарияның орта ағысындағы жағалауларға ығысты. Қазақ-қырғыз одағына қаңлылар аз ру болып қосылады, себебі олардың көпшілігі Шайбани әулетімен Мауаранахрға кетіп қалған еді. Қырғыз-қайсақ хандары мен сұлтандарына жеке сарай күзетшілері мен қосындардың басты құрамын (төлеңгіттерді) бере отырып, қаңлылар бүкіл қазақ даласына тарап кетіп, қазіргі кезде жекелеген рулық топ ретінде тек Ташкент уезінде ғана кездеседі. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында, Н. Аристов көрсеткендей, қаңлылардың рулық тобы Ташкент төңірегінде ғана емес, сонымен бірге Жетісу уәлаятының Қапал мен Верный уездерінде де қоныстанды.

Қаңлы руының тегі туралы орыс этнографы А.Харузин өз еңбегінде ғажайып аңыз мәлімет береді. «Қаңлы тайпасы...» бір кездерде Жалайырлар сияқты жеке ру болып өмір сүрді. Қаңлы атын, Рашид ад-Диннің айтуынша, Оғыз ханның (түріктердің атасы) өз туыстарымен күресінде оның жағына шыққан түрік рулары алды: олар «малды жегіп, өз қал-қадірінше арба жасады және түріктер арбаны қаңлы дейді» деп жазды ол. Қаңлылардың шығу тегі туралы Әбілғазы төмендегідей аңызды келтіреді: «Оғыз хан барып татарларға тиді. Татар ханы сан мың әскерімен оған қарсы шықты. Олар шайқасып, Оғыз хан кенет шабуыл жасап, оның (татар ханының) қолын быт-шыт қылды. Оғыз ханның қолына көп олжа түсті, оларды тиеп алып кетуге лау жетпейді. Олардың қасында қолы епсекті бір шебер кісі болып, ол ойланып-толғанып арба жасады. Оған қарап бәрі де арба құрастырып, оған олжаны тиеп, бәрі үйіне қайтып келді. Арбаны «қаңлы» деп атады. Бұған дейін оның (арба) аты да, заты да болған емес, ол қозғалғанда қаңқ деп дыбыс шығаратын себепті оны «қаңқ» атады. Оны жасаған адамды «қаңқылы» деді. Бүкіл Қаңлы елі - сол адамның үрім-бұтағы». Академик В.В.Бартольд те қаңлылар туралы құнды мағлұмат беріп кетеді: «Құмандар мен қыпшақтардың түйісуі, соңғылардың қаңлылармен жақын туыстығы күмән туғызбайды. XII ғасыр мен XIII ғасырдағы мұсылман жылнамашылары қаңлы мен қыпшақ сөздерін синоним ретінде қолданады. Егер кангюй мен қаңлы атауларын өзара жақындастыру мүмкіндігі болса, онда бір кезде түрік халқының ең батысын жайлаған ежелгі тайпа қаңлылар болып табылады».

Одан әрі оқымысты: «Бәлкім, қаңлылардың өнері шығар, қара қырғыздардың сөз саптауы қырғыз-қайсақтарға Енесай түріктерінің тіліне қарағанда әлдеқайда жақын тұрады». Қара қырғыз халқының құрамына енген қаңлы мен қыпшақтар туралы Аристов жазды, одан басқа Қаңлы жұртының мекені бір кезде қиыр шығысқа қарай созылып жатқаны жайында бірқатар тарихи деректер келтіруге болады. XII ғасыр басында қаңлылар қарлұқтармен бірге Баласағұнға қатер төндірді (Джувейни); XIII ғасырдағы Алмалықта құрылған түрік иелігін қаңлылар құруы да ғажап емес, ең ақырында Рашид ад-Дин қаңлылар Наймандар жерінде, Ертістің жоғары жағында тұрды деп көрсетеді. Қалай болғанда да, - деп жазады С Аманжолов. М.Қашқари (XI ғасыр) өзінің әйгілі еңбегінде қаңлыларды ру ретінде еске алмайды. Ол «Қаңлы - қыпшақтардың ұлы адамдарының бірі» деп жазады. Бұл тұжырым қыпшақтар мен қаңлылардың бірлігі туралы академик Бартольдтің ойына жан бітіреді, сондықтан қаңлылар хақында арнайы айтылмайтын шығар. Алайда бұндай бірлік уақытша да болуы кәдік. XI ғасырдан кейін қыпшақтар мен қаңлылардың жеке өмір сүруі көп жайды аңғартады. Басқа қырынан қарағанда, М.Қашқари дәуірінде қаңлылардың көбісі Кіші Азияда болғаны себеп шығар дейтін ой келеді. Соңғы ұйғарым академик Гордлевскийдің зерттеулерімен пысықтала түседі, ол «оғыздан көп бұрын, елді түріктендіру жүрді. Қалаш, Қарлұқ, Қаңлы, Қыпшақтар көптен бері елдің түз тұрғындарын бағындырып жатты» деп жазады. Қаңлылардың мүлде жоғалып кетуі туралы әңгіме туындамайтыны айқын. Махмұд Қашқари XI ғасырда ғұмыр кешкен қаңлылардан басқа, Қазақстанмен қоса, Орта Азияда өмір сүрген көптеген руларды суреттеп, қамти алған жоқ. Дегенмен басқа деректер бойынша қаңлылардың дені Қазақстан мен Орта Азияны өте ертеден мекендеп келеді. Бұл, біріншіден, Моңғол шапқыншылары (XIII ғасырдың басы) Самарқанға тигенде бұл шаћарда 40 000 қаңлы мен парсы сарбаздары бар еді. Одан әрі Темір жорықтарында айтылғандай, олар Жошы Ұлысында Сырдария мен Талас арасында (Әбілғазы Баћадүр хан) ұшырасады. Қазақтардан басқа түркі халықтарының арасында қаңлылардың бар екенімен есептеспеуге болмайды. Мәселен, Алтай мен Енесай түріктерінің ішіндегі, сонымен қатар сақалар арасындағы кангаластарды өз қандастарынан өте ертеде бөлініп кеткен ежелгі қаңлылар деп қабылдамай отыра алмаймыз. М.Тынышбаев өзінің «Қырғыз-қазақ халқының тарихына қосымшалар» деген құнды, шағын еңбегінде қысқаша, бірақ толық қисынымен Қаңлы тарихын зерттейді.

Ол «Қаңлы қытайларға кангюй атымен б.д.д. II ғасырда мәлім болды» деп жазды. Дау жоқ, Қаңлы - Сырдария өзенін мекендеген түрік руы. Самарқан, Бұхара мен Хорезм өңірі де қаңлыларға бағынып отырды. Б. д. алғашқы жылдарында қаңлылар ғұндармен бірігіп, үйсіндер және қытайларға қарсы шайқасты. VI ғасырда қаңлыларда төрт дөңгелекті арба болды. X ғасырда қаңлылар арасынан Селжұқ әулетінің негізін салған Селжұқ деген әлдекім қара үзіп шығып, XII ғасырдың екінші жартысы мен XIII ғасырдың бірінші жартысына дейін Сырдарияның жоғары жағы мен Кіші Азияда билік құрды. XI ғасырдың басында бұл рудың халарлы атты бір бөлшегі Арменияға қоныс аударды, соның негізінде XIII ғасырда болашақ Осман империясының ұйытқысы құрылды. XII ғасырда қаңлылар Шу өзенінің бойында ұшырасады. X ғасырда Мауараннахрды баса-көктеген түріктердің ең көбі қаңлылар еді. Содан бастап Мауараннахр Түркістан деп аталады. Хорезмшах (Мұхаммед Хорезмшах) дәуірлеп тұрғанда Түркістанда қаңлылардың дегені жүріп тұрды; Хорезмшахтың анасы Түркен-қатын қаңлыдан шыққан болатын. Отырар қамалының әміршісі Қайыр хан - оның жиені. Хорезмшахтың Шыңғыс ханға қарсы қойған басты күші қаңлылар болыпты. XIII ғасырда Плано Карпини мен Рубрук қаңлылар жерімен өтіп, олардың қонысын Сырдарияның төменгі ағысы мен Қарақұмда кездестірсе, Темір жорықтарынан біз олардың XIV ғасырдың аяғында Жошы ұлысының бір бөлігін құрап, Сырдария мен Талас арасында көшіп жүргенін түсінеміз. XVII ғасырдың басында Ташкент уезінде тұратын қаңлылар мен қатағандарды Тұрсын хан жеке билеп-төстеді. 1629 жылы «Еңсегей бойлы Ер Есім» оңтүстік өңірдегі қазақтарды тонағаны үшін Тұрсын ханды өлтіріп, қаңлы мен қатағандарды қуғындады. Олардың бір бөлігі Сырдың арғы бетіне бас сауғалап, қалғандары «Шанышқылы» атымен қаңлыларға қосылды. В.Востров өз еңбегінде қаңлылардың ежелгі тайпа және олардың түркі тілдес екенін үзілді-кесілді мойындап, көрсетілген деректер негізінде рудың қысқаша тарихын шолып, ол не себептен екені белгісіз, Қаңлы руының аталық құрамы жөнінде ешқандай мәлімет бермейді.

Қаңлы руының этногенезі мен этникалық тарихы, тайпалық құрылымы мен ерекшеліктері туралы академик Ә.Қайдаровтың Қазақ энциклопедиясында мақаласы жарияланған. Бұл мақаланы жазу үстінде ол жоғарыда көрсетілген және көрсетілмеген лингвистикалық деректерді мұқият зерттеген. Ә.Қайдаров Н.Аристов және басқалардың ізін алып, басқа мағлұматтарда кездеспейтін Қаңлы руының тайпалық құрылымын беріп, қысқаша тарихына тоқталып, олардың ежелгі түркі тілдес екенін салмақты дәлелдейді. Ә.Қайдаровтың тектану кестесінде қаңлылардың атасы Майқы би болып саналады. Қаңлы руы Сары қаңлы мен Қара қаңлы болып екіге бөлінеді, оның үстіне Сырдария мен Жетісу қаңлылары да осылай жіктеледі. Ұлы жүз Төбейден таратсақ, одан Байтерек, одан Қаңлы, одан Қанқөжек, Келдібек. Келдібектің бірінші әйелі Сары бәйбішеден Сары қаңлы ұрпақтары, ал екінші әйелінен Қара қаңлы ұрпақтары өрбиді. Сырдария қаңлылары Сары қаңлы (олар бес ата: Ақбота, Ақынқожа, Телқожа, Омыртқа, Миям) мен Қара қаңлы (олар алты ата: Тоғызбай, Оңбай, Тоғанай, Бақа, Батырақ, Қара). Жетісу қаңлылары да Сары қаңлы (бес ата: Әлсейіт, Түрке, Шоқпар, Құйысқансыз және Шанышқылы) мен Қара қаңлы (алты ата: Ерезен, Қаспан, Еңке, Танта, Оразымбет, Бақа) болып тарайды. Бұл ата-текті салыстырып, Ә.Қайдаров Жетісу қаңлыларының атасы Сырдария қаңлылары болып табылады деген дұрыс қорытындыға келеді. Біздің зерттеулеріміз де соған сәйкес. Жетісуда қоныстанған қаңлының кейбір рулық тобы «Ақ қаңлы» және «Қызыл қаңлы» деп те бөлінеді, соңғылары Сары қаңлының бір тармағы Телқожа атасының ұрпақтары болып есептеледі. Сонымен қатар Ә.Қайдаровтың «Сары қаңлы», «Қара қаңлы», «Ақ қаңлы», «Қызыл қаңлы» этнонимдерінің бірігу салдары туралы пікірі де орынды. Ол әлгілер ата-бабаларының өз есімдері түр-түсі мен киіміне байланысты емес деп санайды. Бәрінен бұрын бұл қырғыздағыдай кейбір рулардың «сол қанат» пен «оң қанат» аталатын бір-бірімен қатысты географиялық орнын анықтайды. Жоғарыдағы деректерге сүйеніп, Қаңлы руының этногенезі мәселелерін қозғап, оларды ежелгі кангюй-түріктердің тікелей тұқымы деп санаймыз.

Қаңлы руының шығу тегі туралы әлгі авторлар пікіріне қарама-қарсы тұжырым да айтылып қалады. Мәселен, белгілі этнограф Т.А.Жданко біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдағы кангюларды XI-XII ғасырдан кейін пайда болған қаңлылармен түйістіру дұрыс емес деп есептейді. Одан әрі ол кангюлер «тек қана қаңлылар ғана емес, ертедегі этникалық қабат» деп түсіндіреді. Қаңлылардың тілдік тәуелділігіне тоқтап, «Арал маңындағы тұрғындар қыпшақтар этногенезінің негізіне жатады «оларды түркілендіру тек біздің дәуіріміздің IV-VIII ғасырында жүрді, сондықтан ежелгі кантюлерді түркі деп атауға негіз жоқ» деп түйеді. Бұл автордың көзқарасын толық сыйлай отырып, - деп жазады В. Востров, ежелгі кангюлер мен қаңлылардың этникалық астасуын көрмеу дұрыс емес деп есептейміз. Ондай ұласулар, сөз жоқ ,болды. Шьн мәнінде біз қаңлылардың Орта Азия мен Қазақстанның қазақ, өзбек, қарақалпақ халықтарының саяси және этникалық тағдырында маңызы ерекше екенін білеміз. Т.А.Жданко пікірінше, XI-XII ғасырдан бұрын пайда болған аздаған қаңлы ру-тайпалық бірлестігінің қолынан ондай әлеуетті тіршілік келер ме екен? Оның үстіне Әбілғазы көрсеткендей, бұл қаңлылардың басым көпшілігін Шу мен Талас өңірінде моңғол басқыншылары талқандап жіберген болатын. Бұл жерде біз кейінгі уақыттағы қаңлылардың этникалық негізін құрайтын ежелгі әрі саны көп (20 мың шаңырақ) кангюй халқымен тоқайласып отырмыз. Біз В.Востровтың ежелгі кангюйлер мен қазіргі қаңлылардың терең жалғастығы бар деген толық дәлелі бар дәйектемесін құптаймыз. Әдеби деректерден тыс Қаңлы руының ата-тегінің кестесін жасауға өзіміздің зерттеуіміз көмектесті. Қаңлылардың шығу тегі туралы бізге мәлімет берушілеріміз де құнды мағлұматтар берді, олар - Талдықорған облысы Қоғалы ауылының тұрғыны 1906 жылы туған (Жалайыр) Әбілқасым Жантайлақов; Алматы облысы Шелек ауданы Қызылжиде кеңшарының тұрғыны 1905 жылы туған (Қаңлы) Нұрыш Нүсіпов; сол кеңшардың тұрғыны 1938 жылы туған (Қаңлы) Стан Мұқашев; Алматы облысы Шелек ауданы Ащысай кеңшарының тұрғыны 1924 жылы туған (Найман) Файзолла Балмағанбетов; Алматы облысы Шелек ауданы Жарсу кеңшарының тұрғыны 1928 жылы туған (Шапырашты), Қожахмет Кәрібаев аз көмектескен жоқ.

Бұлардың ішінде қолында жазба шежіресі бар білгірлер, әрине, болған жоқ, соған қарамастаи олардың әрқайсысы есте қалғандарымен Қаңлы туралы едәуір мәліметтер берді. Әйтсе де көптеген рулар, аталар мен топтар туралы толық тектану кестесін бере алған жоқпыз (№ 11 қосымшаны қараңыз). Ұлы жүздің Төбей деп басталатын шежіресінде, қайталап айтамыз, Төбейден Бәйтерек, одан Қаңлы, одан Қанкөжек, одан екі әйел алған Келдібек аталады. Бірінші қосағы Сары бәйбішеден Сары қаңлы ұрпақтары, ал екінші әйелінен (әлде бір хан қызынан) Қара қаңлы аталары өніп-өсті. Бұл әрбір топ тіршілік ету аясына байланысты екіге бөлінеді. Мәселен, Сары қаңлылар да, Қара қаңлылар да Сырдария және Жетісуда екі атадан тұрады. Сырдарияның Сары қаңлылары бес ата: Ақбота, Ақынқожа, Телқожа, Омыртқа, Миям; Жетісудың Сары қаңлылары алты ата: Әлсейіт, Ақбарақ, Құйысқансыз, Бозым, Ешкілі, Шанышқылы. Сырдарияыың Қара қаңлысы алты ата: Тоғызбай, Онбай, Тоған бай, Бақа, Бадырақ, Қара; Жетісудағылар да алты ата: Ерезен, Қоспан, Еңке, Танта, Оразымбет, Бақа. Бұл тізімнен Қызыл қаңлы мен Қаңлы рулық құрылымын қоспағанда, жоғарыда көрсетілген төрт топтан 23 ата тарайтынының өзі бұл тайпалардың бұрын көптігін көрсетеді. Ә.Қайдаров та алғашқы бірінші буындағы аталар 22-ге жетеді. Ә.Қайдаров деректері мен біздің зерттеуіміздің айырмашылығы тек Жетісу Сары қаңлыларының этникалық жағдайына саяды. Оның Жетісу Сары қаңлылары бес атадан: Әлсейіт, Шоңпар, Түрке, Құйысқансыз, Шанышқылыдан тұрса, біздіңше олар алты атадан құралыпты: Әлсейіт, Ақбарақ, Құйысқансыз, Бозым, Ешкілі, Шанышқылы. Біздің дерегіміз бойынша, Ақбарақтан Шоқпар, одан Түрке, демек, бұнда айрықша қайшылық жоқ. Қаңлының бұл 23 атасы туралы түгел ата-тегінің кестесін жасадық. Кестеден көрінгендей, біз онда Шанышқылы, Онбай, Ерезен, Қоспан аталары, әсіресе бүгінге дейінгі Жетісу Сары қаңлыларына кіретін Ақбарақ руының таралу тегін мәлімет беруші 1938 жылы туған Стан Мұқашевтан жазып алып, толық келтіріп отырмыз. Оның айтуынша, оны түпкі атасынан 12 ұрпақ бөліп тұр.

Біздің басқа бір мәлімет берушіміз 1905 жылы туған Нұрыш Нүсіпов өз атасы Ерезеннен бастап, тікелей тұқым қуалап, өз баласына дейін жеті ата өтті деп есептейді, біздіңше, бұл жеткіліксіз болып көрінеді, өйткені Ерезен Ақбарақпен бірдей бірінші ата, одан бері 12 ұрпақ ауысқан. Сонымен, біздің Қаңлы руының тегі туралы жасаған кестеміз мүлде толық болмаса да, ол айқын суретті көз алдыңа келтіреді. Көне түріктен бір кездегі қуатты Қаңлы руы ғасырлар бойында көптеген тарихи оқиғаларды бастан кешіріп, бізге дейін бірсыпыра түрік халықтары: қазақ, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, башқұрт және басқалардың құрамында жеке этникалық топ болып жетіп отыр. Қаңлылардың жауынгерлік ұраны «Бәйтерек», «Айрылмас» (Аристов, Аманжолов, Тынышбаев, Қайдаров бойынша), ал рулық таңбасы жоғарғы деректерде I (көсеу таңба). XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Қаңлы руының аталары Жетісу уәлаяты Қапал мен Верный уездерінде, Сырдария уәлаяты Әулиеата, Шымкент пен Ташкент уездерінде қоныстанып жүрді. XIX ғасырдың аяғында Н.Аристов Қаңлының шағын тобы Верный уезінде (300 үй) кездесетінін хабарлайды (Қайдаров). Әулиеатада 350 үй (Мұқашев), Шымкентте 478 үй (Гродеков), Ташкент уездерінде 1650 үй (Мұқашев) мекендеді. Ол тағы бір тұста қаңлылар мен шанышқылардың жалпы саны 10 000 үй болды деп көрсетеді. Ә.Қайдаров Қазақ энциклопедиясында 1885 жылы Ташкент уезінде құрамалардың 24 400 түтіні болып, олардың ішінде қаңлылар мен шанышқылылар 14 мың түтін екенін айтады. М.Тынышбаев өз еңбегінде қаңлылар мен шанышқылардың 1917 жылғы жалпы санын уездер бойынша береді. Мәселен, Ташкент уезінде 160 мың жан, Әулиеатада 20 мың жан, Верный уезінде 10 мың жан өмір сүрген. Жоғарыдағы үш уезде барлығы 190 мың жан тұрып жатты.

Жетісу уәлаятындағы каңлылар Қапал мен Верный уездерінде қоныстанды. Сөйтіп, Қаңлы руының үш атасы Қапал уезінің жерінде Алтынемел тауларын қыстады. Қызыл қаңлы руының қауымы Арқарлы, Қоғалы, Байжанбастау, Мамырханбастау мен Дөненбайбастау шатқалдарында қоныс тепті. Қапсан қаңлы руы Қарабастау, Қасқажол, Құмалақты мен Майбұлақ қойнауларын жерсінді. Бадырақ қаңлы Құрөзек, Пішен сай, Шөладыр, Қоянкөз, Ұзынбұлақ, Майтөбе мен Манас маңайын жайлады. Бұл аталардың көктеуі мен күзеулері өздері жеке пайдаланатын жердің төңірегінде жатты. Ол мекенге жақын тұста Шетенсай, Үшбұлақ, Қарағайлыбасы мен Доланалы шатқалдарында жайлауы орналасты. Жетісудың өзге қаңлылары Верный уезінің шығыс жағындағы Албан руы Сегізсарылармен, батыста Іле өзенінің сол жағасындағы Шапырашты руының Шыбыл аталарымен қоян-қолтық тұрып жатты. Сырдария қаңлыларының аздаған тобы Әулиеата уезінің Талас өзенінің алқабында, Шымкент уезінің Арыс және Келес өзенінің құйылыстарында қоныстанды. Бұл өлке қаңлыларының көпшілігі Сырдың орта ағысындағы Ташкент уезінде орналасты. Сырдария қаңлыларының негізгі шаруашылығы суармалы егіншілік болды, ал жетісулықтар егін салса да төрт түлік өсірумен шұғылданды.

Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ

Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш, алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.

Алаштан екі бала туған — Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.

Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айырылған жаман екен,

Қара көзден мөлдіреп жай келеді.

Мына заман, қай заман, бағы заман,

Баяғыдай бола ма тағы заман?!

Атадан ұл, енеден қыз айырылды,

Көздің жасын көл-дария ағызамын.

Мына заман, қай заман, қысқан заман.

Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.

Топырақ пен аспаннан шаң борайды,

Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.

Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,

Қабырғама қара жер батты, Құдай.

Жаяу жүрсем, табаным ауырады,

Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!

«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.

Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.

Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.

Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.

Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.

Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.

Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.




Шежире для русскоязычных казахов

Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии.

Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков.

Содержание
•1 Казахи и шежире
•2 Современные шежире
•3 См. также
•4 Ссылки

Казахи и шежире
Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды.

Современные шежире
Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов.


Шежире состоит из трех жузов

Старший жуз

Айдарлы
Акарыс
Аксакал
Албан
Алыбай
Асан
Байдибек
Байдолла
Байтерек
Бактияр
Беимбет
Бирманак
Ботбай
Дулат
Ескельды
Жалайыр
Жалманбет
Жансакал
Жаныс
Жаримбет
Жарыкшак
Жолдаболды
Ибраиым
Іле
Калыбай
Канлы
Караш
Кейкі би
Когам
Куйылдар
Курті
Меайкы
Мекрейіл
Ойсыл
Ошакты
Сакалды
Сары
Сарыуйсін
Сіргелі
Суан
Сыйкым
Сырманак
Толыбай
Узынсакал
Уйсіл
Шанышкылы
Шапырашты
Шегир
Шуманак
Шыбыл
Шымыр
Ысты

Средний жуз

Аргын
Атыгай
Ашамайлы
Баганалы
Базархан
Байталак
Балталы
Басентиин
Бахрам
Бегендык
Беймен
Бетке
Болаткожа
Елемес
Ергенши
Ер-Косай
Ескара
Жадик
Жаманбай
Жангулы
Жантекей
Жантели
Жастабан
Ители
Казыгул
Камбар
Канжыгалы
Карагерей
Каракас
Каракесек
Каракипчак
Карасопы
Каратай
Караул
Карауыл
Кенсадак
Керей
Кетбуга
Китайкипчак
Кокжарлы
Коккоз
Конырат
Котенши
Куандык
Куланкипчак
Кылдыбатыр
Кыпшак
Мадьяр
Матай
Мейрам
Меркит
Молкы
Мулкиаман
Наганай
Найман
Садыр
Сарман
Сарысопы
Суиндык
Суйениш
Таракты
Тобыкты
Токпак
Токтамыс
Тортеуыл
Тортул
Торыкипчак
Уак
Шегендык
Шеруши
Шимойлы
Шубарайгыр
Шубыртпалы

Младший жуз

Адай
Алаша
Алимулы
Алтын
Байбакты
Байсары
Байулы
Баксиик
Бериш
Есентемир
Жагалбайлы
Жаппас
Жетыру
Каракесек
Карасакал
Кердери
Кереит
Кете
Маскар
Ногай-казак
Рамадан
Султансиик
Табын
Таз
Тама
Тана
Телеу
Торткара
Шекты
Шенеш
Шеркеш
Шумекей
Ысык

Возникновение 3-х жузов

Вопрос о жузах также является не вполне решенным.

В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов.

Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов.

Причины образования жузов:
1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу.
2. Природно-географические (территориальные) факторы.
3. Военно-политические факторы (для защиты).
4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.).

Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее).

Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех.

Территории и основные роды и племена, составляющие жузы:
Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др.
Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д.
Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др.

Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов.

Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.

Автор: Кәрім Бәтішұлы, «Айқап» журналы, 1911 жыл №1




Көрілген: 22618    Пікірлер: 3

сәрсенбі, 10.09.2014, 15:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Мамыр 2015
    Сунақ шежіресі
    29 Сәуір 2015
    АЛШЫН ШЕЖІРЕСІ
    24 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарақалпақ
    6 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарайымдар
    30 Наурыз 2015
    Шежіре - Бақсайыс
    20 Наурыз 2015
    Түрікмендер
    13 Наурыз 2015
    Шежіре- Сахалар
    10 Наурыз 2015
    Шежіре-Қарашайлар
    2 Наурыз 2015
    Шежіре-Құмықтар
    25 Ақпан 2015
    Шежіре-Қашқайлар
    18 Ақпан 2015
    Шежіре - Тывалар
    29 Қаңтар 2015
    Шежіре: ТӨЛЕҢГІТ
    23 Қаңтар 2015
    Өміртай шежіресі
    13 Қаңтар 2015
    Матай
    9 Қаңтар 2015
    Шежіре - АЙҚЫМ
    30 Желтоқсан 2014
    Фотосы бар материал Түркілер
    26 Желтоқсан 2014
    Кіші жүз таралымы
    22 Желтоқсан 2014
    Шежіре- Қайшылы
    20 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қожалар
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қызылқұрт руы
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Масқар
    10 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Таз
    9 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жетімдер
    6 Желтоқсан 2014
    Шежіре — Бура
    4 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Шыбыл руы
    3 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Ителі
    2 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жәдік әулеті
    28 Қараша 2014
    Шежіре - Кердері
    25 Қараша 2014
    Шежіре - Есентемір
    24 Қараша 2014
    Шежіре - Жастабан
    21 Қараша 2014
    Шежіре - Қараш
    20 Қараша 2014
    Шежіре - Бағаналы
    19 Қараша 2014
    Шежіре - Балталы
    18 Қараша 2014
    Шежіре - Шегір
    17 Қараша 2014
    Шежіре - Жаманбай
    14 Қараша 2014
    Шежіре - Ноғай-Қазақ
    13 Қараша 2014
    Шежіре - Атығай
    12 Қараша 2014
    Шежіре - Абақ Керей
    11 Қараша 2014
    Шежіре - Шымыр
    10 Қараша 2014
    Шежіре - Ысық
    5 Қараша 2014
    Шежіре - Тобықты руы
    31 Қазан 2014
    Шежіре - Ботбай руы
    30 Қазан 2014
    Шежіре - Матай руы
    27 Қазан 2014
    Шежіре - Үйсін
    23 Қазан 2014
    Шежіре - Байбақты
    22 Қазан 2014
    Шежіре - Жаппас
    20 Қазан 2014
    Шежіре - Кете
    17 Қазан 2014
    Шежіре - Алаша
    15 Қазан 2014
    Шежіре - Шекті
    14 Қазан 2014
    Шежіре - Шөмекей
    10 Қазан 2014
    Шежіре - Табын
    8 Қазан 2014
    Шежіре - Жетіру
    7 Қазан 2014
    Шежіре - Тама руы
    6 Қазан 2014
    Беріш руы
    3 Қазан 2014
    Шежіре - Байұлы
    1 Қазан 2014
    Шежіре - Әлімұлы
    29 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Адай руы
    26 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қыпшақ руы
    25 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Арғын руы
    24 Қыркүйек 2014
    Шежіре- Уақ руы
    22 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қоңырат руы
    19 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Керей руы
    17 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шапырашты руы
    15 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шанышқылы руы
    11 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Ысты руы
    10 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қаңлы руы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31