Шежіре-Қарақалпақ

Шежіре-Қарақалпақ

Қарақалпақтар (қарақ. Qaraqalpaqlar, қарақалпақлар) — түркі тілдес халық. Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақ Республикасын мекендейді.

"Алаш айнасы" интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Одан бөлек шежіре айдарында түркі тілдес елдердің де шежіресі көрініс табатын болады. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

Бұрынғы Кеңестер Одағындағы 424 мың қарақалпақтардың 94%-ы өз тілін ана тілім деп таныған (1989). Қарақалпақтардың антропологиялық типі орта-азиялық көне еуропалық нәсіл мен кейінірек келген моңғол тектес нәсілдің араласуы нәтижесінде пайда болған. Зерттеушілердің пікірінше, қарақалпақтардың арғы тегі біздің жыл санауымызға дейін-ақ Арыс жағалауынан бастап Жайық өзенінің аралығын, Солтүстік Кавказ бен Дешті Қыпшақ даласына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшіп-қонған тайпаларға саяды. Профессор Н.А. Баскаковтың атап өткеніндей, Үлкен Ноғай ордасынан 15-16 ғасырларда қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтары бөлініп шыққан. 1723 ж. Жоңғар қалмақтарының жойқын шабуылынан «ақтабан шұбырындыға...» ұшыраған қазақтармен бірге қарақалпақтар да Орта Азияның ішкі аудандарына, Ресей шекарасына ауа көшті, Кіші жүз қазақтарымен күш біріктіріп, қалмақтарды Жайық пен Жем бойынан ығыстырды. Қарақалпақтар ерте кезден жартылай көшпелі халық болған. Мал шаруашылығымен, балық аулаумен қатар көне дәуірден-ақ суармалы егіншілікпен шұғылданып келді. Бидай, арпа, күріш, тары екті, жүзім өсірді, әр отбасының бау-бақшасы болды. КСРО тұсында Өзбекстанда ауланатын балықтың 90%-ын қарақалпақтар беріп келген. Алайда Арал апатына байланысты балық аулау кәсібі үлкен күйзеліске ұшырады. Балық – қарақалпақтардың сүйікті асы болып келген. Балықты көбінесе, қуырып жейді. Сондай-ақ, араластырып даярлайтын тағам түріне қарма, уылдырық нан, қақпаш (кептірілген балық) жатады. Қарақалпақтардың күнделікті қорегінде сүт тағамы, қауын мен асқабақ көбірек. Қол өнері дамыған. Қарақалпақтардың ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Ұлттық мейрам мен ойындарға құрбан айт, ораза айт, наурыз мерекесі, сүндет той, бәйге (ат жарысы), ылақ (көкпар) күрес (палуан жарысы), дәруаз жатады. Қарақалпақтар сөз өнеріне ден қойған халық. Той-томалақ пен әр алуан жиындарда масқарапаздар (күлдіргі айтысы) жарысы өткізіледі. Қарақалпақтар ауыз әдебиеті бай. 18 ғасырда өмір сүрген ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Жиен жырау мен 19 ғасырдағы Әжінияз, Бердақ қарақалпақ әдеби тілінің дамуына лайықты үлес қосты. Әнші-жыршылар, сазеңдер мен қиссахандар халықтың ертедегі музыкалық мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші болып табылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста