Шежіре-Қарашайлар

Шежіре-Қарашайлар

ҚАРАШАЙЛАР – Солтүстік Кавказдың тұрғылықты түркі халықтарының бірі. Өздерінің Отаны – Қарашай-Черкесс республикасы халқының 38 пайызын құрайды. Негізі қарашайлар мен балқарлар бір халық, тілдері де бірдей. Тек жағрапиялық орны жағынан ғана екі бөлек орналасқандығынабайланысты, аттары өзгеше.

"Алаш айнасы" интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Одан бөлек шежіре айдарында түркі тілдес елдердің де шежіресі көрініс табатын болады. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

ХІІІ-ХІҮ ғасырларда жергілікті тау халықтары, бұлғарлар және аландардың қосындысынан түзілген қарашай халқы түркі халықтарының қыпшақ тобына жатады, сондықтан қазақпен туыс.   
ХІХ ғасырдың басында қарашай жерінде оба ауруы тарап, халықтың үштен екісі қырылып қалды. Артынша елді орыс әскері басып алды. 1828 жылы Хасаукин деген жерде орыс әскері мен қарашай жауынгерлері арасында 2 сағатқа созылған соғыс болып, бақайшағна дейін қаруланған басқыншылар Қырымшамхалы басқарған қарашайларды тауға қарай ығыстырады. Олардың саны 500 жауынгер болса, басқыншылар 1500 солдат еді. Обадан кейін мына нәубет келсе, қарашай халқы мүлдем жойылып кететінін ойлаған ұлт қариялары ертеңгі күні орыс әскері алдынан шығып, өздерінің Ресей қоластына кіретінін айтып, елді аман алып қалған.
1942 жылдың тамызынан 1943 жылдың қаңтарынан дейін қарашайлар неміс басқыншыларының қолына өтті. Бұл жерлер азат етілген соң, КСРО билігі оларды Қазақ және Қырғыз республикаларына қоныс аудару туралы жарлық шығарады. Өйткені, оларға неміс фашистеріне сатылды деген айып тағылды. Сол кездегі 75 мыңдай қарашайдың 69 мыңы туған жерінен аласталып, көшірілді. Қарашайлардың қазақ жеріне қоныс аударылуы, жергілікті жұрттың оларға көмек өкрсету жайлы мына жерден оқуға болады.
Қарашайлар ХҮІ ғасырдан Исламды қабылдай бастаған. Алайда ХІХ ғасырдың өзінде олардың діні Ислам, христиан, жергілікті наным-сенімнің қосындысы іспетті болатын. Алайда, бүгінгі күні барлығы дерлік Исламның сүнниттік бағытында.
Есімі әлемге танылған қарашайлар көп. Соның бірі – Сидней олимпиадасына Қазақстаннан қатысып, еркін күрестен күміс медальға қол жеткізген Ислам Байрамуков – қарашай ұлтының өкілі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста