Шежіре-Құмықтар

Шежіре-Құмықтар

Құмықтар - Дағыстанның байырғы түркі тілдес халқы.
Құмықтардың қазіргі жалпы саны 300 мыңнан астам. Негізгі бөлігі Ресей Федерациясының Дағыстан Республикасында (Хасавюрт, Бабаюрт, Қызылюрт, Буйнақ, Дербент, Қайтағ, Қаякет, Қарабудағкент ауданында), қалғандары Ичкерия, Солтүстік Осетия мен Ставрополь өлкесінде қоныстанған. Өте шағын диаспора ретінде Иран, Сирия, Түркия мемлекеттерінде де өмір сүреді.

"Алаш айнасы" интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Одан бөлек шежіре айдарында түркі тілдес елдердің де шежіресі көрініс табатын болады. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

Үлкен европеид нәсілінің құрамындағы балқан — кавказ нәсілінің кавкасион тобына жатады. Түркі тілдерінің қыпшақ тобына жататын құмық тілінде сөйлейді. Әдеби тілі буйнақ және хасавюрт диалектілерінің негізінде қалыптасқан. Құмықтардың көпшілігі ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Құмықтардың халық ретінде қалыптасуы 10-11 ғасырдан басталады. Олардың этнографиялық негізін Дағыстан жазығындағы жергілікті тайпалар мен осында келген түркі тілдес тайпалар (әсіресе қыпшақтар) құрайды. Құмықтар басқа да тау халықтарымен біріге отырып, 13 ғасырда моңғол шапқыншылығына қарсы күресті. Құмыктар мекендеген аумақта бірқатар ортағасырлық мемлекеттер өмір сүрді. Олардың ішіндегі ең ірісі — Тарковск княздігі болды. Құмықтар Ресей отаршыларына қарсы Шәміл бастаған ұлт-азаттық күреске (1847 — 1864) де қатынасты.
Құмықтардың дәстүрлі кәсіптері — егіншілік (бидай, арпа, тары, күріш, жүгері), мал өсіру, бау-бақша, көкөніс, жүзім өсіру, омарташылық. Үй кәсіптері мен қолөнерден шұға, кілем тоқу, тері, ағаш, металл мен тас өңдеу дамыған. Үйлерін шикі кірпіштерден, тастан салған. Ер адамдардыңұлттық киімдері — бешмет, сеңсең жамылғы, сеңсең бөрік, домалақ бөрік, теріден тігілген аяқ киім. Әйелдердің ұлттық киімдерінің қатарына бүкіл денені жабатын көйлектер (арсар, қос жеңді қабалай, т.б.) орамалдар, чутку (бас киім) жатады. Әйелдері арты ашық, теріден тігілген башмақтар киіп, киімдері ою-өрнек, әшекейлермен безендірілетін болған. Құмықтардың сан алуан ұлттық тағамдарына хинкал, курзе (тұшпара), долма, аш (палау), чишлик (кәуап), бозбаш, чуду, гюлеме, этмек, т.б. ет, қамыр, сүт өнімдерінен жасалған тағамдар жатады. Жүзімнен сусын,шарап жасайды. Құмықтар елді мекендерді юрт, кент деп атайды. Құмықтардың салт-дәстүрлері, мәдениет мен тұрмыс-тіршілігі жөнінен өздерінің ең жақын көршілері ноғай, қарашай, балқарларға ұқсас болып келеді. Құмық халқының бай ауыз әдебиеті, саз, би өнері сақталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста