Тарихыңды тани біл: Төрелер мен Төлеңгіттерді кімдер дейміз?

Тарихыңды тани біл: Төрелер мен Төлеңгіттерді кімдер дейміз?

Төрелер жүзге бөлінбеген. Бірақ, ұлтымыз қазақ деп мақтанады. Төбесіз жер болмайды- төресіз ел болмайды деген мәтел орынды да заңды айтылған-ау деймін.
Расында үш жүзге бөлінген біздің қазақтың рушылдығы мен жершілдігі тайға таңба басқандай көзге көрініп тұратыны кімге болса да таңданбайтын таныс әдет. Біздің орта жүз: Жанарыс – Арысұлынан, Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Уақ алты ұл туып, әрқайсысы жеке-жеке рулы ел болып тарағаны тарихта белгілі.

"Алаш айнасы" интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

Енді негізгі бағытым Төре-Төлеңгіттер болғандықтан. Мәшһүр Жүсіп жазбасына да көңіл аударып отырмын. Ол кісінің жазбасы бойынша Арғынның апасы Нұржан атты қыз төре жігітімен көңілдес болып жүріп, үйде отырып жүкті болып қалады да, ұл табады.
«Бұл ұят болды ғой қалай болды?»- деп, сұрағанға дәнеңе айта алмай ұялғаннан шәшін тарақпен тарай беріпті. Осыған орай ұлдың атын ел Тарақты қойыпты. Әкесі Иман Нұржанға үйлене алмай соғыста қаза табады деп жазған.
Ал, Тарақты нағашы атасы, Қарақожаның тәрбиесінде өсіп, оның мирасқоры болған дейді. Сонда «Қыздан туғанның қиығы жоқ» деген мәтел осыдан қалып, Тарақты Жанарыстың бір баласы болып тарихқа енеді де кейіннен «Ноқта ағасы» болып сайланған екен.
Төрелердің көп қоныстанған жері Қытайдың Құлжа, Үрімжі, Толы сондай-ақ Дөрбілжің мен өзіміздің Жәркент аймақтарының маңы көрінеді.
Кезінде жастықтың әсерінен көптеген зерделі сөздерді естігенімен оның шығу тегіне мән бермегеніме өкінемін! Сұрайтын көне көз қарттарымда ортамызда жоқ.
Біздің Найман - Назар атамыздан тарайтын Бұқабай, Наурызбай және Қарауыл жасақ рулары Төре жұртыменен құдандалы екенінде, кейіннен көзім көрген соң ғана білдім. «Қызды кім алмайды, қымызды кім ішпейді»- дегендей Төрелермен жекжат болып жатқанымызға да өкініп отырған жоқпын. Қайта тарихтың қойнауына үңіліп, ой-санамды жетілдіре түскеніме қуанамын. Мен өзім Жәнбике болып Төрелермен құйрық бауыр жескен аталарымыздың соңғы буыны болғандықтан мен кейінгі «іні қарындастарыма» кешегі нағашы жұртының шығу тегін біле жүрсін дегең ниетпен қолыма алып отырмын.
Осы тарихи жазбамды жазбас бұрын. Оңтүстік өңірінің азаматы «Үш жүздің тарихи шежіресін» 1956 жылдан зерттеп, ел аузынан және шағын кітаптардан құрастырып бір жүйеге келтіріп, заң ғылымы мен тарих ғылымдарының таразысы мен елеуішінен өткізіп барып баспаға ұсынған. Теңізбай Үсенбаевтың сондай-ақ, Буряттың халық жазушысы «Сұм заман» кітабының иегері, Калашниковтың еңбектерін оқып, өзіме керек жерін сол кітаптардан пайдаланғандығымды оқырман қауымға ескертемін.
Енді Төре- Төленгіттер тарихына ауыспастан бұрын тарихтың ортасынан өшпес орын алған, Шыңғысханға тоқталып өтуімде осы шығарманың негізгі жауабы болмақ деймін.
Бұны Төленгіттер Төрелердің қыздарынан туған кейінгі, Жәнбике руның соңғы қосын ұрпақтарына нағашы жұртының аталу тегін біле жүргендері жөн болар деген ниетпен жазып отырмын.
ІІ.Темужін-Шыңғысхан Есукейұлы
Темужін Шыңғысханды әңгімелемес бұрын оның әкесі, Есукей батыр мен анасы Әуелүн жөнінде айта кету де, оқырмандарға түсінікті болар. Сонау көне маңғұлдар тарихынан белгілі болғандай Қырым, Татарлар, Меркіттер, Наймандар, Қоңыраттар, Тайшылар тайпалары бірімен-бірі жауласып шапқыншылық кезеңінен өткен.
Төрткүл дүниенің шығыс өңірінен туындаған осынау «сұм заман» ширыға толысып әлем тарихының ортасын ойып орын алды. Шырма шату жылдарда сұрапыл қан кешкен тайшылар тайпасының соңғы көсемі, әлем атын жатқа білетін Темужің Шыңғысханды тарих осылай дүниеге әкелген.
Бұрынғы Тайшылар тайпасының қолбасшысы, соғыс өнерінің шебері және ақылгөй дана көсемі, Амбығай хан екен. Амбығай болашақ ел тыныштығын сақтау мен қатар тайпалар арасындағы қанды қырғынды тоқтатып, бейбіт келісімге келу үшін сол заманда қауіпті де қатыгез Қырым Татарларына небәрі үш-төрт батырмен ғана аттанған. Бірақ Амбығай ханның ежелгі ата жаулары алдына бейбіт жолмен келген елшілерді тірідей тақтайға шегелеп өлтіреді.
Амбығай ханның қазасы Тайшылар тайпасының жүрегінде бітпес жара болады. Амбығай хан дүниеден кеткен соң оның ұлы, Тоқтабекті хан мұрагері деп, «хан тағына» отырғызады. Амбығай ханның қанды көйлек досы, Қабылхан тайшыдан, Бартан батыр туады. Бартан батырдан Жиренбас Есукей туған екен. Қырым татарларынан Амбығай ханның кегін алу үшін, Тоқтабек Есукейді басшы етіп қалын қолмен татарларды шабуға аттандырады, осы жорықта Есукей Бартанұлы бастаған шапқыншылар тобы, Қырым татарларын тегіс шауып жеңіске жетпегенімен мықты деген үш, төрт қосынан шауып мол олжамен кейін қайтады.

Соның ішінде татарлар қосынаның жау жүрек бахадүрі соғыста жауына беріспей соғысқан Қара батыр атанған «Темужін угені» Есукейдің бұйрығымен сарбаздар тірідей қолға түсіріп тайшылар арасына алып келеді.
Есукей жорыққа аттанғанда оның әйелі қоңырат қызы Әуелүн 7-8 айлық ай-күніне жақындаған ауыр аяқ екен.

Жорықтан аман-есен оралған, Есукейді Әуелүн ұлды болып қарсы алады. Есукей тырбандаған қызыл шақа ұлын қолына алып тұрып, көктәңіріне жалбарынады. Қазір менен асқан бақытты адам жоқ! Мен ұлды болдым, көктәңірі осы бақытымды ұзағынан сүйіндіре бер деп, ұлын алып ұзақ искейді де, тұтқын болған байлаудағы «Темужін угеге» массатана басып кеп оның алдына тоқтайды.
- Ей, татардың жаужүрек Қарабатыры, көрдің бе! менің ізбасар шаханақ ұлымды. Осының шілдехана тойының құрметіне сені көп ұзамай құрбандыққа шаламыз. Сіз өз ұлтыңның туында адал намысты батыр екеніңді ауыр соғыста көзім көрді. Бірақ, сен менің тұтқыным болдың. 

Өмірге жаңа келіп әлі есімі қойылмаған мына шаханақ ұлыма сенің есімің, Темужінді қоймақпын. Бұлда сен секілді менің сүйікті тайшыларымның батыры болсын деген ниет қой. Темужін сені өлтіргенмен, сенің атақ-даңқыңды өлтірмеймін. Темуіжің есімін әлем тануға тиісті. Бұл саған жасаған, Есукей батырдың зор құрметі деп білерсің деді де ордасына бұрылды.
ІІІ. Әуелүн Есукейге қалай келді?

Көне тарих былай дейді. Әуелүн қоңырат тайпасының ақылына көркі сай қанында туа біткен өр мінезді, батырлығы бар орақ тілді қыз еді. Кезінде меркіт тайпасының төленгіт қараша қосынында туып-өскен намысшыл да батыр әрі мерген аңшы «Шіледу» атты жігітімен көңіл қосып аз күндік баянсыз дәурен кешіп мәңгілік құтты босағасын аттау үшін, Әуелүн мен Шіледу екеуі «Анон» өзенін бойлап өгіз арбаға бір ат байлап меркіт еліне қашып келе жатады. Кенет қалың қамыс арасынан тайшылар тайпасының әлі үйленбей жүрген бозбала батыры еңгезердей жиренбас Есукей тап болады. Жиренбастың бірден арбадағы қызға көзі түседі.
- Ей, батырым! Мына қыз сенің қарындасың болса мен саған күйеу бала болуға дайынмын,- дейді Есукей өктем де тәкәпәр үнмен бұларға ат үстінен қадала қарап. Шіледу оған оқты көзімен от шашып қарады да, 
- Жоқ ол менің қалыңдығым үйге әкетіп барамын,- деді ширақ үнмен.
- Олай болса батырым басың аман тұрған да ана жетектегі атынды мінде жолыңды тап! Өгіз арбамен қалыңдығың осында қалады деп жиренбас қарақшы тура кесімін айтты. Жиренбастың айтқанын орындамай тынбайтынын Әуелүн бірден түсінді. Жиренбас Шіледуді бірден өлтіріп жіберуден тайынбас еді. Арбадан атып түскен Әуелүн Шіледуді құшақтап тұрып- Бар! Бараберші батырым мынау жиренбас бәле сені өлтіре салып мені әкетуге дайын тұрғанын білдің бе?- деді.
- Жауыма жаурынымды бергенімше кеудемді төсеп өлгенім артық деді, Шіледуде ширыға қасқайып. Мынаның оңай жау еместігін жиренбаста түсінді. Мен сені өлімге бермеймін деді Әуелүн даусы құмығып.
- Сен өмір сүруге тиіссің! деп оның тұла бойы жан кештілік ашу билеп алды.
- Әй, жиренбас бөрі Шіледу кетсе кетеді ол өлімнен қорқып тұрған жоқ. Оның өлімін қаламай тұрған мына менмін. Естідің бе Жиренбас қарақшы! Егер сен Шіледуді өлтірер болсаң мына мен көз алдында бауыздалып тынамын деп, күйеуінің сапысын белдігінен жұлып алды да
- Қош бол Шіледу. Қош деп оған жалынышты көзімен қарады.
- Мен сені жай ғана сұлу шығар деп ойласам, сен өзің ержүрек жауынгер екенсін ғой дейді риза болғандай Жиренбас бәле!

Есукейдің қалай сүңгі көтергенін байқамай қалған Әуелүн қолындағы мығым ұстаған сапының қалай ұшып кеткенін аңдамайда қалды. Қарусыз қызды ат үстінен қапсыра құшақтап іліп алған Есукей алапаттай алақанымен Әуелүннің үнін шығармай аузын жапты. Қарсыласуға шамасы келмеген қыз Жиренбастың алдында, көкбардың серкесіндей өңгеріліп қолаң шашы шөпке оралып бара жатты.
Міне, Әуелүн Жиренбас Есукей Бартанұлына осылайша ғайыптан пенде болады. Арада жылжыған шабан өгіздей жылдарда өтеді. Әуелүн ханым атанып оның көңілінен кешегі сүйіктісі меркіт жігіті Шіледуде бірте-бірте өшіп біткен. Оның есімін еске алуда, Әуелуін үшін күнәға батумен тең болған кезгеде жетті.
Кешегі Есукейдің татарлар жортуынан мол олжамен Қара батыр «Темужін үгені» тірідей тұтқындап қайтқанда туған қызылшақа шаханағыда он екіге толған. Қарабатырды баласының тойына құрбандық еткен Есукей батыр сөзінде тұрып ұлына Темужінің атын қойды. Міне жас темужінде ат жалына жармаса кезге жетті. Кешегі Қарабатыр «Темужін үгенің» атына ие болған жас Темужін Есукей ұлыда он екі жасқа толады. Ел арасы атыс-шабыстан біраз тынышталған кез екен. Есукей мен Әуелүн Қоңырат елінің атақты мырзасы Дей қонаққа шақырады.
Алмағайып заманда, туған елінен ажырап тайшылар тайпасына пенде болған Әуелүн қоңырат елін бір көру іште жатқан арман еді. Енді міне сол арманға көктәңірісі жол ашқандай. Дей мырзаның шақыруын, Есукей қабылдады. Шешесінің төркіні қоңырат еліне он екі жасар атжалына жармасуға жарап қалған Темужінде бірге барады. Қайын жұртының құрметіне бөленген Есукей батырда Әуелүндей жар тауып, Темужіндей ұл сүйгеніне өзін бақытты санап масаттанды. Ал, Әуелүн болса, Дей мырзаның бойына ойы сай көрікті де көркем қызы, Бөртеге көзі түседі. Бөрте Темужіннен бір екі жас үлкен көрінеді. Ештеңе етпейді қайта тентек ұлын тезге салып түзейді деген оймен өз шешімін Есукейге айтты. Темужіндей ұл тапқан өзінің сүйікті жары, Әуелүннің сөзі қалай жерде қалсын. Дей мырзамен құда болуға Есукей бірден-ақ келіседі. Қонақтың соңы құдалықпен бітіп екі бала бір-біріне үйреніссін деседі де, Темужінді Дей мырзаның қолына аманат етіп қалдырады да, Ескей мен Әуелүн еліне қайтады. Бірақ әке мен баланың осы сапары мәңгі ажырасуы болатынын Есукей мен Әуелүн білмеген еді.

ІV. Есукейдің қазасы 
Өлі араның бастамасындай, тайпалар арасында бей-жай қалыпта атыс-шабыс барымтадан ала болып, бейбіт тіршілік орнағандай сәт еді. Қоңырат елінен құдандалы болып көңілді оралған Есукей батыр, сауыт-сайманын тастап олда бейбіт өмірдің тынысымен дем алып, аңшылыққа бет бұрады. Осылай күндер өтіп жатады.

Бірде Есукей қаз үйрек атуға «Анон» өзенінің жағасына жалғыз шығады. Бүгінгі күні сәтсіз өтеді. Бірер қырғауылмен үйректерден басқа қанжығасына ештеңе байланбады. Әліде бірденелер, ілігер деген үмітпен жүргенде ымырт үйіріліп қараңғылық түскенін бірақ біледі. «Анон» бойын жағалап келе жатыр еді, жағалаудан жылтырап жанған от көрінеді, отты айнала жүрген адамдар сұлбасында байқады.
- Е, бұлар аңшылар қосы шығар деген оймен әлгі жаңған отқа қарай тартты.
Келсе расында, құс аулап жүрген қарапайым аңшылар болды. Құдайы жалғыз атты қонақты әлгілер жылы қарсы алып қонақ қылғанмен топ ортасынан әлде бір егде кісі қайта-қайта Есукейге барлап қарай берді. Есукей көңіліне ештеңе алмастан аухаттанып алдыда атын кісенге бекітіп жатып қалды. Әлгілер от басында күбірлесіп қап отырады. Анда- санда «Жиренбас» деген сөздер естіледі, оғанда мән бермей жатып ұйқыға кетеді.
Есукейдің бұл кездескен адамдары, тайшылар тайпасының көсемі, Амбығайдың тірідей шегелеп өлтірген татарлар тайпасындағы тегеуірінді қосындардың бірі, кешегі Есукей Амбығайдың кегін қайтаруға барғандағы қолға түскен қара батыр, Темужін угенін хандастары болып шықты.
Темужін угені Есукей ұлының шілдеханасына құрбандық етіп, оның ерең батырлығын құрмет тұтып ұлына сол батырдың есімін қойған еді деп жоғарыда айтқан едік.

Енді міне дүние кезек деген осы болар, қанды қол жиренбас Есукей ата жауларына аңдаусызда тап болып қонақшылап жатқан түрі мынау!
Татарлар аңдаусызда келген қонағын егде тартқан аға татар арқылы танып біліп мұның көзін қалай құртамыз деп, ақылдасуда. Бірден бас салуға тағы жүрексінеді олар. Мүмкін артынан бізден бәленбай есе көп нөкерлері бақлап тұрған шығар деді бірі. Олда мүмкін десті қалғандары. Олай болса бұны байлап матамай ақ амансау ортадан аттандырайық, бірақ еліне жететіндей ғана өмір силайлық деді аға татар.

Таң ағарып атқанда Есукей ұйқысы қанып алаңсыз оянады, атыда кісенін сындырлатып, анадайда жайбырақат жайылып тұр екен. Есукейдің жүрегі зырқ ете түсті. Түнде аңғармапты, мыналар татарлар ғой деп күбірледі. Тұтқынға соғыспай түстім-ау деп, беліндегі сапысын қысып ұстады.
Бұлар мені соғысып жеңе алмас мүмкін Амбығайдың сенімді сарбазы Бартан батырдың ұлы Есукей екенімді танымаған болар деген ойда қылаң берді.
Татарлар ұйқыдан тұрған Есукейді жібектей созылған көңілмен қарсы алды. Аға татар қонағына шар аяқпен салқын қымыз ұсынды, қатты ұйқыдан шөлдеп оянған Есукей ризашылықпен шар аяқтағы қымызды дем алмастан сіміріп сап, болар-болмас тамсанып қойды да кісендегі атына беттеді.

Бұлар мені нақ таныса осы қазір артымнан садақ тартар деді. Ол ойыда керісінше болды. Қанша батыр болса да ет жүректі пенде ғой мына арадан сыр бермей жылдам кетуге асықты. Атын әкелді ерттеді, әлгілердің қастандық пейілі көрінбейді.

Татарлар мені таныды, бірақ баталмай тұр, шірік немелер деді ішінен ғана сыбап. Татарлар арасынан Есукей сыр білдірмей сыпайы ғана аттанып кеткенімен татарлардың кешегі қара батыр «Темужін угенің» тұтқын боп тайшылардың қолында өлгенін біле тұра, мына қонақ жайлығына таңданыпта қауып теніп келеді. Әйтеу татарлардың қолына тұтқын етпей қорлығынан айырған көктәңірісіне бәр алғысын айтқанмен жол ортада аса бере денсаулығы сыр берді.

Татарлардың күліп тұрып өлтіретін жібек мінезді айласын Есукей кеш түсінді. Олардың қымызға «у» қосып бергенінде аңғал басы енді сезді. Әйтеуір ауылына теңселіп әзер жетті. Әуелүн мен төленгіттері батыр, Есукейді өз ордасына көтеріп кіргізді.

Көп ұзамай қоңырат елінде қалындық ойнап қалған жалғызы Темужінді алдыр деп батыр мәңгіге көз жұмады. Міне, Есукей батырдың өмірі осылай бітті!.
V. Әуелүн мен Темужіннің кейінгі тағдырлары
Есукей өмірден өткен соң, малжан мен қоса ел билігін, Әуелүн өз қолына алады. Есукейден қалған төрт ұлы Темужін, Қасар, Белгітай және сүт кенжесі Хачун анасының қамқорлығына қарап қалады.

Есукейдің топырағы кеппей жатып ақ кешегі қанды көйлек сенімді досы Тарғылтай қырылдақпен оның інісі Аушу баһадүр Есукей әулетіне күтпеген мінездерін таныта бастады. Кешегі қолбасшының байлығы мен мал жанының иегері біз боламыз деп, жарсалды маңайындағыларға. Алдымен Темужін Есукей ұлының әкесінен қалған бәйге тор атын тартып алды.

Одан соң бірте-бірте Есукейдің малшы-жалшылары мен қатар орда сарбаздарына қоқанлоқы жасап қаралы жесір, Әуелүннің іргесін күнін санап жалаңаштай бастады. Ұры қарысын ашық айдап, мал жанын тегіс барымталады.

Іргесінен елі кетіп алдындағы малы талансада, Әуелүн Есукейден қалған төрт жетімін, қалайда аман сақтаймын деп ант етті. Көктәңірінен осылардың амандығын тіледі. Жапан далада жалғыз қалған, Есукей шаңырағы табиғаттан қайыр сұрады.

Өзен бойлап балық аулады, тау-тасты кезіп өміріне өзек болар шөптердің тамырларын жинап азық етті.

Табиғат анамыз барда өлмеспіз бұғанда тәубә депті,- Әуелүн. Бірақ бұл тірліктері де пақырларға көптік еткендей болды.
Кешегі жиренбас Есукей Бартанұлының қанды қолыма, әлде сүйгенінен айырған меркіт жігіті, Төленгүт Шіледудің көз жасыма, әйтеу күннен күнге Есукей ұрпағына не бір бәлелер ойламаған жерден өсіп шығып жатты.
Жапанда қалған жалғыз үйге, Тарғылтай қырылдақтың жендеттері мазаберуді қойды. Олардың ойы, Есукейұлы Темужін еді. Бұлардың секем алған Әуелүн балаларын балық ауландар деген сылтаумен күндіз баласы үй маңында болдырмайды, мұны созған қырылдақ Тарғылтай қалайда Темужінді ұстап әкелуге бұйырады. Аңдыған жау алмай қоймас дегендей Темужінді қапыда қолға түсіреді.

Темужін үшін қапаста азапты жолдар басталады. Анасынан, бірге туған інілерінен айрылады. Олардың тағдыры қалай болғаны Темужінге жұмбақ болды. Мойнына көп жылдар ажырғы қамытын киген Тарғылтайдың құлақ кесті құлы атанды. Есукей ұлы бұған жасымады, керісінше жігері шыңдала берді. Осылайда-осылай жалқау жылдар-жылжумен өтіп жатты. Семіз ноян, қырылдақ Тарғылтай әлде бір қуанышына ұланғасыр той жасамақ болып, дайындық жасатады. Оған игі жақсылармен қатар кешегі жиренбас Есукей қолбасшының етене туыстары атап айтқанда маңғулдардың тұңғыш ханы болған даңқы асқан Тайшы Қабыл батырдың ұрпақтары, қазіргі ажырғылы құлақ кесті құлы болған.Темужіннің етене туыстары Дәрітай-отшығында. Құшарда, Сашыбекте, Алтында, Бөрі-Бұқа да осы тойға құрметті қонақтар етіп шақырылған-ды.
Тарғылтай қырылдақтың негізгі мақсаты тайшы Қабыл батырдың кейінгі әулетін, өзінің құлақ кесті құлы еткен, Есукейұлы Темужінді туыстары алдында тағы бір масқаралумен қатар кейінгі тайшылар әулетіне сес көрсету еді. Бәрінің алдына тостаған толы шараппен үйеме ет салынған абажадай тегене. Ал үсті-басы кірлеген, денесіне жыртық-жыртық шоқпыт жабылған. Бейне бір найзаның күшімен жат жерден барымтаға әкелген құл сияқты. Тойына масқаралық ажырағы киген, Темужінді етене туыстары көреді. Мына көріністен Құшар көзін тайқатып әкетеді. Дәрітай-Отшығында шыдамай, қозғалып кетті. Төртбақ денелі Сашыбекте тұнжырап ернін тістелеп отырса ағаларының бірі Алтында намыстанып көзінің жасын іркіп алды. Қаракүштің иесі найзалы тудың киесі Бөрі-Бұқа мынау көріністі жақтырмағандай көкке қарап мұрнын тартып қояды. 

Әрдайымда қабағы түсіп, қатулы жүретін Тарғылтай Қырқылдақтың жағасы жайлау, жаны жарқын. Өйтпегенде қайтсын, Темужін арқылы Тайшылардың арғы атасы, Қабылхан мен Бартан батырдың соңғысы мыналар арқылы бір тайпа елді мазақ еткеніне өте мәз еді. Және де қыңырайсаңдар сендерде осының кебін киесіндер деп көрсеткен айбаты тағы бар.

Келген қонақтардың бәрі етпен араққа тойып есеңгіреп масайған шақ. Аушу-Баһадур, Темужінді өзен жақтан отын әкелуге аңдаусызда жұмсап қалады. Тарғылтай қырылдақтың қисық мінез шілінгір ұстасы, Жаршудай, осы тойға келудің алдында Темужіннің ажырғысының құлпын ашып ел көзіне өтірік кигізіп қойғанды және де талдың арасына қашуға сенімді аттыда дайныдап қойған еді. 

Аушу Баһадүрдің отынға жұмсағанында Темужінге сәтті кезең болды.
Тал арасына кірген бетте мойынындағы ажырғысының ілегін ағытып, лағнет ажырғыны жерге атып ұрып мойынын босатты. Анадайда жасырын тұрған атқа міне сап Тарғылтай қырылдақтан іргесін ажыратып қашып кетті. Темужін өзіне бостандықты осылай алады.

Тарғылтай қырылдақтың құлдығынан құтылған Темужін дала кезген көкжалдың күнін кеше жүріп ендалада лашық астында өлместің күнін кешіп отырған анасы Әуелүнді табады. Інілері Қасар, Белгітай, Хачундармен табысып өлгелі тіріліп, өшкені жанғандай. Есукей шаңырағы қайта бой көтеріп жандана түседі.

Қаншама жылдарды азаппен өткізген анасы мен інілерінің қайғы қасыреті Темужінді көрген соң ұмыт болды. Қасқырдың бөлтірігіндей інілеріде көкжалданып азу тістері көріне бастаған екен. Бәріде әкелеріне ұқсаған алпамсадай денелері толықсып қалыпты. Бұларды көрген Темужіннің бойына жаңа күш қосылғандай болды. Мінездерінде де батырларға лайық өктемдік пен ерліктің жалыны шарпуда. Ойындар найзаласу мен садақ тартып нысана көздеп ату екен. Соның бір айғағы Темужінді қалайда қолға түсіру немесе кепілдікке інілерінің бірін алып кету үшін, Тарғылтай қырылдақтың үш төрт жендеті жетеді. Әуелүнге өктем сөйлеп, Темужінді тауып бермесең мыналардың бірін алып кетеміз деп қорқытады.

Көкжалдың ұрпағы көкжалдығын жасап, әлгілерді қапылыста қолдарын артына байлап, жаяу түн үшінде айдалаға айдап жіберіп, таңбозынан әлгілердің соңынан қуып барып, түгел өлтіреді. Міне, Есукей балалары озбырлардың қанымен өз қолдарын алғаш рет осылай жуады.

Кешегі өткен Қабыл, Амбығай, Бартан Есукейдің заманын қайта тірілтпекке ата жауларынан кек алмаққа бет дүзейді. Бұл үшін ақыл айлада керек еді. Тарғылтай қырылдақ ендалада қорғансыз отырған Әуелүн шаңырағына, Темужін қашып кеткен соң тіпті өшіге түсті. Әуелүнді күң ұлдарын тегіс құл етуге бекінген. Ана келіп, өлім тапқан жендеттер сол барлаудың алғашқы құрбандары болды. Қалайда қорғанысқа көшіп, Тарғылтайдан кегін қайтару Темужінді мазалай берді.

Көп ойлады, інілері де сайдың тасындай сарбаздыққа тегіс жарғанына да сенімі жетті. Ойлана келе Амбығай өлген соң әкесінің орнына хан тағына иегер Тоқтабек осынау әке тағына бірден отыра алмаған. Хан тағына таласқан ағайын тумаларда аз болмаған. Тоқтабек таққа Есукейдің күшімен ғана қолы жетпеді дейді тарих. Жақсы әкенің аруағы жаман балаға мың жылдық азық дегендей. Темужін аттың басын осы Тоқтабекке тіреді. Тоқтабек болса, кешегі Есукей баласын құлдыққа зорлап әкеткен Тарғылтай қырылдақпен есеп айырсу ойы мазалай беретін.

Темужінді, Тоқтабек хан зор құрметпен қабылдады. Ендалада ата-жаулары Тарғылтай қырылдаққа жем боп кету қаупінен, Әуелүн шаңырағын маңына көшіріп әкеп алдына мал сап сенімді қорғаны бола білді.
Темужінге арнайы жасақ беріп күш қуатын молайта түсті. Есін жиып күш қуатын молайтып келе жатқан, Темужін, Қоңырат еліндегі, Деймырзаның жастай атастырылған қалыңдығы Бөртені алып шат-шадымен болады.
Тегеуірінді жауларына екпінді жауап беретін жағдайға жетті. Хантағынан дәмелі ханыкөз нояндар Темужіннен сескенетін болды. Тоқтабек пен Тұғырлы (оңхан) бастат хандардан қолдау тауып, оңғытты мен қырым татарларын, Дулат, Жалайыр, Меркіт және Найман елдеріне шабуыл жасап ойсырата жеңген Темужін 1203 жылы 49 жасында осы елдердің әміршісіне айналып, хан сайланады. Әлемді тітіркенткен Шыңғысхан тарих бетінде осылай жазылған.
Темужің Шыңғысхан 1154 (доңыз) жылы моңғолдың Болонжылдық деген жерінде туған.

Шыңғысханнан төрт ұл туған олар мыналар еді. Жошы , Шағатай, Үкітай, Төле атты ұлдары Шыңғысхан заманында, Қырым татарларынан бастап қазақтың ұлы жүз, кіші жүз, орта жүздерінде хандық құрып билік жүргісе, Төле атты кіші ұлы Қытай империясына билік жасаған деп жазады көне тарих.
Сонда Бартан батырдың баласы Есукей ден бастап оның ұрпақтарыда Қоңырат елінің қыздарына үйленіп ұрпақ өсірді.

Ежелгі тайшылар тайпасының тумасы, Темужіннің ұлы бабасы монғолдардың алғашқы әмірші ханы Қабылхан екенін жоғарыда айтқан едік. Үзілген арқанның жалғауындай хандық заманның жалғасы, Шыңғысхан ұрпағынан бастау алып қазақтың ұлы ханы Абылай атамызға дейін жетеді.

Тарихи шындықтарға жүгіне отырып айтатын негізгі ойларымыз, арғы тегі монғол хандықтарынан туындаған, қоңырат тайпасының жиен тумалары өздерін қазақи жүзге бөлмей, біз қазақпыз, Төре ұрпақтарымыз, еліміз төре болады деуіне мақтанса мақтанарлық дейміз.

Біздің «төре» қыздарынан туған найман атамыздың соңғы немере-шөпшектері осынау тарихи шындықты біле жүргені артық болмас.
Бұл менің қаламгерлік жеке ойларым еді. ал, Алла қуат берсе, Төрелерден шыққан жұлдыздарға да қалам тарту ойда жүр.

 VІ-Енді төленгіттер жөнінде
Төленгіттерде жүзге бөлінбейді. Оларда қазақпыз деп қазақ дәстүрін мықты сақтаған. Ежелгі қазах шежірелерінде руларын «Төленгітпіз» деп атаған екен. Сонда «Төленгіттің» қайдан шыққаны жөнінде тарихшылар әр түрлі түсініктеме айтады.

Мысалы Шәкәрім Құдайбердіұлы «төленгүлт» деген елдің нәсілі. Алтайдағы «төлен көліндегі» Алтай тау қалмағының ұрпақтары деп жазса, Ғұламма Әбілғазы шежіреші олар ойрат қалмағының ұрпақтары хан төрелердің маңайындағы жалшылар дейді.

Ал қазіргі ел аузындағы аңыздарда осыған салды. Төленгіттер жөнінде тарихшы Даниярбек Дүйсенбайұлы оларды төртке бөліп таратады.
1.Төре төленгіт.2.Қалмақ төленгіт.3.Монғол төленгіт.4.Қазақ төленгіт деп саралап айтқанмен қазіргі «Төленгітпіз» деп жүрген қазахтар осы аталған төрттің қай тармағынан екенін өздері мен қоса басқа қазахтарда нақ айталмайтын көрінеді. Міне оқырман қауым төре төленгіттер жөнінде осындай деректерді пайдаланып осынау тарихи шығармаға нүкте қойдым. Бұрыс па, дұрыс па төрелігін оқырмандар айта жатыр.

Бейсен АХАНОВ,
АЛМАТЫ.
«Мөлдір сана» газеті
baq.kz

Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ
Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.
Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.
Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:

Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған жаман екен,
Қара көзден мөлдіреп жай келеді.
Мына заман, қай заман, бағы заман,
Баяғыдай бола ма тағы заман?!
Атадан ұл, енеден қыз айырылды,
Көздің жасын көл-дария ағызамын.
Мына заман, қай заман, қысқан заман.
Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.
Топырақ пен аспаннан шаң борайды,
Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.
Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,
Қабырғама қара жер батты, Құдай.
Жаяу жүрсем, табаным ауырады,
Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!
«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.
Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.
Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.
Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.
Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.
Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.
Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста