Түрікмендер

Түрікмендер

Халықтың өзінше атауы - түрікмендер. Көпшілігі Түрікменстанда тұрады.  Түркі тілдер тобының оғыз бұтағына  кіретін түрікмен тілінде сөйлейді. Әдеби тілі текин диалектісі негізінде. Суннит-мұсылмандар дінін ұстанады. Түрікмендердің негізгі кәсібі егін шаруашылығымен бірге көшпелі және отарлы мал шаруашылығы.
"Алаш айнасы" интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Одан бөлек шежіре айдарында түркі тілдес елдердің де шежіресі көрініс табатын болады. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.
Дәстүрлі тұрағы киіз үй (гара ой). Сонымен қатар тұрмыстық қоныстарының қатарына 1-3 бөлмелі саз балшықтан соғылған немесе өңделмеген кірпіштен тұрғызылған жазық төбелі, кішкене терезелері бар  үй (там)  жатады.
Ұлттық тағамдарына түрлі дәмдеуіштер қосып, еттен жасалған сорпа (чорба), қуырылған ет (говурма), палау (палов), сүтті тағамдарына сиырдың, ешкінің, түйенің  сүтінен жасалған тағамдар (гатык, сузме, агаран) жатады.  Ұннан шелпек (чорек, гатлама, челпек) пісіреді. Көп мөлшерде көк шай (гок чай) ішеді.

Егде жастағы түрікмендерде сақталған ерлер костюмдері жейде мен дамбалдан тұрады: сыртынан шапан киген. Бас киімдеріне ішінде кестеленген тақиясы бар,  ұзын  жұмсақ шашақты биік бөрік жатады. Шабандардың ұлттық аяқ киімдеріне ірі қара терісінен тігілген - чарык, чакай жатады. Қызыл түсті жібек шапандарды - гырмызы дон - телпекпен бірге мереке кездерінде, сондай-ақ, жас жігіттер  киеді.
Әйелдер - койнек - туника тәріздес, қарапайым қызыл түсті, ұзындығы тобықтан келетін көйлек, қысқа көкірекше (енсиз), астынан тар шалбар (балак) киеді, бастарын жібек немесе жүн орамалмен жауып жүреді.  Көптеген аудандарда қыздар бастарына  күміс әшекейлермен кестеленген тақия (тахья, борик) киеді. Әйелдердің ұлттық костюмдерін көп мөлшерде  күміс әшекейлермен кестелеу  тән.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста