14 жасар жүкті қыз сүйіктісіне шаң жуытпады

14 жасар жүкті қыз сүйіктісіне шаң жуытпады

2015 жылдың 1 шілдесіндегі дерекке сүйенсек, еліміз бойынша 15-18 жас аралығында 2420 қыз баланың жүкті екені анықталған. Ал, Қазақстандағы ең жас ана он үште екен. Бұл мәліметті жариялаған Президент жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Əсия Хайруллина.

Сараптай келе, жасөспірім қыздардың арасындағы ең көп кездесетін жəне ең ауыр мəселе - ерте жəне мəжбүрлі неке екенін анықтадық. Қазақстан бойынша жылына үш мыңнан астам қыз бала кəмелет жасына толмай тұрмыс құрады - деді ол, Астанада өткен қыз балалардың құқықтарын қорғау мəселелері айтылған дөңгелек үстел барысында... Шымкенттегі меншікті тілшіміз Айзада Төребекқызы жігіті тастап кеткен, өзі бөпелі болған бірнеше қызбен әңгімелескен. Әрине, стандартты жауаптар естіді – «жақсы көрдім, үйленем деді, кейін »... Алайда бірі «біздің жасымыздағы қыздар шолақ ойлы ғой, бүгінін ғана ойлайды, ертеңін ойламайды- деп, естінің сөзін айтты. Ал оны есейткен жағдайға дейін анасы «мәңгілік құндылықтар» деп кейбіреулердің күлкісін келтіртпей-ақ қоялық, ар мен тән тазалығының қасиетті тазалық екенін сыналап түсіндірмегені ғой?.. Сонымен бірге ер балалармен сөйлесетін асқар әкелер не істеп жүр? Тау қопарып жүр ме, жоқ әлде отбасын асырағанын міндетсіп, нервтері таусылып, боқтық пен былапыт сөзді бұрқыратып жүр ме? Өткенде мықты жазушымыз Төлен Әбдіктің «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» повесін, оның желісі бойынша түсірілген «Өтелмеген парыз» киносын айтқанбыз. Повесті оқыңыз, кітап оқысаңыз, ұйқы қысатын адам болсаңыз, киноны көріңіз... Әзірге біздің сюжет.

Он үшінде отау көтермесе де небәрі он төрт жасында жүкті болғандардың бірі –Наргиза. Әлдиін өбектеп жатқан жас ана аяғы ауырлағанда бар болғаны 8- сыныпта оқып жүрген. Кейіпкеріміз белгілі себептерге байланысты бет-жүзін көрсетпеуімізді өтінді. Айтуынша оны ерте есейткен-өмір. Сабаққа барғанынан бармаған күндері көп көрінеді. Күнкөрістің қамымен. Сөзіне сенсек ата-анасының орнына ізінен ерген бауырларын аш құрсақ қалдырмаудың қамымен біреудің кірін жуып, бір көршінің үй шаруасына жәрдемдесіп, ақша тауып келіпті. Осындай күндердің бірінде бүгінде бес айлық болған сәбиінің әкесімен танысқанын айтады.

Наргиза:

Ол қаланың жігіті екен. Сол , таныстық, сөйтіп ол маған «үйленем» дегеннен мен оған сеніп қойдым да.Сөйтіп , ..екеуміз жүргенбіз.Жүргенде ...екіқабат болып қалдым.

Сегіз айға созылған махаббат , ынтық сезім Наргизаның жүкті екені белгілі болғаннан кейін суып сала берсе керек. Айтуынша ғашығы үйленуге қарсы болмаған. Осылай деп кейіпкеріміз сүйіктісіне шаң жуытар емес. Кедергі болған басқа мәселе секілді.

Наргиза:

Ол жігітке айтқанда екіқабатпын деп ол уже мамаға айтқаннан мамасы қабылдамай қалды да мені, просто бір жағынан менің әке-шешем ішетін еді да. Әлі де ішеді. Сол үшін «бізге ондай отбасы керек емес деген да. Ол бала бір бала екен да мамасында.Бір-ақ бала екен. Сол мамасы не айтса соны істейді екен. Сөйтіп «біз оны алмаймыз, ондай болмайды, әке-шешесі ішеді, бізге ондай отбасы керек емес, ондай келін бізге керек емес» деген.Сөйтіп болды, біз онымен сөйлеспей қойғанда мамам оны біліп маған жаман сөйлей бастады. «сен осындайсың,неғылам мен сені баламен деп ше. Бізге туасың,как буд то туып соларға тастайтын сияқтымын да мен баламды .


Қазір бес айлық сәбиімен Наргиза Шымкенттегі «Аналар үйіне» тұрақтаған. Аяқ қолын бауырына алған одан әке-шешесі бас тартқанда осы жерден пана тауыпты. Қиын шақта қол ұшын созған мұндағыларға алғыстан өзге айтары жоқ. Бұл үйде онымен тағдырлас тағы он бес қыз бар. Арасында сәби сүйіп үлгергені де, өмірге сәби әкелер күнін тағатсыздана күтіп жүргендері де бар. Ұққанымыз бәрі де аңдамай шалыс басқандар.

 

Ал бұл -Марина. 16 жаста. Бір жарым жылдан бері Аналар үйінің тұрғыны. Перзентханада жатқанында туыстары шіріген жұмыртқаға балап, бас тартыпты. Әуелгіде баланы өздігінше түсірмек болған . -Ол әрекетімнен түк шықпағасын амалсыз, босануға шешім қабылдадым, - дейді өзі.

Марина:

Мен оны ешкімге айта алмадым. Мамама айтуға қорықтым. Кейін ішім үлкейген сайын қорықтым, үйден шығып кеттім. Сосын қалаға келдім.Домдардың қасында кішкентай үйшіктер болады ғой, иттер жататын, сондай жерлерде жатып жүрдім.

Ол қиындықтардың бәрі артта қалған қазір. Бүгінгі бар алданышы, қуанышы –қызы. Дегенмен отбасы, бауырларынан ажырап қалғанына қатты өкінеді. -Алаңсыз күндер қайта оралса, ол қателікті жасамайтын едім- деп ағынан жарылып отыр.

Марина:

Ұзақты ойлай алмайды ғой қазір біздің жасымыздағы қыздар. Ұзақты ойлай алмайды. Бүгінін ойлайды. Ертеңін ойламайды.+51.12-Мен де солай ойладым. Көзіме одан басқа ешкім көрінген жоқ. Мен ойладым соған байға шығам, осымен жүрем деп. Ал ол мен екіқабат болған кезде мені тастап кетті.

Ресми мәліметке сүйенсек бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысында кәмелет жасына толмаған, яғни 17 жасқа толмай жүкті болған 220 қыз бала есепке алынған. Бұл бірінші қазанға дейінгі мәлімет. Денсаулық сақтау саласының өкілдері бұл уақытта дабыл қаққанмен бәрі кеш екенін айтады. -Біз фактімен бетпе бет келеміз. Өрімдей қыз кімнен көтерді, баланың әкесі қайда? - деп сұрау салу емес, бірінші міндетіміз ана мен баланың өмірін қайткен күнде сақтап қалу-. Мамандар осылай дейді.

Ильмира Салыбекова, ОҚО денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы:

ОҚО бойынша 1-қазанға дейінгі аралықта 16 жасқа толғандарды қосқанда 220 аяғы ауыр қыз бала тіркелген. Мен айтар едім, 220 қыз баланың бәрі бірдей мектеп оқушысы емес. Ерте тұрмыс құрғандар көпшілігі , немесе колледже оқитындар бар арасында. Ал кәмелетке әлі толмаған қыздар туралы ақпаратты біз міндетті түрде ішкі істер департаментіне береміз . Ол қыздардың қандай жағдайда жүкті болғанын анықтайтын солар. Біздің мақсатымыз баласын аман-сау бауырына алуына жағдай жасау.

Ерте жүктілік бүгінгі қоғамның дерті демеске ылаж жоқ. Әрине айыптау оңай. Бірақ әрбір оқиғаның артында адам тағдыры тұр. Бұл келеңсіздіктің алдын қайткенде алуға болады? -Бірінші ағаттық отбасында ер адам мен әйел арасындағы тақырыптың мүлдем жабық болуы – дейді мамандар. Жұрттың көбінің шекесі шылқып жүрген жоқ. Тиісінше, күнкөрістің қамымен жүгіріп жүретін ата-аналар бала тәрбиесін шетке ығыстырып қояды. Ал өсіп келе жатқан баласымен әңгімелесіп, өмір өткелдері туралы айтады дегеннің өзінде, сол баяғы бет шымшып, ұялу басым.

Наушарман Боранбаева, ОҚО денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы:

Алдын алу үшін тағы да қайталап айтам, бірінші орында - ата-аналар жұмыс істеуі керек , екінші орында біздің менталитетіміз деп ұят деп санап қыз баламен ата-анасы сөйлесе алмайды. Соның барлығын жиыстырып қою керек та, «крык души» дейміз , мына қыз баланың жүрегіндегі айқайды естуіміз керек. Біз қашан өзіміздің балаларымыздың , қыздарымыздың , ұл балаларымыздың жүрегіндегі айқайды ести алатын болсақ сол кезде біз бұның алдын аламыз.

 

Әйткенмен іштен шыққан шаранасын тастауға дәті бармаған жас аналарға «Аналар үйі» тірек болып тұр әзірше. Шымкентте мұндай екі үй бар. Ай күннің аманында адасқан 25 тағдыр паналап отыр. Бір үйдің қыздарындай үй шаруасын бірігіп атқарады. Олардың балаларының ем-домы, балабақша мәселесі, тіпті жұмыс істеп, табыс табуына да көмектесіп отыр, әлеуметтік үйлер. Еліміз бойынша осындай 28 үй бар екен. Мақсат - ерте жүктілікті қолдау емес. Қайткен күнде де тастанды балалардың санын азайту. -Қор құрылғалы бері 1045 бөбек тірі жетім атанудан құтқарылды- дейді орталық жетекшілері.

Оксана Браткова, аналар үйі қоғамдық қоры жобасының үйлестірушісі:

Басты мақсатымыз тығырыққа тірелген қыздарымызға қол ұшын созу. Баласынан бас тартпаса екен дейміз біз. Бұл «әкесіз тусам тегін бағатын жер бар екен» деген ой тудырмауы керек. Аналар үйінде біз қыздарымызға жанашырлық таныта отырып олардың өмірден өз орнын табуына көмектесеміз. Бірінші кезекте білім алып, кәсіп иесі атанып, жұмысқа орналасуына септесіп жүрміз. Тіпті осында жүріп қыздарымыз бір басы екеу болғандары бар. Мен ойлаймын, мұндай қателікке қыздарымыз ата-ананың балаға өте аз көңіл бөлуінен жол береді. Алданып қалғаннан кейін отбасын жерге қараттың деген сөзден қорқып, суицидке де барып жатады.

Оксана Браткованың мәліметінше аймақтағы ерте ана атанғандардың ең жасы 13 те. Небәрі 3 сыныптық білімі болыпты. Ол қазір Көкшетау қаласында ашылған орталықта өзі құралпы қыздармен бірге білім алып жатыр...

Мамандар, бұл мәселе бойынша қыз бала ғана емес, ер баланы да тәрбиелеу керектігіне тоқталады. Жауапкершілік жүгі тек қыздар мен олардың аналарының мойнында емес. Жауапкершілік ер бала мен әкелердің де мойында. Өркениеттің жаңа технологиялары мен жаңа қалыптарын алып, бірақ тәрбие жолында жаңа заманның сауалдарына жауап бермейтін жалған да, қасаң шеңберлерден шықпай жүре бергеннен түйірдей пайда жоқ. Ол тек өзімізді өзіміз алдау ғана. Ал жалпы, біреудің обалына қалу... «парыздың өтелмеуіне» апарады.

 astanatv.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста