Мәселе

19 жастағы жігіттің өлімі: Тағы бір бұрынғы полицей Өскемен әкіміне қатысты өз шындығын айтты

  • Коллаж: NUR.KZ

    Коллаж: NUR.KZ

Өскеменде 19 жастағы Евгений Смольниковтың қағып өлтірген әкімдерге қатысты тағы да шу шықты. Сол түні әдеттегідей кезекшілікке түскен экс-полицей Сымбат Қайратов қайғылы оқиға орын алған түні, көлікте Өскемен әкімі Қуат Тұмабаев та болды дейді. Ол аздай шенеуніктен ішімдіктің иісі аңқып тұрыпты. Бұл туралы Атамекенге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.


Қайғылы оқиғадан кейін жұмысынан қуылып тынған Сымбат Қайратов жол-көлік оқиғасы орын алған түнді былай деп еске алады.


"Сол түні көлік жүргізген Өскемен әкімі біздің тоқтаңыз деген өтінішімізге құлақ аспады. Ол жол бойында үлкен жылдамдықпен жүрді. Ал, тоқтатып, құжаттарын сұрағанымызда, оның ішімдік ішкенін байқадық. Сосын оқиға орнына Риддер қаласы ІІД басшысының орынбасары подполковник Жаркенов келді. Ол әкімді өз көлігіне әкетіп, олар сол жерде өзара әңгімелісті. Біраз уақыт өткеннен кейін, бізді жұмысқа шақырып, "жол көлік оқиғасы орын алған сәтте көлікте тек Риддер қаласының әкімі Бауыржан Құрманбаев қана болды деп айтасыңдар" деген тапсырма берілді", - дейді бұрынғы тәртіп сақшысы.


Сондай-ақ, сол түні бейнебақылау камерасына түскен видеожазба да экс-полицейден тартып алыныпты.

Ал, ШҚО ІІД өкілдері болса, оқиға орын алған түні кезекшілікте болған полицейлер тәртіптік заң бұзушылықтар үшін, жұмыстан шығарылды деп салды.


"Қызметтік тексеру жүргізілді. Іс ІІД тәртіптік комиссиясында қаралды. Қызметтік тәртіпті өрескел түрде бұзғандықтары үшін полицейлер жұмыстан шығарылды", - деп қысқа қайырды ведомстводағылар.


Өкініштісі, жол-көлік оқиғасына қатысы бар Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев күні бүгінге дейін өз қызметінде отыр. Ал, өрімдей жас жігітті қағып өлтірген Бауыржан Құрманбаев болса, бар-жоғы бір жылға бас бостандығынан айырылған еді. 




Көрілген: 1072    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.08.2018, 14:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31