Мәселе

2018 жылы алматылық жұмыс берушілер 21 млрд теңге жарна аударды

  • 2018 жылы алматылық жұмыс берушілер 21 млрд теңге жарна аударды

    2018 жылы алматылық жұмыс берушілер 21 млрд теңге жарна аударды

Өткен жылы Медициналық сақтандыру қорына Алматы қаласынан 21 млрд теңгеге жуық жарна түсті. Ал, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен бері оңтүстік астаналықтар қорға 28 млрд теңгеден астам қаржы аударған. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Айтуынша, бұл республика бойынша түскен жарнаның 21 пайызы. Жалпы, Алматы қаласы төленген жарна көлемі жағынан еліміз бойынша көш бастап тұр, деді Тілеухан Әбілдаев.


Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылы жарнаны жұмыс берушілер ғана төлейді. Биыл олар жұмыскер табысының 1,5 пайызы көлемінде жарна аударады. Аударым жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен жасалады. Ал, жеке кәсіпкерлер 2019 жылы өзі үшін жарна аудару міндетінен босатылған.




Соңғы өзгерістерге сәйкес, елімізде биылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем жүйесі енгізілді. Бірыңғай төлемге өзге әлеуметтік төлемдерден басқа МӘМС жарнасы да енгізілген. Ол жиынтық төлемді төлеушілерге сақтандыру жүйесіне қатысып, МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерді пайдалануға мүмкіндік бермек. Төлемді жеке тұлғаларға қызмет көрсететін, жалдамалы жұмысшылар еңбегін пайдаланбай табыс табатын жеке тұлғалар аударады. Жиынтық төлем сомасы республикалық маңызы бар қала тұрғындары үшін – 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш), ауыл-аудан тұрғындары үшін – 0,5 АЕК құрамақ (2019 жылы 1 АЕК – 2525 теңгеге тең).

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

 



Көрілген: 236    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.01.2019, 12:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 11:02
    Мені өлтірмеші, мама!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31