Мәселе

40 жылда жасанды ұрықтандыру арқылы 8 миллион адам дүниеге келген

  • 40 жылда жасанды ұрықтандыру арқылы 8 миллион адам дүниеге келген

    40 жылда жасанды ұрықтандыру арқылы 8 миллион адам дүниеге келген

Ең алғаш рет жасанды ұрықтандыру 1978 жылы Ұлыбританияда пайда болған еді. Халықаралық комиттеттің хабарлауынша, содан бері 40 жылдың ішінде бүкіл әлем бойынша экстракорпоральді ұрықтандыру (ЭКО) арқылы 8 миллион адам дүниеге келген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап.


ЭКО әдісінде әйел мен ер адамның ұрықтары жасанды жолмен «in vitro», яғни түтікте ұрықтандырылады. Осындай жолмен пайда болған эмбрион әйелдің жатырына орналастырылып, тоғыз айдан соң дүниеге сәби келеді.


Репродуктивті технологияларға байланысты мониторинг жүргізетін халықаралық комитеттің баяндамасына сүйенсек, соңғы қырық жылда дүниеге ЭКО арқылы келген сәбилердің саны артып жатқанымен, бұрынғыдай егіздер мен үшемдердің туу көрсеткіші айтарлықтай төмендеген. Аталған комитет бұл баяндаманы Испанияның Барселона қаласында өткен Еуропалық адам репродукциясы және эмбриология қауымдастығының 34-кездесуінде көпшілік назарына ұсынды.


Ғылым тұжырымдамасы


Еуропалық адам репродукциясы және эмбриология қауымдастығының негізін 1985 жылы Кембридж университетінің репродуктивті биологы Роберт Эдвардс қалаған. Ол гинеколог Патрик Стептомен алғашқы in vitro тұжырымдамасын жасаған.


ЭКО арқылы 40 жыл бұрын Олдхэмде дүниеге келген Луиза Браун «түтіктен шыққан бала» атанып кетті.


«Менің анам ЭКО-ның қандай деңгейге жетіп, оның артынан қанша баланың дүниеге келетінін елестете де алмаған болар», - дейді ЭКО арқылы 8 миллион баланың жүниеге келгенін естіген Луиза Браунның ұлы.


Ұйымның хабарлауынша, жыл сайын ЭКО арқылы бала сүйгісі келген 2 миллион адам ем қабылдайтынымен, 500 мың бала дүниеге келеді екен.


Сперматазоидтың интрацитоплазмалық инъекциясы да жасанды ұрықтандыру әдістерінің бірі саналады. Мұнда ұрықтандыру Петри шынысында емес, бірден аналық жұмыртқаға енгізіледі. Бұл әдіс ер адамдардың бедеулігін емдеу жолы ретінде 1990 жылы пайда болған. Бірақ бүгінгі таңда жалпы мақсатта қолданылып келеді.


Баяндама мәліметтеріне сенсек, еуропалық клиникалар дәстүрлі ЭКО әдісіне қарағанда осы жолды екі есе жиі пайдаланады екен.


Ұйым ұсынған баяндамада жаһандық мәліметтер негізге алынған. Репродуктивті технологияларға мониторинг жүргізетін халықаралық комитет аймақтық реестрлерден барлық мәліметтерді жинап, баяндамада ескерген.


Еуропалық адам репродукциясы және эмбриология қауымдастығы 1997-2015 жылдар аралығындағы репродуктивті технологиялар туралы ұлттық реестр мәліметтерін жинақтаған. Оның ішінде жасанды ұрықтандыруға Испания халқы көп жүгінетіні анықталды. Жыл сайын бұл мемлекетте 119 875 емдеу циклі жүргізіледі екен. Одан кейінгі орында Ресей (110 723 цикл); Германия (96 512); Франция (93 918) тұр. Ал Ұлыбританияда жылына 60 мың емдік шарасы жүргізіледі.


Салыстыру үшін айта кетсек, АҚШ-тың аурудың алдын алу және бақылау орталықтары 2016 жылы бір жыл ішінде 463 емханада репродуктивті технология бойынша 263 577 емшара жүргізілген. Оның ішінде 76 930 сәби дүниеге келген.


Баяндама мәліметтеріне сенсек, Еуропа мемлекеттерінде ЭКО арқылы эмбрионның сәтті жүктілік көрсеткіші 36 пайызды құрайды. Бүгінгі таңда Еуропада жеке эмбриондарды тасымалдау көрсеткіші артып келеді. Бұл көрсеткіш 1997 жылы 11 пайыз болса, 2015 жылы 38 пайызға артқан. Ал 2015 жылы көпұрықты жүктілік көрсеткіші 14 пайызға дейін төмендеген.


«Репродуктивті технологиялар циклінің саны артып келе жатыр. Бірақ әлі де мемлекеттік қаржыландыру мен сақтандыруға қатысты проблемалар кездеседі», делінген баяндаманың аннотациясында. Еуропадағы кейбір төмен көрсеткіштерге қарамастан, жасанды ұрықтандыру деңгейі жылына 7 пайызға артып келеді.


«Бұл баяндама – жақсы жаңалық»


Ұлыбританиядағы Иви Мидленд орталығының репродуктивті медицина бойынша кеңесшісі доктор Джиллиан Локвуд бұл баяндаманы нағыз жаңалыққа балады. Дегенмен, зерттеу жұмыстарына қатыспаған Локвуд 8 миллион деген көрсеткіштің тым консервативті екенін айтып отыр.


«Біздің білуімізше, Қытай мен Үндістанда ЭКО өте көп мөлшерде және жиі жасалады. Сондай-ақ бұл мемлекеттерде тіркеу жүргізу міндеттелмеген», дейді ол.


Оның айтып отырған жақсы жаңалығы – ЭКО жасаудың әр талпынысынан кейін сәтті жүктілік көрсеткіші артып келеді. «1990 жылы мен жұмыс істеуді бастағанда, жүктіліктің 15 пайызы жақсы көрсеткіш деп ойлайтын едік. Бүгінгі таңда көптеген клиникаларда емделушілердің 40 пайызында сәтті жүктіліктің болуы жақсы көрсеткіш саналады», деді ол. Джиллиан Локвудтың айтуынша, көпұрықты жүктілік көрсеткіші айтарлықтай төмендеп келеді.


Еуропалық адам репродукциясы және эмбриология қауымдастығының айтуынша, бүгінде бедеулікті емдеу қажеттілігі артып, әлі де өз деңгейінде қанағаттандырылмай келеді. «Баяндамада бала көтергісі келетін әрбір үш жұптың біреуінде ғана сәтті ем жасалады. Оның басты себебі – емдік шаралардың санаулы ғана болуы», дейді Локвуд. Оның айтуынша, 6 қаржылық емшарадан кейін ғана жұптардың балалы болу мүмкіндігі 70 пайыз болады.


Ағылшын тілінен аударған Алтынай Қуанышбек




Көрілген: 507    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.07.2018, 10:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30