Қоғам

Танымал тэгтер: , , , , ,

Ақмола – бізге ғұндардан жеткен сый

   0 22
Қаланың негізгі кәсібі сауда болғандықтан, жиі-жиі жәрмеңкелер ұйымдастырылып тұрған

Қаланың негізгі кәсібі сауда болғандықтан, жиі-жиі жәрмеңкелер ұйымдастырылып тұрған

Бүгінгі Арқа төрінде бой көтеріп келе жатқан елордамыздың тарихы патша заманынан, сонау 1830 жылдан бастау алады. Дәл сол жылы Батыс-Сібір губернаторы Вельяминовтың Қараөткел аймағында Ақмола деп аталатын төртінші округ құру жөніндегі бұйрығын орындау үшін қасында екі жүз адамы бар Федор Шубин келіп, қаланың қазіргі орнына қазық қақты. 1830 жылдың 28 мамыр күні басталған қала құрылысы екі жылға созылып, 1832 жылғы 22 тамызда аяқталады.


Бұл, әрине, ару Астанамыздың бертінгі «күнделігі» ғана. Көп жағдайларда қаланың сан ғасырлық тарихы бар екенін бажайлай бермейміз. Тарихшылардың айтуына қарағанда, Есіл өңірінде жатқан осы бір қаланың тарихы тым әріге, ашель мустьер заманына кететін көрінеді. Оған Астана маңынан табылған алуан түрлі тас құралдар куә болса керек. Өңір халқы біздің дәуірімізге дейінгі VIII-V ғасырларда егіншілікпен айналысқан. Оған да қала маңынан әлі де табылып жатқан, сол заманға қатысты қола орақтар мен топырақ өңдейтін құралдар дәлел.


344


Ақмола бекінісінен қалған бір белгі


274


Ақмоладағы Бозақ қаласы. К.А. Ақышевтың графикалық реконструкциясы


Ақмоланың шынайы тарихы сонау Ғұн дәуірінен бастау алады. Тарихи тегіміз саналатын осы бір Ғұн атты алып империяның көсемдері кезінде Сарыарқаның төсінде, Нұра мен Есіл өзендерінің арасында жатқан Тайтөбенің үстіне қамал салып, оны «Ақмола» деп атапты. Ғұндардың тілінде «ақ» сөзі — «батыс», «мола» сөзі «қамал» ұғымын білдірсе керек. Сонда Ақмола атауы «батыс қамал» деген сөз болып шығады. Бұл ғылыми тұжырымды алғаш жазбаша дәлелдеген Византия ғалымы Прокопи. «Оның бұл туралы жазбасы 1939 жылы «Вестник древних истории» журналында басылған» дейді ғалымдар. Кейін тарихшы Ғалым Қайратхан қытайдың көне жазбаларына сүйеніп, бұл түйіннің дұрыстығын тағы бір мәрте дәлелдеп өтті.


Рас, елорда төңірегінде кезінде әлемге мәшһүр талай шаһар болған. Солардың бірі – Астанадан қол созым жерде жатқан Батығай (кей деректерде Бытығай деп аталады) қаласы. Бүгінде Батығайдың бір сілемі ғана сақталған. Бүгінгі таңда бой көтеріп келе жатқан теңдессіз құрылыс «Хан шатыры» мен «Батығай» деп аталатын «Жабық қала» өз заманында Қорғалжын елді мекенінің аумағындағы Тәуке ханның ордасы болған Батығай қаласының заңды жалғасы деп есептеуге болады. Одан басқа да Сұлу там, Сырлы там, Хан сүйегі, Бозақ... секілді қалалар болған екен. Бірақ бүгінде олардан жұрнақ та қалмаған. Археолог әрі өлкетанушы Василий Солочинскийдің 1955 жылғы зерттеулерінде Ақмола шаһарының астында жиырмаға жуық қалашық тапталып жатқаны туралы жазылған.


1832 жылғы 22 тамыз күні орыс-казактардың ырду-дырдуымен тұсауы кесілген қала бірте-бірте өз іргесін кеңейте береді. 1862 жылғы 23 қазанда Ақмолаға қала дәрежесі берілген. Деректер бойынша, сол шақта шаһарда 4777 дворян, үй-жанымен 1320 солдат, 1487 қарулы казак, 130 татар, 1349 ортаазиялық, 11 дін иелері, 300-ге жуық қазақ болыпты. Екі май балқытатын, бір сабын қорытатын, тері илейтін зауыт жұмыс істеген. Қаланың негізгі кәсібі сауда болған. Жиі-жиі жәрмеңкелер ұйымдастырылып тұрған.

(Жалғасы бар)

Автор: Бүркіт Нұрасыл

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

17 маусым 2010, 09:04
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

10 қыркүйек 2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  123456789101112131415161718192021222324252627282930   
-

Бағамдар

Валюта бағамы 10.09.2010
USD/KZT 147,48 +0,33%
EUR/KZT 187,16 +0,09%
RUB/KZT 4,78 +19,5%

Ауа райы

Болжам 10.09.2010
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана +18...+16 +9...+7
Алматы +27...+25 +22...+20
Павлодар +12...+10 +12...+10