Мәселе

8 жасар бала Астана үшін 20 идея ұсынды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

8 жасар бала Елорда үшін 20 жаңа идея ұсынды. Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Елорда тұрғындары арасында «Астананың 20 қыры» атты конкурс өткіздік. Оған 3 мыңнан астам адам қатысты.


Бүгін Амфитеатрда жеңімпаздар марапатталады», - деп жазды Астана әкімі өзінің Фейсбуктегі парақшасында.


Салтанатты марапаттау рәсімі мына номинациялар бойынша жүргізіледі: «Спорттан да артық!», «Елорданың үздік селфиі», «Астанаға арнау», «Астана бояулары», «Елордадағы танымал нысандардың алдында сәнді үлгідегі үздік streetstyle сурет», «Елордаға үздік сыйлық», «Welcome to Astana», «Astana Public Art», «Елорда бейнелері», «Тәтті Астана», «Астананы жақсарта түс!».


Марапаттау рәсімінен кейін эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Конкурс қорытындысы бойынша қалалық «идеялар банкі» байқауға қатысушылар енгізген жаңа ұсыныстар мен идеялармен толықты: «Astana Public Art», «Астананы жақсарта түс!»


Елорданың мерейтойына 8 жасар конкурсқа қатысушы 20 идея ұсынды! Бұдан бөлек, конкурсқа қатысқан барлық суреттерден ломоқабырға жасалды.


Сондай-ақ, қала фотографтары елордаға арнайы сыйлық ретінде Астананың жаңа көріністерінен фотокітап тарту етті. Әкімдіктің сайтында хабарланғандай, бұл конкурс елорда тарихындағы ең ірі және ауқымды шығармашылық жарыс болып отыр. Астананы тек қала тұрғындары ғана емес, сондай-ақ еліміздің басқа өңірлері, тіпті әлемдегі басқа елдер де құттықтаған.


Сараптама комиссиясына 3000 өтініш түскен. Көпшіліктің сұрауымен, бірқатар номинацияларға жұмыстарды қабылдау мерзімі 31 шілдеге дейін ұзартылды.


 


 




Көрілген: 257    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.07.2018, 17:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31