Мәселе

Facebook желісі арқылы жаңа вирус таралып жатыр

  • Иллюстрациялық сурет. © unsplash.com

    Иллюстрациялық сурет. © unsplash.com

Facebook әлеуметтік желісінде вирустың жаңа түрі таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Достар" тізіміндегі вирус "жұққандардан" video_5286.mp4.7z мәтініндегі хабарлама келеді. Алдын ала мәлімет бойынша, вирус браузердің кеңеюіне зиян келтіреді. Вирустың таралып жатқаны Астана уақытымен сағат 11:00-де білгілі болды.


Айта кетейік, сілтемені мүлде басуға болмайды. Өйткені Facebook аккаунтыңызға зиян келу қаупі бар. Еегр аккаунтыңызды бұзып кірген болса, браузеріңізде ақау бар. Оны жойып, қайта орнатыңыз. (Әдетте қосымшаларды орнату қиындық туғызады, осы қиындықтар арқылы парақшаңызды бақылау өзгеге көшіп кетеді). Ары қарай Facebook желісіндегі теңшеуге (настройки) кіріп, ол жердегі барлық күдік тудырып тұрған бағдарламаларды жою керек. Осыдан кейін міндетті түрде құпия сөзіңізді ауыстырыңыз.



Егер бұл да көмектеспесе, күдікті бағдарламаны "Монитор ресурсов" арқылы анықтауға болады. Оған "Диспетчер задач" арқылы кіресіз. "Монитор ресурсовты" ашып, "Сеть" қосымшасына өтеміз. Осы арқылы Интернет пайдаланып тұрған қосымшалар тізімін көрсетеді. Онда қиындықты тудыратын күдікті бағдарламалар болуы мүмкін. Бағдарламалар атауын мұқият қарау керек, көбі Windows құрамдас бөлігі. ал ерекше күдіктілерін іздеу қосымшасы арқылы тексеру керек. Әдетте жүйені тежеп, жұмысқа бөгет болатын осылар.



Осыдан кейін қиындықтарыңыз жойылады. Компбютерді вирусқа тексеру керек болады.

 




Көрілген: 458    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.12.2017, 14:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31