Мәселе

Instagram жұлдызы Айжан Байзақова қамауға алынды

  • Instagram жұлдызы Айжан Байзақова қамауға алынды

    Instagram жұлдызы Айжан Байзақова қамауға алынды

Instagram жұлдызы Айжан Байзақова қамауға алынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін ол Алмалы аудандық кішкі істер басқармасы шақыртылған. Алматы ішкі істер департаментінің өкілдері полицейлердің 22 жастағы қыздың ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартқанын хабарлады. Айта кетейік, таяуда қаладағы клубтардың бірінде қыздардың тыржалаңаш шешінген видеосы жарияланған еді. "Алмалы аудандық ІІД жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша іс материалдарын жинап, 1995 жылғы А.С.Байзақоваға қатысты қоғамдық жерде қоғамға қарсы конкурстар ұйымдастырып, былапыт сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартты. Байзақованың кінәсі толығымен дәлелденді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот үкіміне сәйкес ол үш күнге қамауға алынды", - деді Алматы ІІД өкілдері. Қыз бала өз кінәсіне өкініш білдірген. Оны сот залында қамауға алынды. Әкімшілік қамау бойынша блогер жазасын Лобачевский көшесінде орналасқан арнайы қабылдау мекемесінде өтейтін болады. Еске салайық, Алматының түнгі клубтарының бірінде ақша үшін қыз шешіндіргендердің оқиғасынан кейін бір топ жігіт видеоүндеу жариялады. Жігіттердің үндеуін Instagram желісіне "Нұр-Мұқасан" дуэтінің әншісі Мұқасан Шахзадаев жариялады. "Ассалаумағалейкум, ел үмітін ақтаған, халықтың қамын ойлаған қазақтың нар қасқа азаматтары мен азаматшалары. Біз жалпы қазақ елі ұлдарымызды ұлықты, қыздарымызды қылықты қылып тәрбиелейміз. Қазақ қызды қырық үйден тыяды дейді. Кеше ғана болған жайт масқара. Біздің қаракөз қыздарымыз ақшаға шешініп жатыр тыр жалаңаш. Тыр жалаңаш бес мың теңгеге шешініп жатыр. Өзіміздің ұлттық киім - сәукелемен стриптиз билеп жатыр. Бұл не масқара, бұл не сұмдық. Қазақ елі, Алаш елі, жүрегі ер, намысы бар жігіттерге біз видео жолдап отырмыз. Мына дін жолында, өнер саласында, спорт саласында жүрген бір топ азамат пен азаматшалар, бізді қолдауларыңызды сұраймыз. Себебі болмауына кім кепіл? Ояныңдар, қазақтың намысшыл жігіттері!", - дейді жігіттер видеода.




Көрілген: 1074    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.12.2017, 20:16

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30