Мәселе

Kiki Challenge флешмобына қатысушылар жауапкершілікке тартылуы мүмкін

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақмола облысының полицейлері танымал Kiki Challenge флешмобында жол қозғалысы ережесінің бұзылатынын ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ведомствоның мəліметінше, соңғы кездері елімізде Kiki Challenge флешмобы белең алды. Оған қатысушылар жүріп келе жатқан автокөлік салонынан секіріп түсіп, əр түрлі трекке билей жөнеледі.


Ақмола облысының ІІД ЖПҚ қызметкерлері жүргізген уақтылы түсіндіру жұмыстарының нəтижесінде өңірде мұндай қауіпті флешмоб өткізілген жоқ. Дегенмен, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полицейлер мұндай флешмобты жол қозғалысы ережесін бұзу деп санайды.


«Бұлай көңіл көтеру жол қозғалысы ережесін бұзу ретінде қарастырылады. Жол қозғалысы ережесінің 2.1.4 пунктіне сәйкес, жүргізуші көлігінің өздігінен қозғалып кетпейтініне толық көз жеткізіп алмай, көлiгінен түсіп, кетіп қалуына болмайды. Оған қоса, жол қозғалысы ережесінің 19.5 пунктіне сәйкес, жүргізуші көлiк құралы толықтай тоқтағаннан кейiн ғана жолаушыларды отырғызуға және түсiруге, қозғалысты көліктің есігі толық жабылған кезде ғана жүзеге асыруға мiндеттi. Жүріп келе жатқан көліктен секіріп шығу арқылы тəртіп бұзушылар жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндіреді» деп түсіндірді Ақмола облысының ІІД ЖПҚ бөлім басшысы, полиция подполковнигі Қуанышбек.


 




Көрілген: 440    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.08.2018, 14:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31