Мәселе

Абай ауылында зорланған жігіт оқиғасы – адвокат не дейді?

  • © Foto: Айман Умарованың Facebook парақшасынан

    © Foto: Айман Умарованың Facebook парақшасынан

Танымал қазақстандық адвокат Айман Умарова Түркістан облысы Абай ауылында 16 жасында зорланған жігіттің ісіне қатысты пікір білдірді.


Бұдан бұрын Түркістан облысы Абай ауылының тұрғыны Sputnik тілшісіне берген сұхбатында айтқандай,16 жасынан бастап үш жыл бойы екі жігіт зорлап келген. Содан бері алты жыл ішінде бірнеше рет қылмыстық іс қозғалып, айғақ жетіспеушілігіне байланысты істі тоқтатып тастапты. Жас жігіт әділдікке қол жеткізу үшін БАҚ көмегіне жүгінеді.


Құқық қорғаушының сөзіне сүйенсек, жас жігітке қатысты іс – ауыр қылмыс болып саналады, сол себепті 362-бап (қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану) емес, 121-баптың 3-тармағы (кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету) бойынша қаралуы тиіс, оның үстіне ер адамдардың жігітті ұзақ уақыт бопсалауы істі күрделендіре түседі.


"Осының бәрін ескерсек, бұл полицияның тарапынан жасалып отырған әрекетсіздік. Әлбетте, жас жігіт әбден қиналған, әсіресе, ер адамдарға мұндай жайт туралы айту өте ауыр. Әйелдерді зорлағанда үндемедік, кішкентай қыздарды зорлады – үндемедік, енді ер адамдар мен балалар осыған тап болып жатыр, бара-бара зорланғандар елі атанамыз ғой", – деп наразылығын білдірді Умарова Sputnik тілшісіне берген сұхбатында.


Адвокат атап өткендей, жәбірленуші өзін зорлағандардың кінәсін өзі дәлелдеуі тиіс оқиғалар жиі болып тұрады. Мұның бәрі кей тергеушілердің салақтығынан кетіп жатады. Тергеушілердің сапасыз жұмысынан кейін қылмыстық тоқтатылады.


"Әлгі полицейлер көмектескісі келсе, арызды баяғыда тіркеуге алып, уақыт өткізбей тергеп, сотқа жіберер еді. Жігіттің қолында сынған тісінің суреті бар, сараптаманы айғақ ретінде пайдалануға болады. Диктофонға жазылған әңгіме де мән-жайды айқындай түсіп, сол бойынша сараптама жасап, екеуінің арасында басқа да әңгіме, қоңыраулар болды ма, тексеру қажет еді. Соқталдай жігіттер кәмелеттік жасқа толмаған баламен неге сөйлесіп, кездесіп жүрді? Осыдан кейін үлкен сұрақ туындайды, неге бұл адамдар әлі күнге дейін қамауға алынған жоқ?", – дейді Айман Умарова.


Адвокаттың пікірінше, бұл істе жемқорлық немесе полиция қызметкерлерінің істі тергегісі келмегендігі байқалады. Құқық қорғаушылар дұрыс жұмыс істегенде, сараптама арқылы айғақтарды жинап, 22 жастағы жігітке жәбір көрсеткендердің жазасын беруге болатын еді.


Абай ауылы 2018 жылдың басынан бері жаман атаққа ие болды.Ол кезде жергілікті тұрғын әйел жеті жасар немересін жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлады деп мәлімдеген. Қазір сараптама жүргізіліп жатыр, баланың ісіне шетелдік мамандар мен Қазақстанның балалар омбудсмені де араласты. Бірінші сынып оқушысына қатысты президент Нұрсұлтан Назарбаев та сөз қозғаған.


 




Көрілген: 560    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.07.2018, 13:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31