Мәселе

Абайға тіл тигізген блогерге Балғынбек Имаш жауап берді

  • kaztrk

    kaztrk

«Абайды ұлы қазақ деп мойындамаймын» деген сөзімен көптің наразылығын тудырған блогер Нұрлан Байділдәға белгілі айтыскер Балғынбек Имаш жауап берді. «Атың шықпаса жер өртенің» бұдан асқан мысалын мен көрмедім.


Балғынбек Имаштың сөзінше, ол , Ұлы Абайдың қасына Байділдәнің суретін қойып қойғандардың әрекетіне күйінген.


«Байділдәнің бейнежазбасын тыңдап бір күйінсем, Ұлы Абайдың қасына Байділдәнің суретін қойып қойғандарға екінші рет күйіндім. Оның қалағаны да сол еді ғой!


Ол Абайдың орнына ұлтқа көсем, жұртқа үлгі болғысы кеп жүрген біреу-ау.


Әйтпесе, сондай қитұрқы лепірмесін “Сын казаxского народа Нұрлан Байділда” деп аяқтауға қалайша дәті барды, қалайша беті бүлк етпеді?» – деп сынады Балғынбек Имаш Instagram желісіндегі парақшасында.


Өз сөзінде айтыскер Нұрлан Байділдәнің мұндай әрекетке өз атын шығару үшін барғанын айтты.


«Баян сұлу – байдан шығып байға тисе, Байділда қу – тендерден шығып Абайға тиді-ау! “Атың шықпаса жер өртенің” бұдан асқан мысалын мен көрмедім.


Бір жағынан соңынан ел еріп кетпей тұрғанда, Нұрлан өз надандығын көрсеткені дұрыс та болды. Мен оның суретін де салғым келмейді. Өйткені, оның қалағаны осы пияр ғой», – дейді айтыскер.


Сөз соңында Балғынбек Имаш танымал ақын Есенқұл Жақыпбектің өлеңінен үзінді келтірді.


«Тек оқырмандарға айтарым, Есенқұл Жақыпбектің айтыстағы бір шумағы:


Дейміз біз: Абай ұлы, Абай дана,


Мақтауын асырамыз қалайда да.


Абайды шын түсінген қазақ аздау,


Абайды шын түсінген – Абай ғана!


Абайды қара қазақ шын түсіне алмай жүргенде, шала қазақ қайдан ұқсын?» – деп түйіндеді айтыскер Балғынбек Имаш.


Айта кетсек, блогер, тендер жөніндегі сарапшы Нұрлан Байділданың Абай Құнанбаевқа қатысты айтқан пікірі көптің ойын сан-саққа кетіріп, наразылығын тудырды. Ол Абайды «ұлы адам деп мойындамайтынын» жазған. 


365info.kz




Көрілген: 1448    Пікірлер: 0

жұма, 27.07.2018, 12:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31