Мәселе

"Әжетхана жудым": Қызылордалық шенді қызметкеріне зәулім үйін жинатып қойған

  • Көрнекі сурет.    © NUR.KZ

    Көрнекі сурет. © NUR.KZ

Қызылордада балабақша директоры өзіне бағынышты тәрбиешіге екі қабатты зәулім үйін жинатып қойған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.


Аты-жөнін атамауды сұраған тәрбиеші балабақшаға жұмысқа осыдан бір ай бұрын тұрған. Оның сөзінше, 45 жастағы мекеме бастығы таңнан кешке дейін үйін жинаттырып отырған.


«Бастықтың екі қабатты үйі бар. Моншасы, дәретханасына дейін жудыртып, ертесіне жұмысқа шақырып алатын. Қайтарда «жақсы» деп те айтпады. Үйге шаршап келетінмін.

Бір кезде суды төгіп алғанымда қатты ұрысты. Үйге қонағы келсе, даяшы құсап жүрдім. Жұмысты жай істесем, «дұрыс істе» деп жекіп ұрысатын», — деді қызылордалық келіншек.

Айтуынша, осындай қара жұмыстан кейін балабақшадан кетуге мәжбүр болған. Алайда, мекеме директоры жалақыны әлі күнге дейін төлемей жүр екен.


«Ертең еңбек инспекциясына арыз түсіремін. Егер осыдан кейін еш нәтиже шықпаса, директордың аты-жөнін көпшілікке жариялауға әзірмін», — деп уәде етіп отыр бұрынғы тәрбиеші. 




Көрілген: 1683    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.05.2018, 20:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31