Мәселе

"Әкем анамды ұрмаса екен". Баланың тілек хаты жұрттың жүрегін елжіретті

  • Иллюстрациялық сурет. © HotGEO

    Иллюстрациялық сурет. © HotGEO

Әлеуметтік желілерде Аққали есімді баланың тілек хаты түсірілген сурет таралып жатыр, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі.


Бала хатында әкем анасын ұрмаса екен деген тілек айтады.


"(...) Өзіміздің үйіміз болса екен. Әкем тез жұмысқа орналасса екен. Анам тез айлық алса екен. Мен бесінші сыныпқа өтсем екен. Әпкем тесттен жүз балл алып, тех мектепті бітірсе екен. Әлемдегі ең бақытты отбасы болып кетейік. Анамның құрсағындағы сәби тәуір болып дүниеге келсе екен", - деп тілек жазылған таралған хатта.





Желі қолданушылары оның тілегіне тәнті болып, бірі жаны ашығанын жазса, екіншісі көмек қолын созуға даяр екенін айтыпты.


"Аққали отбасын ортаға алып. Рух беріп, көмек беріп атсалысу керек, қалай ойлайсыздар, оның күтіп отырған көмегі біз сияқты көзі ашық, жүрегі ашық адамдар аркылы жетістікке жетеді. Атсалысайық халайық!", "Ойлаған арман мақсатың,тілегің қабыл болсын!!!", "Тілегің қабыл болсын сенің кішкентай жүрегіңнен шыққан Тілегіңе тілектеспін жаным, амин дейік" деп пікір қалдырған қолданушылар.


Пікір жазғандардың бірі бүгін, 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні екенін еске салды.

 




Көрілген: 1269    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.05.2018, 12:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30