Мәселе

Ақерке Оразбаева: "Белгісі білінбеген дерттен сақтаныңыз!"

  • Ақерке Оразбаева:

    Ақерке Оразбаева: "Белгісі білінбеген дерттен сақтаныңыз!"

Алыптың өзі анадан туады. Ана - қазақ үшін ғана емес, жалпы адамзат баласы үшін ерекше ұғым. Бүгінде осы аналарымыздың денсаулығы сын көтерерлік жағдайда ма? Әсіресе, маммолог маманның ақыл-кеңесі мен қызметіне қаншалықты жиі жүгінеді. Дәл қазіргі уақытта қандай аурудың түрі белең алып тұр? Алматы Онкология орталығының онко-маммолог дәрігері Ақерке Оразбаеваның жауабы.


- Бүгінде қыз-келіншектер сіздердің ақыл-кеңстеріңізге қаншалықты жүгінеді?

- Өкінішке орай әйел адамдары көбінесе келе бермейді, асқынған кезінде ғана дәрігерден көмек сұрап келіп жатады.бірақ әрбір әйел өзінің ана екендігін, қыз екендігін ұмытпай, 6 айда бір рет маммолог дәрігеріне келіп қаралса, өздеріне жақсы болар еді.

- Келмеулеріне не себеп?

- Көбінесе оларда қорқу сезімі бассым болады да, психологиялық жағынан дайын болмайды.Отбасы жағдайына байланысты болуы да мүмкін. Аналардың жұмысы көп қой,жанұя мен жұмыстың арасында шапқылап, көбінесе уақыт таба алмай жатады.

- Ақерке Болысқызы, ана болу әрбір әйелдің арманы. Бірақ қоғам дертіне айналған індеттердің бірі – әйелдердің сүт безі қатерлі ісігі соңғы жылдары әйел аналарымызды әбігерге салып қойғаны рас. Мамандардың айтуына қарағанда, жедел шаралар жасалмаса, әрбір екінші әйел осы дерттің құрығына ілінуі мүмкін екен.Рас па?

- Ол рас.Өкінішке орай жылына 4000 адамнан астам әйелдер Қазақстан Республикасы бойынша осы ауруға шалдығады. Сондықтан осы ауруға алып келетін бірнеше себептерін айтып өтейін.Ол – тұқымқуалаушылық.Сонымен қатарәйел ағзасындағы горманалды өзгерістер,экологияның бұзылуы.Жәй ғана мысал келтіріп өтейін, жүктілікке қарсы дәріні 10 жылдан астам пайдаланса, осы ауруға алып кеп соқтыруы мүмкін.Дұрыс тамақтанбау, жаман әдеттерге бой алдыру, тіпті етеккірдің кеш келуі де себеп болуы мүмкін.

- Ақерке Болысқызы, қанша күрес жүргізіп, аурудың алдын алып жатқанмен ДДСҰымының мәліметінше сүт безі қатерлі ісігінен болатын өлім соңғы жылдары көбейген дейді. Біздің елде ше?

- Жаңа ғана айтып өткенімдей, біздің елде жыл сайын 4000 әйелді диспансерлік есепке алып, емдеп жатыр.Соның ішінде 1400 әйелге дейін дүниеден өтіп жатыр.Статиситика деректеріне сүйенсек, күн сайын еліміз бойынша осы дерттен кз жұмып, дүниеден өтіп жатыр.

- Алдын алу не істей аламыз?

- Елімізде скринингдік бағдарламаларды жүзеге асыру дұрыс жолға қойылған. Биылдан бастап, жас өзгерістеріне байланысты 40 жас пен 70 жас аралығында 2 жылда бір рет әрбір әйел азаматы маммографиядан өтуға құқылы. Әрбір емханада тегін жүргізіліп жатыр. Бұрын 50 жас пен 60 жас еді. Бүгінде осылай өзгерді. Бірақ халық толықтай келеді деп айта алмаймыз. Көбінесе жұмыстамыз деп келмейтіндері де бар.Бірақ 70-80 пайызға дейін келіп қаралуда.

- Үгіт-насихат жұмыстары қалай жүргізілуде?

- Әрбір тұрғынды емханаға тіркеу арқылы, халықты үйді-үйге барып шақырыу арқылы, ашық есік күндерін ұйымдастыру арқылы үгіт насихат жұмыстары жақсы жүріп жатыр.Егерде онкологияға күдік болса, онда биопсия алынады. Егер күдік болмаса, жергілікті жердегі маммолог дәрігеріне барып қаралады.

- Жалпы сүт безін қалай сақтау керек?

- Сүт безін тек қана гигиеналық тұрғыдан таза ұстау ғана емес, спортпен айналысуына да болады. Кеуде бұлшық етттерін жаттықтыру және дұрыс ішкиім таңдай білу қажет.Іш киім қатты үлкен болмау қажет және де кіші болмауы тиіс.Тағы бір айта кететін жағдай, әр ай сайын етеккірдің 5-ше және 7-ші күн аралығындаайнаға қарап немесе көлденең жатқан түрде қолмен сағат тілімен сипап қарау.Егерде күдікті түйіндер анықталып жатса, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Бұл 12-13 жастан бастап 70,80,90 жасқа дейінгі әйел аналарымыздың бәріне де қатысы бар.

- Маммографиядан неше жастан бастап өтуге кеңес бересіз?

- 40 жасқа дейін маммографиядан өту әйелдердің денсаулығына зиян. Бірақ мамолог дәрігерге қаралған кезде, УДЗ-ден өтіп ісік анықталған болса, онда 40 жасты күтпей де өтуге болады.

- Бүгінде бұл дерт әйелдерді қойып, тіпті ер-азаматтарға да ауыз сала бастапты. Америкада жылына 800-900 жігіт аналық сүт безінің қатерлі дертіне ұшырайды екен. Түсіндіріп өтсеңіз.

- Мұның да себептері бірдей.

- Ер азаматтар оны қалай анықтап, қандай белгісі арқылы біле алады?

- Ол кісілер көкірек тұсында түйін бар деп, дәрігердің қабылдауына келген кезде УЗД жасап, биопсия алған кезде қатерлі ісікті анықтап жатамыз. Емі әйелдермен бірдей жүргізіледі. Операция, химиятерапия жасау, горманалды ем болуы мүмкін және де сәулелі емді қабылдайды.

- Бұл емді қанша рет және неше уақытқа дейін қабылдаулары тиіс?

- Сүт безі обырының төрт түрі бар. Иммуногистохимиялық түріне байланысты ем жүргізіледі.Егер де 3-ші, 4-ші сатысында анықтап жатсақ, онда бірінші кезекте химия терапия қолданамыз, 4 курстан 6 курсқа дейін.Әрі қарай операция. Егер ісік кішірейген жағдайда операйиядан кейін, профилактика ретінде тағы да 4 курс беруі мүмкін.Сосын сәулелі ем. Сәулелі емнен кейін таллинтнай терапия деген бар, оны кейбір науқастарға қолданбаймыз. Оны түріне байланысты қарастырамыз. Және горманальды ем, ол таблетка, күніне бір рет қолданады. Бес жыл бойы ішеді. Осымен ем толықтай болады. Жалпы есеппен алғанда 6 айдан бір жарым жылға дейін емеделеді.Егер де бәрі жақсы болса, 1-ші, 2-ші жылдары 3 ай сайын диспансерлік есепте толық зерттелу, сол уақыттан өтіп кетсеңіз, онда 6 айда бір рет дәрігердің қаралуында боласыз.

- Операциядан бас тартқан жағдайда неге алып келуі мүмкін.

- Онда ісіктің өсіп, жара болуына алып келуі мүмкін. Сондай-ақ адамның басқа ағзаларына, атап айтқанда бауыр, сүйекке, өкпеге және бас миына таралып, метостаз беруі мүмкін. Емге көнбеген жағдайда, мұнда химиятерапияның неше түрлі схемалары бар, сол схемамен жүргізіп, толықтай емдеуге көмектесеміз.


- Ақерке Болысқызы, тыңдаушыларымыз мазмұнды мағлұматтарды жадында сақтап, емге дер кезінде барады деген үміттеміз. Шипаңыз дарып, көпшіліктің алғысына бөлене беріңіз!

Қазіргі танда омыраудың қатерлі ісігі жыл сайын дамылсыз өсіп келеді. Оның ішінде жастардың 30-ға дейінгілердің жиі ауруы ғылымда дәлелденіп отыр. Олардың көпшілігі қалалық жерде. Ал, ауылдағылар бір жарым есе сирек ауыратын көрінеді. Біздің түсінігімізше бұл дерт адамды ешуақытта мазаламайды екен. Ауру адам өзін сау адамдай сезінеді. Сондықтан жылына бір рет болса да маммолог дәрігерге көрінуді ұмытпаса екен дейміз.


 




Көрілген: 1029    Пікірлер: 0

сенбі, 14.04.2018, 17:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31