Әкесі тастап кеткен баланың мұңы

Әкесі тастап кеткен баланың мұңы

Арман көпқабатты зәулім үйдің алдындағы балалар алаңына келді. Қасында бір жарым жастағы інісі болатын. Ойынға қызу кіріскен балалар бұларды елейтін емес. Бала емес пе, Арманда інісімен әлгі балаларға қосылып солардың ойыншықтарына қызығып, ойнай бергені сол, ішінен секпіл бет, қысық көз бала: -Сен кімсің? Өзіңнің ойыншығың қайда? Бізбен ойнау үшін өзіңмен бірге ойыншық әкелу керексің, білесіңбе…-деп шіңкілдеп бастан-аяқ Арманды бір шолып шықты. Артынша іле-шала: -Үстіңдегі киімдерің ескі, шұлығың тесіліп қалыпты ғой, немене тышқан тесіп кетті ме?-деп бар даусымен айғайлай күлді. Нұркеннің сөзіне басқа балаларда қосыла күлді. Арман екі беті ду етіп қызарып, тезірек бұл жерден кеткенше асықты. Інісін асықтыра, үйге қарай қолынан сүйрей жөнелді. Артына қарамауға тырысты. Көзінің жасын шынтағымен сүрте жүріп, көпқабатты зәулім үйдің есігін ашты. Ештеңеге түсінбеген кішкентай Ермек өздеріне қол шошайта күлген балаларға бір, өзін дедектете сүйрей жөнелген ағасына бір қарап үнсіз еріп келеді. Жақында ғана көшіп келген мына көпқабатты үйге еш үйренісе алар емес. Адамдары да біртүрлі қызық. Ешкіммен араласпайды. Шыттиып киініп алған ағайлар мен апайлар тұратын мына үйде Арманның тұрғысы жоқ. Есіктен жылай кірген қос құлынына Арай аңтарыла қарады. Құшағына алып, көз жасын сүртті. Арманнан мән-жайды ұққан соң, көңілі түсіп, көзіне келіп қалған жасты сырт айнала саусағымен сүрте салды.

-Ештеңе етпейді, әлі-ақ саған көп ойыншықтар әперемін, әдемі киімдер мен тәттілер әперемін. Тек сәл шыдашы жарайма? Менің балапаным ақылды ғой, келіңдер оданда бауырсақпен шәй ішіп алайық,-деп қос құлынын дастарханға шақырды.

Балаларға білдіртпеймін десе де, Арайдың көңілі құлазып, бір нүктеге қадалып ойланып отырды. «Қайтсем екен, қалай мен қос құлынымды жетілдіремін, қайтып мен бұларға керегін әперіп, мына тығырықтан шығамын? Ооо, Алла балапандарымды жұртқа күлкі етіп, титықтатып қойдың-ау. Мені қинасаңда, балаларымды қинамашы?!» деп ұзақ ойға шомып кетті. Көзінен еріксіз аққан жас, бетін жуып дастарханға тамуда. Тым жас болса да, қатал өмір Арманды ерте есейткендей. Анасының жылағанын көріп, кішкентай аялы алақанымен анасының бетін аялай сүртіп, өзінше жұбатып әлек. -Мама неге жылайсыз? Тезірек кетейікші бұл жерден, Манарбектермен ойнағым келеді. Олар бізді шеттетпейді, бізбен жақсы дос, бізбен бірге ойнайды. Ал мына жақта жаман балалар бар, бізді ойыншығың жоқ деп ойнатпайды,-деп тоқтаусыз сөйлеген Армантайын құшақтаған Арай өксіп жылап жіберді. -Жанымау қайтейін осыны тағдырыма жазып қойса, мені қойшы, сендерді қалайша тастап кетті, ең болмаса аздап болсада көмектессе ғой әкелерің. Боталарым-ау бала болып ойнауда мұң болды-ау сендерге,-деп одан сайын жылауын үдете түсті. Біраз жылап, солығын басқан Арай, беті-қолын жуып, өз-өзіне келгендей болды. Шайын жиыстырып, сол күні балаларын ұйықтатып, өзі көпке дейін көз ілмеді. Күйеуі Айбол Арайды екі ұлымен бірге тастап кеткен болатын. Отбасын қаланың бір сылқым келіншегіне айырбастап кетті. Айболдың жасайтын жұмыс орнына дене бітімі мен түр-тұлғасы келіскен, майыса сөйлеп, еркелей қылымситын Жамалға сол жұмыстағы барлық еркектердің есі кететін. Алайда, Жамал ешқайсысын ұнатпады. Айболда Жамалдан кетәрі еместін. Әйелдің қылықтарына елітіп, тіпті өзінің отбасылы, әке екенін естен шығарғандай. Әбіржіп, беті-әлпеті қарақошқылданып кеткен, қашан көрсеңде абыр-сабыр болып жүретін Арайдан суығандай ма қалай өзі..? Айбол жұмысқа ерте кетіп, кеш келетін. Бұрыңғыдай ерлі-зайыптылардай өмір сүрмейтін сияқты. Мазам жоқ деген сылтаумен теріс қарап, әйеліне көңіл бөлуден қалды. Бұрыңғыдай балаларында еркелетіп, солармен бірге ойнауды қойды. Жұмысқа асығып, сүйіктісі Жамалмен қауышуға асығатын. Көңіліне күдік ұялаған Арай, күйеуі туралы жаман ойлағысы жоқ. Әрнені бір сылтаурататын отағасының, тіпті үйге келуі де сиреп бара жатқандай. Сұрақ қойса жөндеп жауап бермей, басын ала қашатын Айболмен бүгін ашық сөйлеспек болды. Жұмыстан соң Жамалды шығарып салып үйге қарай басқан қадамы кері кетіп, әйтеуір сүйретіле келе жатқан Айболды үйде Арай есік алдынан күтіп алды. -Айбол сенімен ашық сөйлессем деймін. Соңғы кезде біз екеуміздің арамыз алшақтап кетті. Жұмыстан кешірек келесің,-деп сөзін жалғай берген Арайға: -Тоқтатшы, мазам жоқ. Я жай келемін. Өйткені ақша тауып жүрмін. Басымды қатырмашы. Барда тамағыңды істе,-деп ақырды. Шыдамныңда шегі бар емеспе, Арайда қалыс қалмай, ойындағысын еш бүкпесіз айтып салды. Сол-ақ екен, Айболда ашуға ерік беріп, айқайлай жөнелді. Екеуінің ұрыстарынан екі балапан қорқып, бұрышта бүрісіп қалды. Көздері жәутеңдеп, ұрыспаса екен деп тұрғандай. Айбол осы ұрыстан соң, тамақ ішпестен үйден шығып кетті. Түнгі салқын самал Айболдың ашуын сап тиғандай болды. Қолына шылымын алып, шақпағымен тұтатқан Айбол, Жамалдың телефон нөмірін тере бастады. Ар жағынан сыңғырлай шыққан Жамалдың даусын естіп, Айбол сабасына түскендей. Тіпті тура қазір Жамал Айболға өзін көргісі келіп тұрғанын айтқаны мұң екен, шылымын асығыс шеге салып, Жамалдікіне құстай ұшты. Есік қоңырауын басқан Айболды Жамал құшақ жая қарсы алды. Күнде көріп, кездесіп жүрсе де, сағынысып көріскендей болып жатыр. Сол күні Айбол Жамалдікінде түнеп шықты. Таң атысымен екеуі шәй үстінде әңгімелесті. -Жамал, мен шаршадым үйдегілерден, балаларым үшін үйге баратынмын. Бірақ соңғы кезде Арайды көргім келмейтіндей дәрежеге жеттім. Кетіп қалғым келеді,-деп шәйін сораптай Жамалға қарады. Көптен күткені осы емес пе, Жамалдың есі шыға қуанып Айболдың сөзін құптай жөнелді.

-Жаным-ау айттым ғой саған, маған көшіп кел деп. Балаларыңды сағынсаң барып тұрарсың немесе кездесіп тұрарсың. Менде сені әйеліңнен қызғанып біттім. Тіпті сен оны сүймесеңде, сені сол әйелден қызғанамын,-деп Айболдың мойнына асыла кетті. Жамалдың ішкі есебі түгел. Тезірек Айболды әйелінен ажырастырып, өзіне көшіртіп әкелу. Айболдың түр-кескіні мен тапқан нәпақасы жақсы болатын. Сол себепті өзіне қаратып, арбап, ақыры Айболды үйінен көшіріп әкелді. Айбол жұмыстан соң үйіне барып, заттарын жиыстыра бастады. Түнімен жылап шыққан Арай, Айболдың үйге келіп, өз киімдерін жинай бастағаннан-ақ ойы шындыққа айналғанын сезді. Арайдың жүрегі шымырлап, Айболға жақындай түсті: -Айбол не болды, қайда жиналдың? Кешірші мені, егер сенің кетуіңе мен себепші болсам, кешірші, өтінем. Тек мына балаларыңды тастап кетпеші. Ер балаларға әке мейірі қажет қой, өтінем қалшы сұрақтың астына алмаймын. Тек балаларымның жанында болшы,-деп еңкілдей жылап жіберді. Іші ұдай ашып, күйеуі өткен-кеткен сайын жалбарынып әлек болды. Қос құлыны да папалап бірдеңе айтып, Айболдың аяғына оратылумен болды. Оған қарап, тоқтаған Айбол жоқ, бар киімдерімен құжаттарын жинап есіктен шығып кете барды. Жер бауырлап солқылдай жылаған Арай, өзін бейшара жандай сезінді. Мамалап жүрген қос құлынына қарай алар емес. Жүрегіне пышақ сұғып алғандай, өзін ешкімге керексіз жандай сезініп өкіріп жылады. Қайтып келер, оралар деп есік жаққа қараумен отырды. Айбол сол кеткеннен мол кетіп, қарасын көрсетпеді. Жолда келе жатып Жамалына қоңырау шалып, үйден кетіп қалғанын айтты. Ар жағындағысы қуаныштан даусы жарқын-жарқын шығып, айналып-толғанып тағатсыздана күтіп алатынын айтып жатты. Үйіне сырттай бір қарап алған Айбол, іштей балаларын қимайтындай ма біртүрлі сезімде. Жамалы есіне түсіп, ақылға жүгінбей, уақытша сезімге елітіп үйінен ұзай берді. Есіктен кіріп келген сүйіктісін көріп, Жамал құстай ұшып келіп Айболдың мойнына асылды. -Келдіңбе жаным? Енді екеуміз бірге боламыз,-деп Айболдың киімдері салынған сөмкені ішке кіргізе берді.

Ендігі екеуі ерлі-зайыптыларша өмір сүріп, жұмысқа бірге барып, бірге келетін болған. Кейде балаларын сағынып, ойланып қалатын. Мұның мұңайып қалған сәтін түсіне қоятын Жамал, дереу көңілін аулап Айболдың ойын бөліп жіберетін. Арайдың жаны күйзеліп, жөнді тамақ ішпей, бүк түсіп жатып алатын. Алайда әпкесі келіп, сабырға шақырып, біраз ақыл айтқандай болды. Пәтер иесі келіп, пәтерақысын төлеуді талап еткен сайын, Арайдың ұяттан беті қызарып, қатты қысылатын. Тауып беретіндей жұмысы да жоқ. Өзі екі баласымен үйде отырған әйел. Пәтер иесі болмаған соң үйді босатуды талап етті. Екі баласымен, киім-кишектерімен далада қалған Арай, өмірден түңіліп кеткендей болды. Ең болмаса тұратын пана тауып берер деген үмітпен, осы уақытқа шейін бір қоңырау шалмаған, жағдайын сұрамаған Айболға өзі қоңырау шалды. Телефонды дыбыссыз режимге қойған Айбол, қоңырауды естімеді де. Арай қайта-қайта қоңырау шалып, тыпыршып кетті. Енді қайтпек? Қос құлынымен қайда, кімге барып паналамақ? Қолындағы азын-аулақ ақшаға азық-түлік алып тастаған. Жаны қысылып, өмірден баз кешіп кеткісі келді. Тек құлындарын ойлап, бұл ойынан айныды. Ұялса да, қала сыртында біреудің ескі саяжайында (дача) тұратын әпкесіне қоңырау шалды. Істің мән-жайын баяндап, барар жері қалмағанын айтты. Әпкесі бала-шағасымен бірде бар, бірде жоқ болып отырса да, бір құрсақтан шыққан бауырлар емес пе, сіңлісін екі жиенімен көшіріп әкелді. Қара шай мен қара нанды талғажау етіп отырған бұл отбасыға, тағы бір отбасы қосылды. Күйеуінен көңілі қалған Арай, өліп кетсем де енді саған хабарласпаспын, балаларың далада қаңғып қалса да бір хал-жағдайын біле алмады-ау, тасжүрек неме!, деп өз-өзіне уәде берді. Жамал Айболдың ұйықтап жатқан сәтін пайдаланып, телефонын тексеріп қарап алды. Арайдың телефон нөмірі мен қоңырауын өшіріп тастады. Ұйқысынан оянған Айбол мұның бірінде сезбеді. Арай жұмысқа шыға алмады, себебі екі баласын қарайтын адам жоқ. Ал әпкесі қара базардан тапқан аз ғана нәпақасына нан мен сүт, қант, шекер алды. Балалары жыртық киім мен ескі-құсқы киім киіп, есік алдында ойнап жүретін. Бейқам көңіл сәбилер емес пе, арасында келіп шай мен нан жеп кететін балалардың есіл-дерті ойын болды. Балаларының дұрыс киімдері жоғы, Арайдын жанына қатты бататын. Ең аяғы тоя тамақ жеген емес. Өзі де уайым мен қайғыдан жүдеу тартып, тым азып кеткентін. Арайдың жағдайын естіп-білген таныстары өздерінше көмектескен болды. Дегенмен өздеріде отбасылы адамдар, бүтіндей қайдан көмектесе алсын? Арайдың жағдайын таныстары жан-жаққа айту арқылы интернет бетіне шығып, көмек сұрастырыла бастады. Бір қайырымды адамдардың құлағына жетіп, өздерінің бос тұрған пәтеріне отбасымен көшіріп әкелген болатын. Тек тәртіп пен тазалықты талап еткен үй иелері, осылайша қамқорлық танытты. Бұл мөлтекауданда ылғи байлар мен бақуатты отбасылар тұратындықтан, Арай көшеге шығуға ұялатын. Ал балалары есік алдына ойнауға шықпайтын. Өйткені ескі-құсқы киімдерінен ұялатын. Балалардың жеп жүрген тәттілері мен балмұздақтарына қызыға қарайтын. Екі құлыны кейде жылап балмұздақ сұрағанда Арайдың жүрегі езіліп кете жаздайтын. Қай ақшасына әперсін? Күнделікті нанына тиынды әзер тауып отырғанда… кімнен көмек сұрасын? Кім бұларға күнде келіп көмек қолын соза берсін? Арманның өмірден ерте есейіп, өз қатарластарынан әлдеқайда есті болып келе жатқаны бір жағынан осыдан болса керек. Толыққанды отбасы бола алмаса да, ең болмаса бақытты балалық шағынан айырған қатал тағдырына кейде қамығатын. Әке-шешесінің қолынан ұстап, ананы жеймін, мынаны жемеймін деген бейтаныс балақанның стол үстіне тастап кеткен жарты балмұздағына Арман қызыға қарап тұрды. Бір бала болып тәтті балмұздақ жеу де Арманға арман болды-ау…

Салтанаттың әңгімесі 

ikerim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста