Мәселе

Әкімге тоқал болғым келеді немесе жемқорлық жайлаған әлем

  • Әкімге тоқал болғым келеді немесе жемқорлық жайлаған әлем

    Әкімге тоқал болғым келеді немесе жемқорлық жайлаған әлем

Біздің балалық және жастық шағымыз өткен кеңес заманында да жемқорлық бар болатын. Дегенмен, ол кезде жемқорлық қазіргідей көзге ұрып көрінбейтін және бүгінгідей қатты белең алмаған еді. Содан болар, кеңес қоғамында жемқорлық бүгінгідей ел қауіпсіздігіне қатер төндіретін аса қауіпті құбылыс деп саналмайтын.


Әкімге тоқал болғым келеді


Таяуда әлеуметтік желіде жас, сымбатты, көрікті қыз видеожарияланымында әкімге тоқал болсам деген арманын айтты. Неге әкімге? Неге қалталы бизнесменге немесе бай әншілердің біріне емес? Бұл арада гәп – адамның бақуаттылығында емес, шексіз байлықты табуына жағдай жасап отырған қызметінде болса керек.


Бізде түрлі салаларға арналған заңдар бар және сол заңдарды күн сайын, жыл сайын уақыт талабына сай өзгертіп, толықтырып отыратын депутаттар да бар. Заңды оқып қарасаң, елімізде кез-келген адам бизнеспен айналысып, миллионер, тіпті миллиардер болып кетуіне мүмкіндігі бар. Дегенмен, іс жүзіне келгенде жағдайдың мүлдем басқаша екендігін егер кәсіпкерлікпен айналысып көрсеңіз, тәжірибе жүзінде көзіңізді жеткізуіңізге болады.


Қайыршыдан қалталы миллионер болған бүгінде АҚШ-та тұратын ресейлік Алекс Яновскийдің айтуынша, кәсіпкерлікпен айналысқан 100 адамның 95-і сәтсіздікке ұшырап, бизнесті тастаса, тек 5-уі ғана бақуатты адамдар санатына қосылады екен. Ал, біздің еліміздегі бұл көрсеткіш одан да төмен деуге болады.


Сіз айналаңызға зер салып қараңызшы: барлық бизнесмендер дерлік биік мансап иелері. Яғни, қолында билігі бар адам ғана бинесмен бола алады. Ал билігіңіз жоқ екен, онда бинесте жолым болып, бауқатты болармын-ау деген ойға малданбай-ақ қоюыңызға болады. Жоғарыда айтып кеткен, жас қыздың басқаға емес, әкімге тоқал болғым келеді дегенінің астарында осындай ащы шындық жатыр.


Жемқорлық қоғамға, мемлекетке, барша адамзатқа қауіпті


Егер бәрі заң негізінде әділ жүргізілетін болса, онда қайыршыдан миллиардерге айналған Гейтс, Баффет, Цукербергер сияқты таланттар ғана байлыққа ие болар еді де, 180 мың долларға торт жасатып, той жасайтын ысырапшыл, ақша қадірін білмейтін шенеунік-кәсіпкерлер қайыршы болып далада қалар еді. Онда жоғарыда айтылған жас көрікті қыздар «әкімге емес, бизнесменге тоқал болғым келеді» дер еді.


Осыдан бірнеше жыл бұрын 70 миллиард доллар ақшасы бар Гейтс байлығының жартсын кедей-кепшікке үлестіріп беріп, осындай қайрымдылыққа барлық әріптестерін шақырды. Оны қолдап, байлықтарының жартсын қайрымдылыққа жұмсаған миллиардерлер де болды. Яғни, өз еңбегімен, ақылымен байлыққа жеткендер ақша қадірін ғана біліп қоймай, кедейліктің тауқыметін де түсініп, өзгелерге жанашырлықпен қарай алады. Олар ешқашан да жүздеген мың долларға ешкімге қажетсіз торт жасатып, ақша шашпайды.


Екіншіден, кедейден шығып, ақылымен, білімімен байығандар үнемшіл келеді және ақшаларын тек пайдалы іске ғана жұмсайды. Яғни, олар байлығына байлық қосатын тиімді жобаларды жүзеге асырып, сол арқылы қосымша жұмыс орындарын ашады, халықтың тұрмыс жағдайын көтеруге мүмкіндік береді.


Үшіншіден, ақылымен байығандар заң бұзбайды, басбұзарлыққа бармайды. Олар салықтарын уақытында толық төлейді, ақшаларын шетелге апарып жасырмайды, қымбат яхталар алмайды, казиноға бармайды. Ондайлар асып-тасып, байлығын мақтаныш етіп жұртқа көрсетпей, қарапайым тірлік кешеді.


Ал қызмет бабын пайдалану арқылы парақорлықпен, яғни жемқорлықпен байығандар ақша қадірін білмейді, ысырапшыл, мақтаншыл келеді. Ондайлар миллиондарды казиноға апарып тастап, басқа да қажетсіз нәрселерге жұмсайда да, өздері сияқты ет пен сүйектен жаратылған кедей-кепшікке көмектесу дегенді мүлде қаперге алмайды. Олар үшін аш, кедей адамдардың тауқыметі түкке тұрғысыз ұсақ-түйек нәрсе болып саналады.


Ондайлар мемлекет қаржысын жымқыру арқылы өздері игілігін көріп отырған мемлекетке қарапайым халықтың сенімсіздігін, ақырсоңында жеккөрінішін арттырады. Ондайлар жемқорлық арқылы қызмет бабын теріс пайдаланып, әділетсіздікке, заңсыздыққа жол береді. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекетке деген ашу-ызасын туғызады. Яғни, жемқорлық әрекет бастан-аяқ қоғамға да, мемелкетке де, ақырсында барша адамзатқа да қатерлі.


Жемқорлықсыз ел жоқ


Әлемде бүгінде мына елде жемқорлық жоқ деп атайтын бір де бір ел жоқ. Жемқорлық барша әлемді жайлап алды. Айырма тек мынада: бір елде жемқорлық ашық көрініс тауып, барша қоғамды жайласа, екінші елде ол жасырын сыйпат алып, көзге көрінбей астыртын әрекет етуде. Бір елде ол көп болса, екіншісінде аздау.


Жемқорлықпен барлық елдер күрсіп жатыр. Десе де, оны жеңген ел жоқ. Жемқорлық ертеде болған, қазір де бар және болашақта да бола бермек. Осындай жағдайда қарапайым пенде не істеуі қажет? Ұлы Абай айтқандай, «Алладан берекет, адамнан әрекет» деген қағидамен өмір сүрген дұрыс болады.


Сіз ешқашан үкіметке, әкім-қараларға сенбеңіз. Олардың табалдырығын тоздырып, маған көмектесіңіз деп алақан жаймаңыз. Одан ЕШТЕҢЕ ШЫҚПАЙДЫ. Өйтіп уақыт өлтіргенше, жұмысыңызды істеп, тапқан адал ақшаңызды ұқыпты жұмсауды, сақтап, көбейтуді үйреніңіз, Алладан берекет тілеп, үнемшілдікпен өмір сүріңіз. Сонда тапқан азын-аулақ ақшаңыз сізге КӨП ИГІЛІК ӘКЕЛЕДІ. Қазақ «тарта жесең тай қалады, тоя жесең түйе де қалмайды» дейді. Яғни, ысырапшыл емес, үнемшіл болыңыз, заңды сақтап, адал еңбек етіңіз, ақшаңызды ақылмен, орнымен жұмсап үйреніңіз. Ал саясатпен айналысып, билік ауысса жемқорлық жойылады, халыққа билік баспана да, ақша да береді деген АЛДАМШЫ ОЙҒА малданбаңыз. Сонда тыныш және бақуатты тірлік кешетін боласыз.


akikat01.com




Көрілген: 1035    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.01.2018, 20:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30