Мәселе

АҚШ елшісінің қалпағын жел ұшырып кеткен: елорданы көшіру кезіндегі қызықты жайттар

  • АҚШ елшісінің қалпағын жел ұшырып кеткен: елорданы көшіру кезіндегі қызықты жайттар

    АҚШ елшісінің қалпағын жел ұшырып кеткен: елорданы көшіру кезіндегі қызықты жайттар

Орталық мемлекеттік органдар басшылары жаңа елордада жұмыс істеген алғашқы жылдарын еске алып, күлкілі оқиғаларды айтып берді. Қазақстанның шенеуніктері елорданы Алматыдан Астанаға көшірген кезде болған қызықты оқиғаларды "Основание Астаны: Передислокация" деректі фильмінде еске түсірді.


Қазақстан президентінің телерадиокешені Facebook парақшасында фильмнен үзінді жариялаған.


"Сол кезде Астана Монғолия елшісіне ғана ұнады ғой деймін, ол маған: "Бұл жер Улан-Баторды еске салады", — деді. Америка елшісі Элизабет Джонс қалпағын ұшырып алып, соңынан біраз қуғанбыз", — деп әңгімелейді сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы Қайрат Мәми Қазақстанның Ресейдегі қазіргі елшісі Иманғали Тасмағанбетовтың гитарада ойнап, ән айтқанын еске түсірді.

Назарбаев елорданы көшіру тарихы жайлы: депутаттар мені қалжыңдап тұр деп ойлады

"Президент мені орынбасарларыммен бірге шақырып, микроавтобусқа отырдық. Бір кішкене көшемен кетіп бара жатқанымызда, тізеден келетін батпақты көріп, өзім де шошып кеттім. Ол болса: "Ал енді осы жерден тоқтап, жаяу жүрейік", — деді. Бәріміз туфлимен батпақтап келеміз, ойымызды ортаға салып жатырмыз, Елбасы бізді тыңдап, тапсырма беріп келеді. Содан кейін көлікке отырғанымызда: "Ал жақсы серуендедіңдер ме? Келесі жолы осы батпақпен жаяу жүретін боласыңдар", — деді. Бізді осылайша тәрбиелейтін", — дейді сол кезде Астана әкімі болған президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков.


Телерадиокешені атап өткендей, фильмнің авторлары мен бас кейіпкерлері елорданың қалай құрылып, сол кезеңде қандай қиыншылықтар болғанын еске алады.


 




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.12.2017, 09:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31