Мәселе

АҚШ-та алаяқтық жасады деп қамалған ұш қыздың туыстары Тараздан табылды

  • Мирсұлтан Ахунжанов, Диора Ашированың әкесі:  ©ktk.kz

    Мирсұлтан Ахунжанов, Диора Ашированың әкесі: ©ktk.kz

АҚШ-та алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған қазақстандық 3 әйел бір-біріне туыс болып шықты. Үшеуі де – Тараз қаласының тумалары. Ал мұхиттың арғы бетінде жүріп қолға түскендердің жақындары болған жайды естіп төбесінен жай түскендей күй кешкен. Айта кетейік, АҚШ-та нақ осы іс бойынша жалпы 25 адам ұсталды.


Нью-Йоркте ұсталған үш отандасымыздың екеуі қазір қамауда жатыр. Ал біреуі денсаулығына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.


Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:


- Алаяқтықпен айналысты деген күдікпен ұсталды. Олар 1991, 1994-ші жылғы және 1970-ші жылғы.Қазір тергеу жүріп жатыр бір аптаның ішінде сот болады содан кейін белгілі болады.


Азиза Жалолова 24, Диора Аширова 27 жаста. Ал, Елена Құдайбергенова 48-де. Олар бір-біріне жақын туыс. Бізге Диораның әкесімен тілдесудің сәті түсті. Мирсұлтан Ахунжаевтың айтуынша, ол әйелімен 10 жыл бұрын ажырасып, келіншегі жалғыз қызын АҚШ-қа алып кеткен екен. Сондықтан қызымен соңғы рет бес жыл бұрын телефон арқылы ғана тілдесіпті.


Мирсұлтан Ахунжанов, Диора Ашированың әкесі:


- Таң қалып әрі қорқып тұрмын. Мен ондай қыз тәрбиелеген жоқпын.Ол өзі алданып қалды деп ойлаймын. Олардың немен айналысып, не істеп жүргендерін білмедім. Бірақ қызымның кінәсі жоқ деп сенемін.


Азизаның да анасы қызының мұндай қадамға барғанына сенбейді. Төбесінен жай түскендей болған әйел жүздесуден бас тартып тек телефон арқылы ақпарат берді. Айтуынша, Азизаның мамандығы дәрігер екен. Ол АҚШ-та жеке клиникада тұрақты қызметте болған. Ал осы көктемде тұрмысқа шыққан.


Лола, Азизаның анасы:


- 5 жылдан бері сол жақта. Медициналық білімі болғандықтан сол жақта жекеменшік клиникада жұмыс істеген. Арандап қалды деп ойлаймын.


Елді елең еткізген ақпарат шілде айының соңында тараған еді. Яғни АҚШ-та аляқтық жолмен раритеттік көліктерді сатумен айналысты деген күдікпен 25 адам ұсталған еді.


Тергеу мәліметі бойынша, бұлар интернетке жалған жарнамамен машиналарды саудаға шығарып, клиентерден ақшаның бір бөлігін алдын ала алып, кейін өздері таптырмай кететін болған. Сөйтіп, жалпы көлемі 4 жарым млн. доллар шығын келтірген.


- АҚШ полицейлерінің мәліметінше, қылмыстық топ құрамында Ресей, Грузия сынды сегіз елдің азаматы болған. Үшеуі – біз айтып өткен тараздық әйелдер. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, әрқайсысы АҚШ заңы бойынша 20 жылдан 30 жылға дейін жаза арқалауы мүмкін.


ktk.kz


 




Көрілген: 210    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.08.2018, 09:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31