Мәселе

Ақтауда клиенттер монша иесінің ұлын соққыға жығып, сүйіктісін зорламақ болған

  • © News.vse42». - VSE42.Ru

    © News.vse42». - VSE42.Ru

Ақтауда моншаға келген клиенттер мекеме қожайынының 20 жастағы ұлын аяусыз ұрып, оның сүйіктісіне зорлық көрсетпекші болған деп жазады inaktau.kz.


Бұл оқиға 1-қаңтардан 2-қаңтарға қараған түні сағат 03:30 шамасында болған. Ол күні моншаға жауапты ретінде орталықтың иесімен бірге ұлы және оның сүйіктісі болған.


«Сол күні моншада ұлым және оның қызы болып үшеуміз жұмыс істедік. Кешке 7 ер адам келген болатын. Бәрін жайғастырып болған соң, кіші ұлымды ұйықтатуға үйге кетіп қалдым. Ал ұлым мен қызы сол клиенттерден кейін моншаны жабатын болған. Жуынып болғаннан кейін ер адамдар моншаның ақшасын төлемек болады. Алайда, қалған төртеуі ұлымның қызы киініп жатқан бөлмеге кіріп, оған тиісе бастапты. Сол сәтте ұлым сүйіктісін қорғамақ болған», – дейді моншаның иесі Олеся Аракчеева.


Әйелдің айтуынша, бірнеше еркек жігітті жабылып ұрып тастаған. Артынша кассадан 150 мың теңгені алып кетіпті. Моншаның иесі полицияға сол күні арыз жазған.


«Ұлымның жағы сынған, басының ешбір жері сау емес. Соққыдан кейін ол бірнеше күн бойы не болғанын есіне түсіре алмады. Тіпті ауруханаға қалай келгенін ұмытып қалған. Қазір үйде ем алып жатыр. Ал ұлымды ұрған алтауы өз кінәларын мойындамай отыр, тек біреуі ғана не болғанын айтып берді. Полиция олардың үстінен тонау ісі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бірақ ұлымды соққыға жыққандары үшін айыпталып отырған жоқ. Тіпті жетеуі де әлі бостандықта жүр. Ертеңгі күні олар басқаларға да зиянын тигізе ме деп қорқамын», – дейді әйел.


 sn.kz




Көрілген: 416    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.01.2019, 11:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31