Мәселе

Ақтөбеде 14 жасар қызды айуандықпен зорлаған адам түрмеде ауруға шалдыққан

  • Ақтөбеде 14 жасар қызды айуандықпен зорлаған адам түрмеде ауруға шалдыққан

    Ақтөбеде 14 жасар қызды айуандықпен зорлаған адам түрмеде ауруға шалдыққан

Ақтөбедегі қауіптілігі орташа түзету мекемесінде қазір 500-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр. Олардың арасында қыз зорлағандар, терроризмді насихаттағандар, алаяқтар және ұрлық жасап, тонаушылықпен қолға түскендер де бар. Өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі қауіпті қылмыскерлер отырған абақтыдан репортаж жасауға мүмкіндік алды. 


Жазалау мекемесінде қамауда отырған қылмыскерлердің бірі 14 жастағы қыз баланы зорлағаны үшін түрмеге тоғытылған. 32 жастағы ер адамға азғындық әрекеті үшін 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесіліпті.


"Бұл кісі біздің мекемеге 2017 жылдың желтоқсан айында жеткізілді. ҚР ҚК-нің 120-121 бабы бойынша айыпты деп танылған.

Ол жасөспірім қыз баланы айуандықпен зорлап, қорлаған. Ол кісінің жасағандарын ауызбен айту мүмкін емес.


Бұл кісі түзету мекемесіне келгеннен кейін психологиялық ауруға шалдығып, жүйке жүйесі бұзылғандығына қатысты есепке алынды»,- дейді КА-168/2 түзету мекемесінің өкілі Байхат Қазбағамбетов.13 наурыз күні бұл КА-168/2 түзету мекемесіне арнайы аппараттармен медицина қызметкерлері кіргізілді.


Жылдағы дәстүр бойынша жазасын өтеп жатқандардың денсаулығы жоғары технорлогиялы медициналық аппараттармен тексеріледі екен.«Мұндай шаралар облыстағы түзету мекемелерінде жыл сайын жасалады. Хирург, стаматолог, психолог, терапевт секілді дәрігерлер сотталғандардың денсаулығына медициналық тексерулер жасайды. Ұсақ оталар да жасалады.

Тексеру кезінде ауру белгілері анықталғандарға қатысты емдеу шаралары тұрақты жүргізіледі. Тегін түрде тиесілі дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі.


Бүгінгі күні 200-ге жуық сотталушы медициналық тексерістен өтті»,- дейді жазалау мекемесінің баспасөз қызметкері Нұргүл Жұмағұлова.Сотталушылар бостандықта жүргендерінде бара алмаған дәрігерлерге түрмеде отырған кезде қаралуға жағдай жасалғанын мекеме басшыларына алғыс айтты.


«Мен Шымкент қаласының тумасымын. Қызылорда облысы аумағына есірткі затын еккенім үшін бас бостандығымнан айырды.

Оны жаман шөп деп ойлаған жоқпын. Жұмыс берушім алдаған. Бір гектар жерге егілген шөпті жоңышқа деп ойладым. Осында келгеніме 2 жыл 2 ай болды. Енді бір жылдан кейін мерзімім бітеді.


Бұл жақ көп нәрсеге шектеу қоятын түрме болғанымен, денсаулығымды қаратуға барлық мүмкіндіктер бар. Біз үшін жасалып жатқан мұндай шараларға алғыс айтамыз», - дейді 50 жастағы Талғат Молдабеков. Сотталушыларға дәрігерлер кабинетіне жекелеп кіріп, кеңес алуға мүмкіндікжасалды.




Көрілген: 192    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.03.2019, 09:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31