Мәселе

Ақтөбеде 20 жастағы бойжеткен ұлын перзентханаға тастап кеткен

  • Көрнекі фото: © foma.ru

    Көрнекі фото: © foma.ru

Ақтөбеде 20 жастағы бойжеткен перзентханада ұлынан бас тартып, тастап кеткен. Жаңа туған сәби қаладағы "Үміт" балалар үйіне орналастырылды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.


Қазіргі таңда Ақтөбе қаласындағы «Үміт» сәбилер үйінде 5 жасқа дейінгі 50-ден аса бөбек тәрбиеленіп жатыр. Көпшілігі ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар.


«Жақында ғана бізге екі бала әкелінді. Оның бірінің анасы жас. Шамамен 20 жастағы қыз перзентханада баладан бас тартқан. Сәби біздің орталыққа қазан айының басында перзентханадан әкелінді. Баланың денсаулығы жақсы.

Ал екінші баланың анасында психикалық ауытқу бар. Анасы 30 жастан асқан. Баласы қазір 1,5 жасқа келіп қалды. Бізге жасқа жетпей келді.


Мұндай жағдайда құжат жасау ұзақ уақыт алады. Сотқа жіберіледі. Бірінші бала туыстарына ұсынылады. Туыстар бас тартқаннан кейін ғана балалар үйіне өтеді.


Екінші баланы бір адамдар асырап алғысы келген. Анасының дертін естігеннен кейін ойланып қалды. Себебі, психикалық дерттің тұқым қуалауы мүмкін», - дейді «Үміт» сәбилер үйінің бас дәрігері Қадірбек Иманбаев.

Ақтөбедегі сәбилер үйі басшысының айтуынша, бала асырап алғысы келетіндер саны күн санап өсіп жатыр екен.


«Бүлдіршіндерге мемлекет тарапынан толық жағдай жасалып жатыр. Орталық медициналық мекеме болғандықтан педиатр, логопед, невропатолог секілді дәрігерлеріміз бар.

Қазіргі уақытта бала асырап алуға сұраныс көп. Біз балалар туралы ақпаратты республикалық порталға салып тұрамыз. Бірақ, асырап алатын бала көп емес. Керісінше, асырап алғысы келетіндер көп.


Осыдан 10-15 жыл бұрын бала көп, асырап алатын адам жоқ болатын», - дейді бас дәрігер. 




Көрілген: 590    Пікірлер: 0

жұма, 26.10.2018, 16:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30