Мәселе

Ақтөбеде жоқшылықтың зардабын тартқан аналар баласын сәбилер үйіне тастауға мәжбүр

  • Көрнекі сурет: ©Club-nikon.ru

    Көрнекі сурет: ©Club-nikon.ru

Ақтөбедегі "Үміт" сәбилер үйінде аптасына бір рет бала мен ананың кездесу күні белгіленген. Орталыққа аптасына тұрақты келіп тұратын аналар бар деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


"Біздерге көпшілігі баланы уақытша тастайды. Жағдайының жоқтығын, тұрмыстық қиындықты алға тартады. Жас үйленген отбасылар ажырасып, баламен отырған ана жұмыссыз қалады. Пәтер жалдап тұратын аналар күнін көру үшін балаларын бізге тапсырып, жұмысқа шығады. Сондай аналар бар. Баласын үш айға, алты айға не бір жылға қалдырып, көмектесуді сұрайды. Толық пәтеріне орналасып, жұмысқа орныққаннан кейін балаларын алып кетеді. Біз балаларды 4,5 жасқа дейін қарап бере аламыз", - дейді "Үміт" сәбилер үйінің бас дәрігері Қадірбек Иманбаев.


Балаларын жалғыз асырай алмаған жас келіншектер нәрестелерін орталыққа қалдыруға мәжбүр.


"Ажырасу көбіне 20 мен 35 жас аралығындағы азаматшаларда болады. Себебі бізге келетін аналардың жасынан осыны аңғарамыз. Байқағаным, облыс тұрғындарының көпшілігі "Үміт" балалар үйі туралы ақпарат білмейді екен. Әсіресе, аудан орталығындағылар. Балаларын туыстарына бірнеше күнге қалдырып кетіп жатады. Ондай кезде баланың жағдайы болмауы мүмкін. Ал бізде балаға толық жағдай жасалады", - дейді бас дәрігер. 




Көрілген: 197    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.10.2018, 11:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30