Мәселе

Ақтөбеде келіні инсульт алған қайын атасын қаңғыбастар үйіне тастап кетті

  • Ақтөбеде келіні инсульт алған қайын атасын қаңғыбастар үйіне тастап кетті

    Ақтөбеде келіні инсульт алған қайын атасын қаңғыбастар үйіне тастап кетті


Ақтөбе облыстық белгілі тұрағы жоқ және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды бейімдеу орталығындағы тұрғындар саны күн өткен сайын артып келеді. Олардың арасында келіні есік алдына тастап кеткен қария да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Ақтөбедегі белгілі тұрағы жоқ және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды бейімдеу орталығында күн өткен сайын адам саны көбейіп келеді. Мұндағы тұрғындардың 15-і ұзақ уақыттан бері құжаттарын реттеу үшін жүр.


Құжаттары дайын болған соң олар жұмысқа тұрып, кейбірі отбасымен қайта қауышып жатады. Баласының, бауырының жанына қайта оралатындар өте аз.


«Қалада қаңғыбастардың көбейіп кетуінде еш құпия сыр жоқ. Ауылдан қалаға жұмыс іздеп келеді. Таба алмаған соң көше кезіп, тапқанын тамақ етіп ішеді. Арасында ішімдікке салынғандары басым. Жолы болмағандар басқа адамдарды кінәлауға бейім. «Мені үйімнен қуып жіберді», «балам барымды тартып алды» деп айтатындар бар.


Адамдар қыста өте көп келеді. Бір түнде 28 адам келді»,- деді орталық директоры Сабырғали Дәулетов.



Сурет: inform.kz

Аталған орталықта қазір 60-қа жуық адам бар. Көбі көше кезіп, далаға түнеуді, қыста орталықты паналауды әдетке айналдырған. Кейбірі құжаттарын түгелдеу үшін орталық мамандарының көмегіне жүгінеді.


«Қазан айында орталыққа келіп, қазір құжаттарымды қайта қалпына келтіріп жатырмын. Келіншегім қаза болып, екі балам үйленді. Өзім 70 жасқа толамын.


Бұған дейін мал бағып, ауылда жүрдім. Енді күшім кетті. Сондықтан құжаттарымды қайта қалпына келтіріп, қарттар үйіне орналасқым келеді. Балаларымның отбасына араласып, кедергі келтіргім келмейді», – деді орталық тұрғыны Абай Саржалин.



Мұнда  Ресей, Өзбекстаннан келген адамдар да жатыр. Кейбірі туған жерін, жылын, туыстарын білмейді. Ондай адамдарға құжаттарын қайта жасату мүмкін болмай тұр. Ал кейбірін туған-туыстары әкеліп тастап жатыр.


«Баласы, қызы, апасы, інісі бар қарияны есік алдына келіні әкеліп тастады. Біз оны емдету үшін аурухана жібердік. Себебі, инсульт алып, төсекке таңылған. Бәлкім мінезі нашар шығар, бірақ бағу керек. Оны жуындырып, күтім жасау орталық қызметкерлерінің міндетіне кірмейді. Қала көшесіндегі мүгедекті, қозғала алмайтын адамды бізге әкеледі. Әкелген соң біз оны қуып жібере алмай, қабылдаймыз», – орталық директоры Сабырғали Дәулетов.


Stan.kz



Көрілген: 589    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.12.2017, 19:54

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30