Мәселе

Ақтөбеде ректор Ердембековтің үстінен 14 адам арыз түсірді

  • Көрнекі сурет. © voladm.gov.ua

    Көрнекі сурет. © voladm.gov.ua

Ақтөбедегі Жұбанов университетінің ректорына қатысты айқай-шу көбейіп кетті. Бауыржан Ердембековтің үстінен 14 жұмысшы еңбек инспекциясына арыз жазған деп хабарлайды Aktobenews.kz.


Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жұмысшылары көмек сұрап еңбек инспекциясын жағалап жүр. Оқу орнының мамандары жұмыстан заңсыз шығарылғандарын айтып, өкілетті органға арыз түсірген.


«Жұбанов университетіне қатысты бізге арыздар түсті. Ондай арыздар бізде бар. Жұбановтың сұрақтары негізінен уақытында айлық төлемеу, жұмыстан заңсыз шығаруға қатысты.


Тексеру барысында, жұмыс беруші тарапынан кеткен заңсыздықтар да анықталды. Еңбек инспекциясы жұмысшының қызметтен шығарылуының заңдылығын ғана тексереді. Ал жұмысқа қайта орналастыру мəселесін сот шешеді», - дейді Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Оразаев.


Инспекция мамандарының хабарлауынша, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректорына қатысты шағым айтқандар саны 14 адамға жеткен. 


NUR.KZ




Көрілген: 573    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.12.2017, 11:44

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30