Мәселе

Ақтөбеде "шариғат заңын енгіземіз" деген ата-аналар әкімдікке баса көктеп кірді (видео)

  • © nur.kz

    © nur.kz

Ақтөбеде медреседен білім алатын келіншектер мен ақ жаулықты аналар əкімдіктің алдына барып, оқушылардың орамалын шешпеуді талап етті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Олар облыс əкімі Бердібек Сапарбаевқа осы тілектерін айтуға келген. Оқу жылының үшінші тоқсаннын айқай-шумен бастаған ата-аналар балаларының мектепке орамалмен жіберілуін сұрайды.


«Біздің мектекте оқитын баламыз жоқ. Бірақ, шариғатты қолдау үшін жиналып тұрмыз. Осында жиналғандардың дені əйелдер медресесінде білім алатындар. Орамалды шешуді талап ету адам құқығына шектеу деп ойлаймын.


Орамал таққандар арасында медресенің шəкірттері де бар. Балалар құқын қорғауға біз де атсалысқымыз келеді. Қазір қатты қысым жасалып жатыр, жанымыз ашып келіп тұрмыз», - дейді медресе шəкірті Алтын Уалиқызы.


Əкімдікке жиналғандарды облыстың бас ұстазы қабылдап, Ақтөбеде мектеп формасын сақтамаған оқушылардың ата-анасына айыппұлдар салынып жатқанын айтты.


«Баланың мектепке келуін қамтамасыз етпейтін болса, мектептің ішкі тəртібіне бағынбаса жауапқа тартылады. Қазіргі уақытта мектеп формасын сақтамағаны үшін айыппұл салынғандар бар», - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Лəззат Оразбаева.


Ата-аналар сонымен қатар, қыз балаларға арналған мектептің ашылуын талап етіп отыр. Олар прокуратура өкілдері мен əкімдік қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізуді сұрайды.


Талап қоюшы тарап "балаларымыз орамалын шешпейді" деген пікірге бекініп алған.



Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбе облысында орамал мəселесіне қатысты жұмыс жүргізіліп жатқан 300-ден аса оқушы бар.


Айта кетерлігі, «Дін бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңынның 5 бабына сәйкес, республикадағы білім және тәрбие беру жүйесі діни бірлестіктерден ажыратылған және зайырлы сипатқа ие. Республика мектептерінде бірыңғай мектеп формасы сақталуы тиіс, ол оқушыны тәртіпке шақырады және оның мәртебесін көрстеді. Республика мектептеріндегі оқушылар үшін іскерлік стильді енгізу (мектеп формасы) білім беру мекемесінің ішкі ұйымдасу Ережелері мен Жарғысында көрсетілген. 




Көрілген: 919    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.01.2018, 11:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31