Мәселе

Ақтөбеде үш баласын үш некеден туған жалғызбасты келіншек көмек сұрайды

  • © InfoZapad.ru

    © InfoZapad.ru

Ақтөбеде үш азаматпен көңіл жарастырып, некесі сәтсіз болған жалғызбасты ана көпшіліктен көмек сұрайд деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Өзін Вика деп таныстырған келіншек көпшілікке суретін көрсетуден бас тартты. Балаларының өсіп келе жатқанын, жүрегі ауыратын анасының бар екенін айтқан ол қиын жағдайын жақындарының білгенін қаламайды.


"Анам Қостанайда тұрады, науқас. Сондықтан оның мені көріп, уайымға салынғанын қаламаймын. Өзім үш баламен Ақтөбе қаласында пәтер жалдап тұрамын. Осы жақтың жігіттеріне тұрмысқа шықтым. Қазір кішкентайым бес айлық. Жолдасым бар, бірақ біз бірге тұрмаймыз. «Аналар үйіне» барып тұрғым келді. Балаларымның фамилиясы бөлек, әрқайсысының әкелері әртүрлі. Екеуінің әкесі тірі болғандықтан ол жерге тұра алмайды екенмін. Тек қызымның ғана әкесі қайтыс болды. Үлкен баламның әкесі алиментті тұрақты бермейді. Арасында 2-3 мың теңгеден беріп тұрады", - дейді Вика есімді келіншек.

Виканың үлкен ұлы 7 жаста. Анасының айтуынша, әкесі алиментті тұрақты төлемейді. Екінші қызы 5 жаста, оның әкесімен де ажырасып кеткен. Келіншек кейін қызының әкесі қайтыс болғанын естиді. Виканың үшінші некесі де сәтсіз болып, жасқа толмаған баласын жалғыз тәрбиелеп отыр. Үшінші баланың әкесі де алимент төлеуден қашып жүр.


"Үшінші күйеуімнің Қандыағашта пәтері бар. Оны жалға беріп қойған. Ал біз мұнда пәтер жағалап жүрміз. Мен үйде нан пісіріп сатамын, подъезд жуамын. Пәтердің ақысын балалардың жәрдемақысымен төлеймін. Подъезді тазартуға айына 300 теңге аламын. Әр пәтер 20 теңгеден жинап береді. Бір подъезден 300 теңгеден шығады, оның өзі маған ақша сүт алуыма жетеді. Подъезді тазартуға бес жастағы қызым көмектеседі. Ол бәрін түсінеді. Қиын жағдайымыздан балаларым ерте есейген", - дейді Вика.

Жалдамалы пәтердің ақысы мен балалардың тамағын тауып бере алмай қиналған жалғызбасты келіншек көпшіліктен көмек сұрайды.


Викаға көмек қолын созам деген жанадр үшін оның ұялы телефоны: 8705 161 22 40 




Көрілген: 877    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.01.2018, 10:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31