Мәселе

Ақтөбедегі секс-құлдық: Төрт баланың анасы балконнан секіріп кетті

  • © fakty.com.ua

    © fakty.com.ua

Ақтөбеде 5 қыркүйек күні 8-март көшесінің тұрғыны үшінші қабатта орналасқан пәтердің балконынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған. Алайда, 4 баланың анасы бұл райынан қайтқанымен, балконда жіпке ілініп қалады. Абырой болғанда, сол маңайда жүрген полиция қызметкерлері әйелді дер кезінде құтқарып қалған деп жазады aktobetimes.kz.


Оның мұндай әрекетке баруына жеңгетайлық қызмет көрсетіп жүрген Галя есімді әйел итермелеген. Ол сол күні 4 баланың анасын көгала етіп сабап тастапты.


2017 жылдың 22 наурызында Айша жеңгетайдан аяусыз таяқ жегені үшін полицияға хабар берген. Алайда, Галядан қорыққанынан, оның үстіне арыз жазбапты.


Жезөкшелікпен 10 жыл бойы күрес жүрген полицияның қоғамдық көмекшісі Сәнімжан Шұғайпованың айтуынша, 46 жастағы Галя жеңгетайлықпен 1998 жылдан бері айналысып келеді екен.


«Менің білуміше, Галяның қарамағында 8 жезөкше жұмыс істейді. Оларды баратын үш саунаға ары-бері өзі тасиды. Бірақ сауна өзінікі емес, өздерінің сол жерде шоғырланған тобы бар. Ал вокзал маңайында жұмыс істейтін 10 және 15 жезөкшесі бар», – дейді полицияның қоғамдық көмекшісі.


Айшаның жағдайын естіген бойда Сәнімжан Ақтөбе облыстық ІІД-нің басшысы, генерал-майор Махамбет Әбісатовты өзі хабардар еткен. Ол бұл істі өз құзырына алыпты.


«Айша ендігіде балалары үшін қорықпайды. Бұл істің аяғына дейін баруды қолға алған. Мен Әбісатов пен оның орынбасарларына сенемін», – дейді Сәнімжан Шұғайпова. 


sn.kz




Көрілген: 1737    Пікірлер: 0

жұма, 09.11.2018, 15:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30