Мәселе

Ақтөбеге елордадан түнделетіп келген басшылар алапат өрттің қылмыстық іс емес екенін айтты

  • Ақтөбеге елордадан түнделетіп келген басшылар алапат өрттің қылмыстық іс емес екенін айтты

    Ақтөбеге елордадан түнделетіп келген басшылар алапат өрттің қылмыстық іс емес екенін айтты

Кеше түнде Ақтөбе облысының әкімдігінде баспасөз мәслихаты өтті. Оқыс оқиға орын алған өңірге Астанадан түнделетіп жеткен министрлер жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев, Инвестициялар және дамудың бірінші вице-министрі Роман Скляр, Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой және Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Серік Түленбергенов өткізген баспасөз мәслихатында өрттің қылмыстық іс емес, қайғылы жағдай екені түсіндірілді.


«Астана уақытымен сағат 10:30 шамасында «Самара –Шымкент» тас жолының1068 шақырымы, Қалыбай елді мекенінен 10 шақырымда мемлекеттік нөмірі «335PSM» «Setra» жолаушылар мінген автобус жанып кетті. 57 адам зардап шекті, оның 52-сі қаза тапқаны белгілі.

Бес адам өз күштерімен автобустан шыққан. Олардың үшеуі жүргізуші және оның көмекшілері болып жасаған Қазақстан азаматтары. Аман қалғандардың екеуі - Өзбекстан азаматтары.

Автобус жүргізушісі Нұржан Қырғызбаев 1968 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысынан. Көмекшілері Мақсат Пернебеков 1985 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысынан, автобус жолаушысы Болат Таңатаров 1976 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысынан. Сонымен қатар, автобус жолаушысы болған Қазақстан азаматы Мырзахметов 1980 жылғы, аман қалған тағы бір жолаушы Өзбекстан азаматы Исаков 1988 жылғы.

Комиссия бүгін оқиға болған орынға барып, жағдаймен танысты. Қазіргі уақытта арнайы тергеу тобы жұмыс жалғастырып жатыр», - деді Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр.

Автобустың бірінші қабатында жүк көп болған. Екінші қабатта отырған жолаушылар іштен шыққан өртке бірден уланып, шыға алмай қалған.


«Оқиғада ешқандай қылмыстық белгілер жоқ, қайғылы жағдай. Аман қалған бес адамнан жауап алынатын болады. Алдын ала тергеуде анықталғандай, ол жерде жол-көлік оқиғасы болмаған. Оны автобустың жолдың үстінде тұрғанынан көруге болады.

Өрт автобустың ішінен басталған. Жолаушылар уланып, сыртқа дер кезінде шыға алмай қалып тұр. Оны аман қалған автобус жолаушылары да растап отыр. Автобустың бірінші қабатында жүк салынған. Жүк көп болған. Екі деңгейлі автобустың жоғарғы қабатында жолаушылар отырған. Көліктегі жүк толықтай өртеніп кеткен», - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев.

Денсаулық сақтау вице-министрі аман қалған науқастарға толық ем жүргізіліп жатқанын және олармен психологтардың жұмыс жасап жатқанын түсіндірді.

Ал Ақтөбе облысының әкімдігі мәйіттерді көрші елге жеткізіп беру шығындарын мойындарына алатынын хабарлады.


«Ақтөбе әкімдігі қазіргі уақытта қолдау жұмыстарын жасап жатыр. Тергеу жұмыстарына, мәйіттерге медициналық сот экспертизасы жасағаннан кейін еліне жеткізіп беретін болады. Оқиға орнында жағдай қиын, денелердің барлығы жанып кеткен. Медициналық экспертиза тәулік бойы жасалатын болады», - деді Ақтөбе облымсы әкімінің орынбасары Серік Түленбергенов.

Дәрігерлер ауруханада жатқан науқастардың денсаулығы бірқалыпты екендігін хабарлайды. Өртеніп кеткен мүрделер мәйітханаға түнде жеткізілді


 




Көрілген: 647    Пікірлер: 0

жұма, 19.01.2018, 09:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31