Мәселе

Ақтөбелік қалыңдық тойына 5 күн қалғанда басқа жігітпен қашып кетті

  • Фото: funduk.me

    Фото: funduk.me

Ақтөбелік келіншек ұяттан безген қыздардың көбейгенін айтып, қайын інісінің жағдайын баяндап берді. Ол өзінің үйлену тойында адам сенгісіз жағдайға тап болған деп хабарлайды NUR.KZ.


"Мұны заманнан көретін ештеңесі жоқ. Желкілдеген қыздар оңбаған. Біздің үйде 6 шілде күні той болу керек еді. "Юрта" мейрамханасымен келісіп те қойдық. Тойдың қамымен абыр-сабыр боп жүргенбіз. Белгілеген уақытқа 5 күн қалғанда түрі өрт сөндіргендей қайын інім үйге келіп, алатын қызының басқа адаммен қашып кеткенін айтты. Бала еңсесі езіліп, он күн бойы төсектен тұрмастан жатты. Бұрын той болайын деп жатқанда "келіншек қашып кетіпті" дегенді интернеттен оқитын едік. Енді міне өзіміз есеңгіреп қалдық",-дейді Айнұр есімді келіншек.


Отбасының онсыз да ұяттан бас көтере алмай отырғанын айтқан ол тегінің жасырын қалуын сұрады.


"Ініміз ол қызды алмай жатып алтынмен аптаған болатын. Қыз қашып кеткен соң үкі деп алған бриллиант жиынтығын, той көйлегін алып кеттік. Қыздың әке-шешесі де жерге қарап отыр. Ақтауға барып 300 мың теңгеге фотосессия жасаған болатын. Мейрамханаға төлеп қойған тойдың ақшасы да кетті. Қып-қызыл шығын болдық. Барлық жамандық сол пәлемен кетсін деп отырмыз. Біреуді жылатып, біреу бақытты болмайды", - дейді келіншек.


Жігіт тойды тоқтатқысы келмей, тіпті басқа қыз алып қашпақшы болған. Алайда, бұл райынан оны өз достары қайтарып, жігітті дер кезінде тоқтатқан. 




Көрілген: 1719    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.07.2018, 11:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31