Мәселе

Ақтөбелік құрылысшылар шенділердің жасырын саунадағы демалысын әшкереледі

  • Ақтөбелік құрылысшылар шенділердің жасырын саунадағы демалысын әшкереледі

    Ақтөбелік құрылысшылар шенділердің жасырын саунадағы демалысын әшкереледі

Ақтөбеде басшылар демалатын мемлекеттік университеттің жеке саунасын жөндеген құрылысшылар шу көтерді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің басшысымен 20-ға жуық жұмысшы соттасқалы отыр. Айтуларынша, құрылыс жұмыстарын жүргізгендері үшін оқу орны ақыларын бермей тастаған.


Алғашында қолма-қол ақшамен жұмыс жасадық деген бригада, кейін ауызекі келісіммен университет ішіне құрылыс жұмыс жасағандарын айтады.


Университет ішінде басшылар демалатын саунаға дейін жасағандарын айтқан олар кімнен көмек сұрарын білмей жүр.


"2017 жылдың қазан айында саунаның жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Ішінің барлығын бұзып қайта жасадық. Сауна шағын адамға ғана арналған. Өздерінің қажеттіліктері үшін салынған секілді.

Бұл жерде сауна бар екенін ешкім білмейді. Сауна 5 жылдай жұмыс істемей тұрған. Ішінде жиһаз, бассейн, кабельді теледидар, дамелыс бөлмесі бар.


Саунаның құрылысына шамамен 3-4 миллион теңгедей жұмсалды. Университетте құрылыс жұмыстарын жүргізгенімізге бір жылдан асты.


Жалпы сомасы 16 миллион теңге қарыз. Менің қарамағымда 15 шақты жұмысшым бар. 10 миллион теңгеден астам ақшаға құрылыс материалдарын сатып алдық",- дейді бригадир Асқар Атыбаев.

Ұзын сатымен астыға түскеннен кейін элиталы саунаның кең залы пайда болады деген жұмысшылар құрылыс жұмыстарын қонып жүріп жасаған.


"Бізге мұнда сауна бар екенін ешкімге айтпаңдар деді. Біз бүгінгі күнге дейін үндеген жоқпыз. Олар суға түсіп кеткеннен кейін біздің жұмысшы қыздар тазалап кетеді. Ішінде спорт зал, ас үй, мұздатқыш, кір жуғыш машинаға дейін бар.

Егер сауна жұмыс жасамай тұр десе олар неге ашып көрсетпейді? Басшылар бұл жерде саунаның жоқ екенін журналистерге ашып көрсету керек еді.


Бұл жерге студенттер түгілі еден жуушыларға дейін кіргізбейді. Бастықтардың өздері келіп түседі", - дейді Алмас Расбаев.



Жұмысшылар БАҚ өкілдерінің көзінше саунаны ашып көрсетуін талап еткенімен басшылық келіскен жоқ. Күзет басшысының өзі жабық есіктің кілті өзінде жоқ екенін айтты.


Ал университет басшысы осыдан он жыл бұрын салынған саунаның барын растағанымен, онда жөндеу жүргізілмегенін айтып отыр.


"Бәленбай миллионға ешкім қарызға жұмыс жасамайды. Мен олардың сөзін жалған деп санаймын. Біз үлкен фирмалармен келісімге отырамыз. Олардың ішінде жалданып жүретін бригадалардың барлығын біз тани бермейміз.

Мен сауна туралы бірінші рет естіп тұрмын. Біз сауна ашып, ойын-сауық жасайтын жер емеспіз. Спорт кешеніндегі сауна кезінде болған. Қазір жұмыс жасамайды.


Ол сауна 10 жыл бұрын ашылған. Бізде сауна жоқ. Мен жала жабылып жатқан мына мәселеге қатысты ол адамдарды сотқа беремін",- деді Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков.

Айтуларынша, екі жақты келісімшарт жасалмағаннан кейін жұмысшылар соңында ақшаларын ала алмай қалған. Қолдарында тек университет ішінде жұмыс жасап жүрген суреттер және басшылармен сөйлескен телефон жазбалары ғана бар.


NUR.KZ




Көрілген: 1674    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.07.2018, 10:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31