Мәселе

Ақтөбелік тұрғын интернет арқылы алаяқтардың құрбаны болды

  • Ақтөбелік тұрғын интернет арқылы алаяқтардың құрбаны болды

    Ақтөбелік тұрғын интернет арқылы алаяқтардың құрбаны болды

Ақтөбе қаласының тұрғыны Жәңгір Исақаев алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды Today.kz.


Ол OLX сайтына кіргенде "Арзан бағада ұялы телефон сатылады, жеңілдік жүріп жатыр" деген хабарламаны көрген. Қызығушылық танытқан ол хабарлама иесіне мән-жайды сұрап, хат жазған. Сөйтсе, хабарлама иесі: "Сіз маған жеке куәлігіңізді суретке түсіріп жіберіңіз, біз сізге поштамен ұялы телефонды салып жібереміз, жеткізу – үш мың теңге. Үш мыңды киви әмиянға салсаңыз, мен сізге осы ұялы телефонды жіберем", – деген.



"Ойымда ештеңе жоқ, жеке куәлігімді ұстап тұрып, суретке түсіп әлгі кісіге жібердім. Келесі күні ол менің суретімді, бала-шағамның суретін пайдаланып, менің атымнан Instagram желісіне түрлі аккаунт аша бастады. Аккаунт арқылы жалған ақпарат таратып, халықты алдауға кірісті. Көзіме түскені – бес аккаунт. Әртүрлі атпен бір бума ақша ұстап тұрған видеосын жүктейді. Бұның бәрі – жалған. Әсіресе Ақтөбе қаласының тұрғындарынан алданып қалмауларын сұраймын", – дейді Жәңгір Исақаев.


 




Жәңгір – әйелі, екі ұлы бар электрик. Жәңгірдің әйелі де бұл бассыздықтың тезірек ауыздықталуын қалайды.


"Белгісіз алаяқ Whatsapp желісінен де өтірік аккаунт ашып, суретке күйеуім мен екі баламның суретін қойған. "Сотқа береміз" деп жазсақ та, қорықпай отыр", – дейді Жәңгірдің жұбайы Махаббат Сержанқызы.


Алаяқтың құрбаны болған Жәңгір мен Махаббат Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасына арызданғандарын айтты.

 




Көрілген: 601    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.03.2018, 16:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30