Мәселе

"Әліби ісі". Сот Жамалиевтің өтінішін қанағаттандырмады

  • "Әліби ісі". Сот Жамалиевтің өтінішін қанағаттандырмады

Алматы облысының соты бизнесмен Қайрат Жамалиевтің қалған мерзімін жеңілдеу жаза түріне ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Сотталушының өтінішін қанағаттандырмау туралы шешім шығарарда сот мекеме әкімшілігінің (Жамалиевке) берген оң мінездемесін оның түзелгеніне толық дәлел бола алмайтынын ескерді. Қылмыстық кодекс бойынша, жаза әлеуметтік әділдікті орнату үшін қолданылады. Сот бұл мерзімде әлеуметтік әділдік орнаған жоқ деген шешімге келді", - дейді Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі. Ведомство өкілдері өтініш адвокаттардың жеке шағымы ретінде қаралғанын атап өтті. Еске сала кетейік, 2015 жылдың тамызында астаналық 46 жастағы кәсіпкер Қайрат Жамалив Әліби Жұмағұловты ұрып-соққаны үшін бірнеше бап бойынша 13 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Жамалиевпен бірге оның жүргізушісі Анатолий Прибытков та ұсталған болатын. Ал биыл 23 маусымда Бас прокуратура Жамалиевтің ісіне қатысты түсініктеме берген болатын. Бас прокурордың аға көмекшісі Думан Қожахметов астаналық бизнесмен Қайрат Жамалиевтің жазасы 13 жылдан 6 жылға дейін жеңілдетілді деген БАҚ-та шыққан ақпаратқа қатысты Facebook арқылы түсініктеме берді. 25 шілдеде кассациялық соттық істі қайта қарауы бойынша Жамалиевтің жазасы 13 жылдан 7 жылға азайтылғаны белгілі болған.




Көрілген: 293    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 10.10.2017, 19:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 18:08
    Ақырзаман келгенде

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31