Мәселе

«Алматы-2» вокзалы жабыла ма?

  • © Tengrinews

    © Tengrinews

«Алматы-2» вокзалын жабу туралы сот шешімі күшінде қалды. Өрт қауіпсіздігіне салғырт қарап келген темір жолшылардың апелляциялық шағымы сол күйі қанағаттандырылмаған.


Бірақ, соған қарамастан пойыз бекеті жұмысын жалғастыра бермек. Өйткені, төтенше жағдайлар департаменті ғимаратты жабу туралы шешімнің орындалуын талап етпейтін болды. Бұған себеп – вокзалдағы өрт қауіпсіздігі талаптарының кеш те болса ретке келтірілуі.


Негізі мұндағы 14 заңбұзушылықты құтқарушылар былтыр анықтапты. Соның екеуі осы уақытқа дейін жойылмай келген еді. Іс сотқа жеткеннен кейін ғана бекетте аяқасты дабыл жүйесі мен өртке қарсы қызмет пайда болған. Құтқарушылар бұған кеше көз жеткізіпті. Қауіп толыққанды сейілгендіктен, енді нысанның есігіне құлып салдыртудың да қажеті жоқ.


Ерік Шынтеков, «ҚТЖ» АҚ Алматы жол бөлімшесі директорының орынбасары:


-Қазіргі таңда барлық 14 табылған нарушениялар орындалды. Төтенше жағдай департаментімен «Қазақстан темір жолына» қарсылығы жоқ. Вокзал әрі қарай жұмыс істеп жатады.


ktk.kz


 


 




Көрілген: 175    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.07.2018, 10:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31