Мәселе

Алматы әкімдігі журналистерді марапаттады

  • Фото. ©Samat Kussainov

    Фото. ©Samat Kussainov

Алматы әкімдігі журналистер мерекесі қарсаңында «Астана – Ұлы дала елордасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Аталмыш шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысты.


Мерекелік шарада Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев журналистерді шаһар басшысының атынан құттықтап, барлық баспасөз, теледидар, радио, газет қызметкерлерінің еңбектеріне табыс тіледі.

«Журналистер күнінде арнайы араларыңызға келіп, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтау – мен үшін үлкен бақыт. Күнде таңертең көзімізді тырнап ашқаннан БАҚ құралдарында не айтылып жатыр екен, қандай мәселе көтерілді, қандай мәселе назардан тыс қалды екен деп, оқтын-оқтын баспасөз беттерін шолып отырамыз. Халық біздің атқарған жұмыстарымызды сіздердің арқаларыңызда біліп отырады», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы.


Байқау жеті номинация бойынша өтті. Олар: БАҚ-тағы үздік мақала, ақпараттық агенттіктердегі (ғаламтор ресурстары) үздік мақала, үздік радио материал, әлеуметтік желідегі үздік мақала (блогерлер материалдары), үздік фотоматериал, үздік вайн және үздік телевизиялық сюжет.


Сонымен бұл байқауда «Үздік газет мақаласы» категориясы бойынша «Алматы ақшамы» газетінің бөлім меңгерушісі Ермек Жұмахметұлы мен «Түркістан» газетінің тілшісі Көлбай Адырбекұлы жеңімпаз атанды. Ал «Үздік радиоматериал» номинациясы бойынша екі журналист – «Қазақ радиосының» редактор-жүргізушісі Мөлдір Жанбаева мен NS радиосының» жүргізушісі Әсет Рахманбердиев жүлдені өзара бөлісті. «Алматы» телеарнасының Меншікті өндіріс департаментінің директоры Дана Бақтығалиева «Үздік телевизиялық сюжет» номинациясын жеңіп алды. «Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым» жүлдесін алматылық домбырашы Андрей Фендриков жеңіп алса, Ғалым Омарханов пен Қаншайым Байдәулет интернет-ресурстарда үздік материалдар жариялаған. Демек, қос журналисіміз «Ақпараттық агенттіктер ленталарында жарияланған үздік жарияланым (интернет-ресурстар)» бойынша жеңімпаз атанды. Айдын Ысқақовтың жұмыстары үздік фотоматериалдар деп танылды. «Үздік вайн» номинациясы бойынша Ілияс Бейсенбек, Жансерік Қадырбаев, Бегәлі Жәкеновтер жеңімпаз атанды.





 




Көрілген: 373    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.06.2018, 21:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30