Мәселе

Алматы барахолкасында тыңшыларға арналған қалам мен техника сатқан ер адам сотталды

  • Алматы барахолкасында тыңшыларға арналған қалам мен техника сатқан ер адам сотталды

    Алматы барахолкасында тыңшыларға арналған қалам мен техника сатқан ер адам сотталды

Алматыда барахолка сатушысы видеокамераларды сағат, қалам және оттық түрінде сатқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының Жетісу аудандық № 2 сотының үкіміне сәйкес, ер адам техникалық құралдардың барлығын заңсыз түрде сатып алған. Ер адамнан 19 видеокамера тәркіленді. Оның ішінде винт түріндегі 1 видеокамера; аудио, видеоқұрылғылар - GSM арқылы мәлімет жібере алатын 5 құрал; камерасы бар екі қаламсап; видеокамерасы бар үстелге қоюға болатын екі электрондық сағат; камерасы бар ер адамдарға арналған сағат (...). Ер адам заңсыз сатып алынған тауарлардың барлығын базарда сатып тұрған. Оны 2017 жылдың күзінде Алматы қалалық МКД Экономикалық тергеу комитетінің қызметкерлері ұстаған. Ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 399-бабының 1-бөлігі бойынша ("Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану") сотқа дейінгі тергеу басталған болатын. Сотта ер адам кінәсін мойындап, өз әрекетіне өкініп, енді мұның қайталанбайтынын айтты. Соттан жазаламауды сұрады. Сот оны айыпты деп танып, 500 айлық есептік көрсеткіш (1 134 500 теңге) көлемінде айыппұл салды. Ал техниканың барлығы судьяның шешімі бойынша жойылатын болады.

 




Көрілген: 609    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.02.2018, 19:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30