Алматы облысында 10 сынып оқушысы жүкті болып қалған

Алматы облысында 10 сынып оқушысы жүкті болып қалған

Алматы облысында 10 сынып оқушысы жүкті болып қалған. Жеткіншек оқитын Жамбыл ауданына қарасты, Қарақыстақ ауылындағы мектеп директоры, ана болуға әлден әзірленген оқушының таяуда некесі қиылатынын айтып отыр. Жағымсыз жаңалық жақпаған ауылдағы ата-аналар болса, дәл осы білім ордасында білім де саудаға салынды дегенді айтады. Сол өңірден Ирина Советжанқызы.

Алматы облысы, Қарақыстақ ауылындағы шағын ғана мектепте баласы оқитын ата-аналар алаңдаулы. Жаңа оқу жылы жағымсыз жаңалықпен басталды дейді. Қазақы тәрбиемен ағайын болып араласатын ауыл үйдің адамдары естіген бұл ақпараттарын сыбырлап қана айтады. Сол себепті сауалды мектеп директорына төтесінен қойдық.

ХАМИТ ЕСПАЕВ, Сүйінбай атындағы орта мектеп директоры:

— Иә, 10 сыныпқа көшкен оқушымыз бес жарым айлық емес, 12 апталық жүктілік. Оны біз растаймыз. Енді мектеп оқушысы некесін қияды. Неке туралы заңда сондай бап бар. Егер жүктілікпен ауыратын болса деген.

Мектеп басшылығы басқа балалардың тәрбиесіне әсер етпесін деп, аяғы ауыр оқушысын сырттай оқытуымыз мүмкін дейді. Ал, ауылдастарынан қысылып, жүзін жасырған ата-ана болса, бұл мектептегі оқушының ғана емес, ұстаздың да тәрбиесін түзеу керек деген пікірде. Айтуынша, биыл мектепті үздік бітірсе де қызының қолына қызыл аттестат бұйырмаған. Есесіне, өзгелер «білімді сатып алды» - дейді.

Ата-ана:

— Екі төрттің оқушысы биыл оқу жылын аяқтағанда, қызыл аттестат алып кетті. Ал беске аяқтаған менің қызым қызыл аттестат алмады. Себебі мен ақша бермедім.

Сондай-ақ ата-ана, 11 сынып бітірген 12 оқушы емтиханнан алған бағасын түзетті. Оны дәлелдейтін құжаттарым да бар дейді. Бірақ Жамбыл аудандық прокуратурасы шағымымды қабылдамады деп отыр. Алайда, мектеп басшысы бұл деректі жоққа шығарды.

ХАМИТ ЕСПАЕВ, Сүйінбай атындағы орта мектеп директоры:

— Ешкім саудаға салынған жоқ. Балалар өз білімімен дәлелдеп, қызыл аттестат алды. Екі оқушымыз қызыл аттестат алды.

Яғни «Білім саудаға салынды деген» ата-ананың шағымын мектеп директоры негізсіз деп отыр. Ал, ауылдастарынан қысылып, жүзін жасырған ата-ана болса, шағымын дәлелдемек ниетте құзырлы органға шағымданамын дейді.

31.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста